ҚМЖ алгебра » Қазақша білім сайты
Жарнама



ҚМЖ алгебра

Сабақтың аты Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары

Сілтеме Жоспар Алгебра оқулығы
Жалпы мақсаты а) Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары туралы ақпарат беру.
б) Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары н қолдануға үйрету.


Күтілетін нәтиже а) Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары туралы ақпарат беретін болады.
б) Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары н қолдануды үйренеді.


Негізгі идеялар Оқушылар тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалар жұмыс жасаумен танысады. Топтық, жұптық және жекелеген тапсырмаларды орындап, олар математика пәнінен есептер шығаруды қалыптастырады. 
Тапсырмалар Кім жылдам
топтық жұмыс "Құндылықтар спектрі" 
Жұптық жұмыс «Пилот-Штурман»
жеке жұмыс "Блум таксономиясы"
Ыстық орындық
Кері байланыс

Сабақ барысы
Уақыт Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Ресурстар
Ұйым
дастыру
3мин
Кіріспе Сәлемдесу. Топтық жұмысқа оқушыларды бейімдеу. Топ ережесін еске түсіру.Сыныпты топқа бөлу.
Синус, косинус, тангенс сөздері арқылы үш топқа бөлінеді
1-Синустар тобы
2-Косинустар тобы
3-Тангенстертобы


Оқушыларды топтық жұмысқа тарту.
Тұсау
кесер 
2мин Оқушыларды сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
ІІ.Кім жылдам 2мин
1. Аргументтері әр түрлі синустар мен косинустардың қосындысын және айырымын көбейтіндіге жіктеудің мақсаты неде?
2. Аргументтері әр түрлі синустар мен косинустардың қосындысын және айырымын көбейтіндіге қалай келтіруге болады?
3. Ctga+Ctgb формулаларын қорытып шығарыңдар?
4. Мысал келтір? 

Мадақтау жылы шырай таныту арқылы формативті бағаланады. Оқушылар жұмыс парағына күннің реті мен сабақтың тақырыбын жазып алады.
Интер. тақта 
Негізгі бөлім

35 мин 

ІІІ. Топтық жұмыс. 15мин «Құндылықтар спектрі» Әр топқа тапсырмалар беру арқылы 
1-топ 1және 2 формуланы қорытып шығару

2-топ 3 және 4 формуланы қорытып шығару
3-топ 5және 6 формуланы қорытып шығару
Бағалау. (Бақылау парақшасы арқылы бағаланады,
( топ баяндамашыларын тыңдау). 
ІҮ.Сергіту сәті: «Әуенде билету» 2 мин

Ү. « Пилот- Штурман» 10 мин
№395 Тригонометриялық өрнекті көбейтінді түрінде жазыңдар: 
1) Sin2x+sin6x=2sin4x•cos2x
2) Sin15º-sin25º=cos20º•sin(-5º)
3) Sin3ß+sin5ß=2sin4ß•cosß
4) Cos13a-cos5a=-2sin9a•sin4a
5) Cos78º+cos18º= cos48º
№399 Өрнекті ықшамдаңдар: 
1. Sin55º-sin35º/cos55º+cos35º=tg10º
2. Cos20º-cos140º/ Cos20º+cos140º= tg80º
3. Sin37º+sin23º/ Sin37º-sin23º=сtg7º
4. Cos25º-cos85º/ Cos25º+cos85º=

ҮІ.Жеке жұмыс Блум Таксономиясы. 
8 мин
Білу: Аргументтері әр түрлі синус пен косинустың айырымын немесе қосындысын көбейтіндіге қалай келтіруге болады ?
Түсіну: sina+sinß=
Sina-sinß=
Қолдану: Өрнекті көбейтінді түрінде жазыңдар:
sin3ß+sin5ß=
Талдау: sin2x+cos4x=
Жинақтау: Өрнектің мәнін табыңдар:
А)соs23º+cos2117+cos2123º=
Бағалау: Тригонометриялық функциялардың адам өміріндегі маңызы. бойынша топтық жұмысты орындау.
1-топ:Синустардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формуласын, қорғайды.
2-топ: косинустардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формуласын қорғайды.
3-топ: Тангенстердің қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формуласын қолданады.

Оқушылар жеке-жеке жұмыс парағына өз ойларын түсіреді, топ басшысы іріктей отырып, ең құндысын, үздігін қорғауға ұсынады.
Бақылаушы бағалау парағы арқылы формативті бағалауды жүзеге асырады (2 жұлдыз, 1 тілек)

Жұптарда өзара бірін бірі бағалайды.

Оқушылар жеке жұмыс орындау арқылы өзін өзі бағалайды. 

жұмыс парағы

Плакаттар
Кітаптар

үлестірмелер
Қорытынды бөлім 4мин ҮІІ .Ыстық орындық әдісі арқылы 2 мин сабақты қорытындылау. Ыстық орындыққа отырып , жауап береді.
Бірнеше сұрақтар қойылады соған жауап береді.

«Сабақтан алған әсерім» 
ҮІІІ. Кері байланыс "Екі түрлі түсініктеме" (2 минут)
Оқушыларға парақтар таратылып беріледі.
Не ұнады?
Несімен ұнады?

Не қиын болды?

Қиындықты қалай еңсердім?

Оқушылар бірнеше сұрақтар қояды

Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында алған әсерлерімен бөліседі, ұсыныс тастайды. 

Кері байланыс
Үйге тапсырма 1мин
Үйге тапсырма: №398 оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, түсінбеген тапсырманы сұрайды

№207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі

Тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары

Сыныбы9
Пән мұғалімі: Нурекеева Роза
Пәні: Алгебра










Ілмек сөздер: Алгебра, кмж
Автор: rozita | 28-04-2015, 16:54
Қарау саны: 1343
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :