Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу


Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: жаңа сабақты түсіндіру арқылы көпмүше туралы алған білімдерін арттыру.
2) Дамытушылық: оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге дағдыландыру.
3) Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың типі: аралас.
Әдіс-тәсіл: түсіндірмелі.
Көрнекілігі: мультимедиялық тақта.

1. Ұйымдастыру кезеңі: (Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсатымен таныстыру).

3. Үй тапсырмасын қорытындылау (сәйкестендіру арқылы).

көпмүше

бірмүшені көпмүшеге көбейту

көпмүшені көпмүшеге көбейту

ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

бірмүше

4) Жаңа сабаққа көшу. көпмүшесін көбейткіштерге жіктейік. Бұл көпмүшені барлық қосылғыштарының ортақ көбейткіштерін жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу мүмкін емес, себебі бұл қосылғыштардың барлығына ортақ көбейткіш жоқ. Мұндай жағдайларда көпмүшенің ортақ көбейткіштері бар мүшелерін топтайды: және әрбір топтағы ортақ көбейткіштерді жақша сыртына шығарады: алынған өрнекте екімүшесі ортақ көбейткіш болады. Сонда
Сонымен, Көбейткіштерге жіктеудің бұл тәсілін топтау тәсілі деп атайды.

Мысалы 1: көпмүшесін көбейткіштерге жіктейік.
Шешуі: мүшесін түріне келтіріп, берілген көпмүшені былай топтаймыз:

Мысалы 2: теңбе-теңдігін дәлелдейік.
Шешуі: Ол үшін теңбе-тең түрлендірулерді қолданады. Мұнда теңдіктің бір жақ бөлігін түрлендіру арқылы оны теңдіктің екінші жақ бөлігіне келтіреді немесе теңдіктің екі жақ бөліктерін де түрлендірулер арқылы бірдей өрнектерге келтіреді. Берілген теңбе-теңдікті дәлелдеу үшін екінші тәсілді қолданамыз:

Берілген өрнектің оң жағы да, сол жағы да бір өрнекке тең болғандықтан, бұл өрнектер өзара теңбе-тең.
Сыныпта шығарылатын есептер: №258(жұп нөмірлері), 260, 261(1).

Сергіту сәті.
1. Кім барлық тілде сөйлейді?
2. Жанұяда екі ұл және әр ұлдың екі әпкесі, бір әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?
3. Мектепке келе жатқан бес балаға қарсы жолда тағы төрт бала жолықты. Мектепке неше бала барды?
4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6- ға тең. Ол қандай сан?
5. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді?
6. Қалтам қанша?
Өзімде бар сан қалта,
Шалбарда екі жан қалта,
Арт жағында қос қалта,
Жейдеде екі төс қалта,
Пиджакта екі іш қалта,
Бір төс қалта және бар,
Сонда есепте, кәне, ал,
Менің қанша қалтам бар?
Тағы айтпақшы, пальтом бар
Онда да төрт қалтам бар.

5) Жаңа сабақты қорытындылау (есепті шешу арқылы жасырылған сөзді табу).

Көпмүшелер



1
А К Д Щ Ш Г Н
2
Р Л Л Ө А Р Д
3
З В П Ф Р Л З
4
М С Ч В Г Ш Д
5
О У Т А Ү Г Д
6
О Ц Е П М О Ш
7
И Н В Р В Е Ю

6) Үйге тапсырма: №258(тақ нөмірлері), 259, 261(2).
7) Бағалау.
Автор: Айгүл | 29-04-2015, 20:31
Қарау саны: 1364
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :