» » » МАТЕМАТИКА САБАҒЫН ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІМЕН КІРІКТІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ


МАТЕМАТИКА САБАҒЫН ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІМЕН КІРІКТІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ

МАТЕМАТИКА САБАҒЫН ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІМЕН КІРІКТІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ
«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» С.А.Назарбаева
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Және заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне назар аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту - заман талабы. Рухани бай тұлғаны қалыптастыру деп аталатын жалпы адамзаттық мәселе, Қазақстан үшін ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр. Бүкіл әлем жұртшылығы сияқты жаңа мыңжылдықта білім беру міндеттерін шешуге кіріскен Қазақстан әрі заман рухына, әрі өз халқының діліне сай келетін ұлттық білім беру үлгісін іздестіруде.
Қайырымдылық, адалдық, ізеттілік, мейірімділік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін оқушылар бойына сіңіре білу біздің парызымыз.Қоғам педагогтің кәсіби білімімен қатар жеке тұлғалық қасиеттеріне ерекше талап қояды. Өйткені, педагог өзі оқытып, тәрбиелеген шәкірттер үшін жауапкершіліктің біраз бөлігін өзіне алады.Ендеше, олардың тағдырына немқұрайлы, қалай болса солай қарауға мұғалімнің әуел бастан моральдық құқы жоқ. Сол себептен де шәкірттердің бойындағы адамгершіліктің төмен болуын педагогикалық қателіктің салдары деуімізге болады.
Ш. А. Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілікті дамыта алмайды..» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта отырып, оқытуда ұстазға қойылатын талаптың маңыздылығын байқауға болады.
Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту.
Сондықтан өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен қатар әр пәннің өзіндік мақсаты мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де қамтамасыз етеді. Сол себепті үздіксіз білім беру жүйесін тұтас қамтитын және болашақ 12 жылдық білім беру жүйесіне негізгі пәндердің бірі ретінде ендірілгелі отырған «Өзін-өзі тану» мен басқа да пәндерді ықпалдастыру , кіріктіруді тиімді деп санауға болады.
Қазіргі кезде көп айтылып жүрген интеграция, яғни салалас пәндердің өзара ықпалдасуы, кіріктірілуі олардың мазмұндық, құрылымдық, ғылыми-теориялық, лингво-семантикалық және жалпыпедагогикалық аспектілерінің кірігуімен ерекшеленеді. Кіріктірілген пәндердің өзара байланысын төмендегідей белгілеріне қарай сипаттауға болады:
– ықпалдасу негізділігінің пәндік мазмұнға, оқыту нысаны мен әдістеріне сәйкестігі;
– білім мазмұнын сұрыптауда білім, білік дағдыларының құндылықты бағдарлы мәнділігін сақтау ұстанымының ескерілуі;
– оқушылардың компетенттілігін, тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдердің жиынтығы болуы қажет.
Пәнаралық ықпалдасудың қазіргі оқыту үдерісінде толық, жартылай және блоктік деп аталатын үш түрі ұсынылады. Салалас пәндер мазмұнындағы оқу материалдарының бір курс төңірегінде топтасуы толық ықпалдасу деп аталады. Оқу материалдарының бір тақырып аясындағы ең өзекті мәселеге топтасуы жартылай ықпалдасуды білдіреді. Ал блоктік ықпалдасу дегеніміз жалпы білім беру бағдарламаларының жеке пәндік бағдарламалармен ұштастырылуы.
Қай пән болмасын кіріктірілген сипатта қызмет ете алатындықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзге пәндермен ықпалдастыруда пәнаралық, пәнішілік байланыстар мен оқушының іс-әрекеттік қызметін арттыруға баса назар аударылады. «Өзін-өзі тану» білімін басқа пәндермен кіріктіру –бұл білімді жандандыру, рухани –адамгершілікті бойға дарыту, жалпы адамгершілік қасиеттер негізінде барлық пәндердің жиынтығы. Басқа сөзбен айтқанда, біз нені үйретеміз, соның бәрі білімнің түп қазығы бола отырып, өмірлік құндылыққа айналуы тиіс.
Мұғалім өз пәні арқылы оқушыларды қалай рухтандырады ? Мұғалім немен шабыттанады? Бұл сұраққа жауап беруде мен рухани-адамгершілік құндылықтарды әрбір пәнмен кіріктіру мысалдарымен бөліскім келеді, яғни математика сабағында қалай жүзеге асырамын? Мына екі суретке назар аударыңыздар: екеуінде де күн, тал, адам және кірпі бейнеленген. Бірақ, бірінші суретте олар бір-бірімен байланыссыз және қозғалыссыз. Ал, екінші суретте Күн тал мен адамға сәулесін шашып тұр, адам талды суарып және кірпіге қолын созып тұр. Бұл суреттер арқылы кең мағынаны түсіндіруге болады:
1-сурет, бұл бір-бірімен байланыссыз, қозғалыссыз, тіршіліксіз фрагменттерге бөлінген әлем. Дәл солай, білім жүйесіндегі әлемді осылай сипаттайды: бір-бірімен , өмірмен байланыстан тыс, барлығы абстрактілі. Математика жеке, физика жеке, биология жеке, өмір, махаббат, жақсылық, бір-біріне көмектесу- барлығы да байланыссыз.
2-сурет-бұл біртұтас тірі, қайырымды және сүйіспеншіліке толы әлем. Білім үрдісінде біздің балаларымыз әлемнің дәл осындай көрінісін танығысы келеді. Олар бір-бірінің қарым-қатынасында және іс-әрекетінде осындай барлығы бір-бірімен байланысты, бірлікте, махаббатта нақты білім күтеді.
Мысалы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамы¬ту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады. Бұл математиканың тікелей мақсаты болмағанымен, оның тәрбиелік аспектісінің бір бөлшегі. Түптеп келгенде, бұл оқыту үрдісіндегі барлық пәнге ортақ міндет. Алайда, әр пәннің өзіндік ерекшелігіне орай бұл мақсат әр қырынан қиюласқанда ғана қисынын табады. Сондықтан пәнаралық ықпалдастыруды, кіріктіруді әр пәннің мазмұндық ерекшеліктеріне орай ойластыру қажет.Бірнеше мысалдар келтірейін.
1-мысал: Ерлан 20 кг көтере алады. Серік 25кг, Жәнібек 30кг көтере алады. Егер олар біріксе және бір-біріне көмектессе қанша кг көтере алады?
Мұнда бірлік туралы, топтардың бірлескен жұмысы туралы айтуға болады.
2-мысал: Менің ата анам маған үнемі қамқор болады.Олар үйге 32 алма әкелді.Одан кейін маған 7 досым келді. Ата-аналарым маған әрқашан достарыммен бөлісуді үйреткені есіме түсіп, мен алмаларды достарыммен бөлісуді жөн көрдім. Алмалардың саны бірдей болатындай етіп, әрқайсысына қанша алмадан бөлісе алады?
Есепті талдау барысында басқаларға берген сияқты ата-аналарға да сонша алма қалдыру керек екендігін айтқан балаларды қолдау керек.Ата-аналары балаларын ойлағандай балалар да ата-аналарын ойлау керектігі жайында әңгімелесуге болады.
3-мысал: 5- сыныптың 23 оқушысы мектептің вахтері -Лена апайдың больницаға түсіп қалғанын және оның не туғандары, не жақындары жоқ екенін білді. Сондықтан олар оған баруға шешім қабылдады және жемістер сатып алу үшін барлығы бірдей етіп ақша жинамақшы болды. Жемістер 1200тг болды. Сынып лидері бұл ақшаны барлығына тең бөле алмайтынын , сондықтан өзі басқалардан сәл артықтау төлейтінін ойлады. Әр оқушы қаншадан төледі? Лидер қанша төледі?
Бұл терең мағыналы қалдықпен бөлуге арналған тапсырма. Бұл мысалдан кейін оқушылармен адамдарға көмектесудің маңыздылығы туралы және сыныптағы нағыз лидер туралы әңгімелесуге болады.
4-мысал:Геометрия пәні бойынша: Кесінді- екі түзу арасындағы ең жақын ара қашықтық. Түзу сызық бізді қойған мақсаттарымызға тура, бұрылыссыз жүруге үйретеді. Біз таңдаған жолымыздан басқалардың тайдыруына жол бермейміз.
5-мысал: Теңдеуді екі тәсілмен шеш: 2(x+11,3)=54,2
Нәтижеде бірдей жауап алынады. Бұдан: әр түрлі жол бір ғана ақиқатқа әкеледі. Менің жолым дұрыс, ал сенікі дұрыс емес деп айтуға болмайды. Әр адамның өз жолы болады. Біз бір-бірімізге төзімді және басқаның жолын қадірлеуге тиіспіз.
6-мысал: у=кх сызықтық функция . Х- сенім, У- достық .Сенім артқан сайын достық та артады. Егер х=0 болса , онда у=0, яғни сенім жоқ жерде достық та жоқ.
7-мысал: Шеңбер. Егер біз шеңбер бойымен қозғалсақ, онда ешқашан соңына жете алмаймыз. Мысалы, біреу сені ренжітті, қайтарымына сен де оны ренжіттің. Сонда шығатын жолы жоқ, реніштің тұйықталған шеңбері пайда болды. Реніш болған кезде бізге кешірімді болу және ренішті ұмыту керек. Сонда шырғалаң шеңбер жарылады және біз одан ары қарай бақытты боламыз
8-мысал: Туынды . Мұнда - сыртқы өмір, сонда оның туындысы - ішкі өмір, яғни сыртқы өмір ішкі өмірдің туындысы. Мына теореманы алайық: Егер нүктесінде болса, онда осы нүктеде функциясы өспелі. Яғни, егер берілген уақытта біздің амалдарымызды + таңбасымен бағалауға болса, онда адам өмірде үлкен бақыт және бейбітшілік табады. жайлы керісінше айтуға болады. Дифференциялдау математикада өмірдегі жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның айырмашылықтарына ұқсас келеді.
9-мысал: анықталған интеграл - бұл функцияның берілген кесіндідегі барлық мәндерінің қосындысы. Өмірде, біз белгілі бір уақыт аралығында біздің барлық іс-әрекеттерімізді интегралдай аламыз. Егер нәтиже 0 болса, біздің өміріміз дамығанын, алға жылжығанын көрсетеді. Егер нәтиже 0 болса, онда керісінше. Интегралдау –қандай да бір уақыт аралығындағы өзіндік талдаумен парапар(ұқсас). Осындай өзіндік тексеруді күнделікті жасаған абзал.
10-Мысал: Барлық сандар бірнеше бірліктердің қосындысынан тұрады:
2=1+1
3= 1+1+1...
N- натурал сандар жиыны.
Z- бүтін сандар жиыны (оң және теріс )
Q –Рационал сандар жиыны, оны түрінде жазамыз, мұндағы p- бүтін, g –натурал сандар. Тағы да оны шектеулі және шектеусіз ондық бөлшек түрінде жазуға болады:
4,315212121...= 4,315(21)
R- нақты сандар: т.б.- рационал және ирационал сандардың бірігуі.
Бір қызығы, барлық сандар шектеусіз бірліктерден және оларды қосу, бөлу, түбір табудан т.б. амалдардан құрастырылады. Мұнда, ғылымда және өмірде ынтымақтастық, тұтастық қағидатын қалай көрсетуге болады? Егер біз сандар құрылымының бірегей бастамасын байқасақ, онда бізге ары қарай алгебраны оқуға және түсінуге жеңіл болады, біз қатені аз жібереміз және көбірек есепті дұрыс шығарамыз. Өмірде де солай: егер де біз алуантүрліліктің бірлігін көре алсақ, онда бізге өмір сүру жеңіл, өмірлік есептерді көбірек дұрыс шығаратын және аз қателесетін боламыз.
Барлық сандар бірліктерден тұрады.
Барлық материалдық нысандар атомдардан тұрады.
Барлық органикалық құрылымдар жасушалардан тұрады.
Жер бетіндегі барлық адамдар жүрегінде махаббат,ар-ұят, мейірімділік,
аяушылық бар – мұның бәрі рухани –адамгершілік құндылықтар. Барлық адамдар ағайынды.
11- мысал: Әрбір санның өзінің мағынасы бар. 1-бірлік пен бастамалар символы. Нөлдің алдында бір тұрғанда ғана мағынасы бар: 10, 100, 1000 т.б. 2- қарама-қарсылықтың символы: жоғары-төмен, басы- соңы, плюс- минус. 5- адам құндылықтарының символы: қолдың бес саусағы, бес сезім мүшесі, мектептегі жоғары баға. Бес санының жолдауы:
1.Жамандыққа қарама- жақсылыққа қара
2.Жамандықты тыңдама- жақсылықты тыңда
3.Жамандық туралы айтпа- жақсылық туралы айт.
4.жамандықты бойыңа сіңірме- жақсылықты бойыңа сіңір.
5.Жамандық жасама- жақсылық жаса.
12-мысал: 9-мәңгіліктің және өзгермейтіндіктің символы. Яғни, 9 санының еселіктерінің цифрларының қосындысы да тоғыз.1 8, 1+8 = 9
27, 2+7=9, т.б. Егер 9-ға 1-ді қоссақ 10. Яғни өзгермейтін біртұтастықтың бастамасын байқауға көмектеседі. Біздің ойымыз тыныш болса, бізге алуан түрліліктің бірлігін, ынтымақтастығын байқауға болады.
Қорытындылай келе жас өспірімдердің рухани-адамгершілігін дамыту үшін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру кезінде баланың жан дүниесін түсіне білу, талап тілегімен санаса білу, оларға жылы шыраймен қарау, өз ойларын айтуға жағдай жасау, әр баланы тыңдай білу, өзінің қажеттілігі мен құндылығын сезе білу, өзінің ерекшелігі мен қайталанбастығын сезе білу, өзінің қабілетіне, күші мен мүмкіндігіне сену, өз ойын дәлелдей білу, бәрін жақсы үлгере білу, саналы тәуекелге дайын болу, айналадағы адамдармен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынаста болу, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі қорғай білу, мұғалімдердің баланың ішкі жан дүниесін дұрыс сезініп, өз баласындай жақсы көре білуі сияқты адамгершілік қасиеттерді өзін-өзі тану пәнін басқа пәндермен кіріктіре отырып, әр сабақта көрініс табуы керек.
Әдебиеттер:
1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы:
2. Назарбаева С.А. Этика жизни- Алматы,2001-21-22беттер.
3. Өзін-өзі тану оқу құралы. Алматы,2005 ж
4. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. «Самопознание» и другие учебные предметы: возможности интеграции содержания и методов обучения. Алматы. «Бөбек» 2013

Автор: admin | 19-01-2017, 09:57
Қарау саны: 1962
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :