» » » Координаталары бойынша нүктелерді салу


Координаталары бойынша нүктелерді салу

Білімділігі: координаталары бойынша нүктелерді салуға есептер шығару арқылы білімдерін арттыру.
Дамытушылығы: есеп шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білім-білікті арттыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: иллюстративті, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: география пәнімен және өмірмен.
Көрнекілігі: мультимедиялық тақта, кеспе қағаздар.

Сабақ барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығы мен оқушылардың оқу құралдарына назар аудару).

2) Үй тапсырмасын тексеру:

оқулық бойынша(ауызша): №1131(1), 1132, 1133(1,4);
тест (жазбаша): №7, 8, 9, 10

3) Үй тапсырмасын қорытындылау.
Сұрақтар: 1. Қиылысатын екі түзудің неше ортақ нүктесі бар?
2. Екі түзу қилысқанда қандай бұрыштар пайда болады?
3. Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?
4. Вертикаль бұрыштардың қасиеті.
5. Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?
6. Сыбайлас бұрыштардың қасиеті.
7. Екі түзу өзара қалай орналасады?
8. Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?
9. Параллель түзулер дегеніміз не?
10. Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық дегеніміз не?
11. Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге неше параллель түзу жүргізуге болады?
12. Координаталық жазықтық дегеніміз не?

4) Жаңа сабаққа көшу: «Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу тақырыбына есептер шығару».

№1135. Координаталық жазықтықта МN кесіндісін сызып, оның ординаталар осімен қиылысу нүктесінің координаталарын жазыңдар:
2) M (-2;2); N (1;-4).

№1136. Координаталық жазықтықта төбелерінің координаталары бойынша:
1) үшбұрышты салыңдар: А (-3;-1), В (2;4) және С (6;-2).

Кеспе қағаздарын тарату ( тоқты, торпақ, егіздер, шаян, арыстан, бикеш).

Сергіту сәті. 

№1137. Координаталық жазықтықтағы АВСД квадратының үш төбесінің координаталары: А (-3;-2), В (-3;2), С (1;2) бойынша төртінші төбесі Д-ның координаталарын тауып, квадрат салыңдар.

Кеспе қағаздарын тарату ( таразы, сарышаян, мерген, тауешкі, суқұйғыш, балықтар).

5). Сабақты қорытындылау: «Сұрақ менен, жауап сізден» (сұрақтарға жауап беру).

1) Координаталық жазықтық дегеніміз не?
2) Координаталар жүйесін кім енгізді?
3) Координаталар басы дегеніміз не?
4) Нүктенің координаталары дегеніміз не?
5) Координаталық жазықтық неше ширекке бөлінеді?
6) І ширектің таңбаларын ата.
7) Егер нүктенің абциссасы нөлге тең болса, нүкте қайда орналасқаны?
8) Абциссасы мен ординатасы нөлге тең болса, нүкте қайда орналасқаны?
9) Нүкте ІІІ ширекте орналасса, координаталарының таңбалары қандай?
10) А(-4;-2) нүктесі қай ширекте жатады?
11) «Координата» сөзі қандай мағына береді?
12) Координаталар басын неге О әрпімен белгілейді?

6) Үйге тапсырма: №1135(1), 1136(2),тест: №11,12,13,14, ережелерді қайталау.

7) Бағалау.
Автор: Айгүл | 29-04-2015, 21:11
Қарау саны: 2312
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :