«АЛТЫН ҚАҚПА» ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНЫ » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » «АЛТЫН ҚАҚПА» ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНЫ


«АЛТЫН ҚАҚПА» ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНЫ

«АЛТЫН ҚАҚПА» ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНЫ

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылы

ЖББ №3 орта мектебі КММ

Математика пәні мұғалімі

Алиева Жанара Қахармановна

« Алтын қақпа » танымдық ойыны

Мақсаты:1.Оқушылардың математика пәні бойынша танымын, ұғымын

арттыру, байыту.

Математикалық терминдердің мағынасын аша отырып, оқушы-

лардың есеп шығару дағдыларын шыңдау.

2.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын ояту,

ойын арқылы оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, ұлт

жандылыққа, тапқырлыққа, ойшылдыққа тәрбиелеу.

3. Ойын арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту, ойлау қабілет-

терін арттыру, бұрынғы математикалық ұғым- түсініктерін жаңа

ұғымдармен толықтыру, оны одан әрі дамыту.

Түрі: Сайыс.

Әдісі:Ой қозғау әдісі.

Көрнекілігі:1)Үш қақпа: тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа;

2) Математикалық мазмұнды нақыл, даналық сөздер.

3)№1, №2, №3 ( портреттік номерлер).

4) Алтын сандық.

5) Карточкалар, тақта, бор, сызғыш, циркуль, транспортир.

Барысы:І.Ұйымдастыру.

Ойынға қатысушыларға номерлер беріледі. Ойын өтетін бөлме безен-

діріледі.(шар, көрнекіліктерімен);

ІІ. Негізгі бөлім: Ойын сұрақ қойылып, соған жауап берген оқушының

ортаға шығуымен басталады. Одан соң үш сұрақ қойылып, оған дұрыс

жауап алынуымен сәйкес үш қақпа ашылады. Жауап берген оқушы алтын

сандықтың ішіндегі сый-сияпатқа ие болады.

І- кезең:Сіздерді бұл ойынға шақырамыз,

Есептеп басыңызды қатырмаңыз,

Математика әлемін ұғындырып,

Аз да болса білімді толтырамыз.

Қатысыңыздар, қолдаңыздар!

Ойыннан шет қалмаңыздар.

Ойнаңыздар, ойлаңыздар,

Жайбарақат болмаңыздар!

Жалпыға сұрақ:„Елі " дегеніміз не?

Тас қақпаның есебі:1.Қолда он саусақ бар, ал он қолда неше саусақ бар? (5 )

2.Үштен бірі 125-ке тең санды тап.; (375).

3.3. Бір жарым қарбыз 15 теңге тұрады, он қарбыз неше

теңге тұрады? (100).

Күміс қақпа сұрағы:Күміс қақпа – біреулер үшін ырыс қақпа, біреулер үшін

тыныш қақпа.

1.Асқар ойлаған санын 2,5 есе кемітіп, нәтижесінен

18,25 санын азайтқанда 13,95 саны шықты. Асқар қандай

сан ойлады? (80,25).

2.Орам сымды әрқайсысының ұзындығы 6,35 см –ден 4 бөлік-

ке бөлді. Орамдағы сымның алғашқы ұзындығын тап? (25,4).

3.3.Тоқыма станогында 1 сағатта 3,45 м мата тоқылады. Бір

тоқымашы қатарынан 6 станокта жұмыс істесе 7 сағатта

неше метр мата тоқиды? (144,9м ).

Алтын қақпа есебі: „Өнерағып жатқан бұлақ,

Білім – жанып тұрған шырақ!"

1).5х²+14x-3=0

2). 7x²+6x-1=0

3). 7x²+8x+1=0

Жауабы: (-3;5), (0;2), (0;3).

 

Алтын сандық есебі: „Білікті бірді, білімді мыңды жығады."

1).3x+17x-х²=x²-1

4 10 8

 

2).x²+3x+х-3x²=2x

2 8

3).х(3-x)+ х (2x -1) = х

2 6

Жауабы: (1; -11 ) , (1; -3 ), ( –1 ; -1 ).

6 6 5 7

ІІ- кезең: "Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір- бірімен жатқан шулап, жалғасып

Бір-бірімен жатқан тулап, арбасып.

О, толқындар, арпалысып алға шық,"- деп Т. Айбергенов жырлаған-

дай өмірдің өзі сайыс. Сайысатын, әрине, жас толқын- өрендер.

Жалпыға сұрақ: 1) Жүзге дейінгі сандарды сандарды жазу үшін 9 санын неше

рет қолданамыз. (20)

2)Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз

өгіз сойып құрбан еткен кім? ( Пифагор).

3) Математика каролі кім? (Карл Гаусс).

Тас қақпанының сұрағы: 1.Түбір табуға кері амал не деп аталады?(дәрежелеу).

2.Санның керісінің керісі неге тең? (санның өзіне)

3.Санның 100-ден бір бөлігі? (процент).

Күміс қақпаның сұрағы: 1. Дүкенге 20т. картоп әкеліп 2 бункерге бөлді.1-ші

бункерге 2-ге қарағанда 4 есе көп картоп кетеді. Әр

бункерде қанша картоптан бар? (1-де -16т, 2-де-4т).

2.Бір тауар 23 теңге тұрады. Сатып алушыда тек 3 теңге-

ліктер, ал кассирде тек 5 теңгеліктер бар. Ешбір теңге-

ұсақтамай-ақ кассир мен сатып алушы қалай есептеледі?

3.Кассир 5 теңгеліктер мен 10 теңгелікден неше тәсілмен

60 теңгені қайтарып береді?

Көрермендерге сұрақтар:

Қазақтың қара есептері:

1.Бөлтірік шешен.

Ауылдас бір адам Бөлтірік шешенге келіп, түн ортасында

бір адам үй тұсына келіп, „кім бар-ау,құдайы қонақпыз"-

деді. -Нешеусіңдер?- деп едім, „үшеуміз" деп, үшеу бол-

саң басқа үйге барып қон деп едім, кетіп қалды.Ертеңіне

білдім, ит ерткен бір-ақ адам екен. Үшеуміз дегені несі?

(Ит ерткен аттылы адам-деп жауап беріпті Бөлтірік шешен:

-Өзіме бір аяқ ас, атыма бір бау шөп, итіме сүйемдей сүйек

керек дегені екен деп түсіндіріпті.)

2.Өрістегі жылқы.

Барлық жылқының үштен бірін және екеуі бөлініп алын-

ды.Қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда

өрісте 5 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды? (18).

3.Қыңырдың жасы.

Есепке жүйрік бір кісі Қыңырдан:- жасың нешеде?-деп

сұрапты. Сонда ол: – Менің 3 жылдан кейінгі жасымды

3 еселеңіз, содан бұрынғы жасымды 3 еселеңіз. Алғашқы

көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің

жасымды табасыз – деген екен. Сонда Қыңырдың жасы

нешеде? (3( х+3)-3(х-3)=18 ).

Алтын қақпа сұрағы: Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес.

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

1.Математикада координат жазықтығын тұңғыш қолданған

кім? Рене Декард.

2.Қазақстандағы Республикалық физика –математика

мектебі кімнің атымен аталады? О. Жәутіков.

3.„Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін -математика" кімнің

сөзі? М.В. Ломоносов.

Асыл тастан,

Өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса,

Халық сөзі

Әрқашанда нанымды.

Алтын сандық сұрағы:Алдыңғы шықпаған 2 есептің бірі беріледі.

 

ІІІ.Танымдық ойынды қорытындылау. ( Жүлдегерді атап және оларды марапаттау).

 

Автор: dauke | 17-10-2016, 22:01
Қарау саны: 200
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :