Натурал сандарды көбейту және бөлу » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Натурал сандарды көбейту және бөлу


Натурал сандарды көбейту және бөлу

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты:
1. Біліміділік: Көбейту және бөлуге байланысты компонентттерін олардың қасиеттері туралы білімдерінің, көптаңбалы сандарды көбейту және бөлу бойынша біліктерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық қызуғышылықтарын арттыру, шығармашылық қабілетін ояту,білік дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелілік: Өз бетінше ізденуге, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ДЖЕКСО, бағдаршам әдісі
Көрнекілігі: амалдар (кестелер), үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
-Оқушыларды топқа бөлу
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
- Терең де тиянақты білім беру, келешекте қол жеткізуді көздеген нәтиже.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. Топтарға бөліп беру.
а санын натурал в санына көбейту дегеніміз - әрқайсысы а-ға тең в қосылғыштардың қосындысын табу деген сөз.
а⋅в өрнегі а және в сандарының көбейтіндісі деп аталады. Мұндағы а және в көбейткіштер деп аталады. Мысалы, 7⋅4 көбейтіндісі 28-ге тең.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: Екі санның көбейтіндісі көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан өзгермейді. ав=ва

Көбейтудің терімділік қасиеті: Бір санды екі санның көбейтіндісіне көбейту үшін ол санды әуелі бірінші көбейткішке көбейтіп, онан шыққан көбейтіндіні екініші көбейткішке көбейту керек.
Көбейтінді және көбейткіштердің біреуі арқылы екінші көбейткішті табу үшін қолданылатын амал бөлу амалы деп аталады. Жазылуы: 48:4=12.
Бөлінетін сан бөлінгіш деп, оны бөлетін сан бөлгіш деп, бөлудің нәтижесі бөлінді деп аталады.
Ешбір санды нөлге бөлуге болмайды.
1. Кез келген санды 1-ге бөлгенде сол санның өзі шығады.
2. Санды өзіне бөлгенде 1 шығады.
3. Нөлді санға бөлгенде нөл шығады.
4х=144 теңден шешейік. х=144:4, х=36.

4. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
- Бір натурал санды екінші натурал санға көбейту дегеніміз не?
- Көбейту амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қандай жағдайларда көбейту белгісін жазбауға болады ?
- Белгісіз көбейткішті табу үшін қандай амал қолданылады ?
- Белгісіз бөлінгішті қалай табуға болады ?
- Белгісіз бөлгішіті қалай табуға болады ?

5.Сабақты бекіту. 1-топқа,№85 2-топқа №86, 3-топқа №87
№85.
1)846⋅8
2) 615⋅5
3) 6004⋅2
4)1983⋅9

№86.
1) 5т 508кг⋅3;
2) 4⋅5км 623 м;
3)152 м 52мм∶3
4) 16 ц 38 кг: 6;
5) 1 сағ 20 мин ⋅ 5;
6)5сағ28мин⋅3.
№87. Мектепке бірде бағамен қазақ батырларының 6 портреті және қазақ билерінің 4 портреті сатып алынды. Оларға 1960 теңге төленді. 1 портрет неше теңге тұрады? 6 портрет ше? 4 портрет ше?
Шешуі: 6+4=10 1960∶10=196
196⋅4=784 196⋅6=1176
Жауабы: 1 портрет 196 тг, 4 портрет 784 тг, 6 портрет 1176 тг.
№88. Әжесі немерелеріне 4 жәшік, ал жиендеріне дәл сондай 3 жәшік, барлығы 42 кг жеміс жіберді. Әжесі немерелеріне неше килограмм және жиендеріне неше килограмм жеміс жіберді?
Шешуі:
4х+3х=42
7х=42
х=42/7 х=6
4х=4⋅6=24
3х=3⋅6=18

Жауабы: немерелеріне 24 кг, жиендеріне 18 кг жеміс жіберді.
№90. 12 т нан дүкендерге жөнелтілді. Бір дүкенге 2070 кг, екіншісіне одан 3 есе артық, ал қалғаны үшінші дүкенге жіберілді. Үшініші дүкенге қанша килограмм нан түсті?
Шешуі:
2070⋅3=6212
2070+6212=8250
12000-8250=3720
Жауабы: 3720 кг нан түсті.
Сабақты қорытындылау,бағалау рефлекция.
6. Үйге тапсырма: №91, №92, №93 есептер.
Автор: dauke | 4-04-2015, 21:01
Қарау саны: 1547
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :