» » » «Генетика және медицина. Туыстық некенің жағымсыздығы»


«Генетика және медицина. Туыстық некенің жағымсыздығы»

Сабақтың тақырыбы: «Генетика және медицина. Туыстық некенің жағымсыздығы»
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: оқушыларға генетика ғылымының медицинамен тығыз байланысы, туыстық некенің жағымсыздығы туралы түсіндіру;
- дамытушылық: оқушыларға тұрлі деңгейдегі тапсырмалар бере отырып, олардың ой-өрістерін, шығармашылығын дамыту;
- тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздылыққа, жауапкершілікке, тазалыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта (слайдтар), суреттер, сызбалар
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіме-дәріс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
-оқушылармен амандасу;
-оқушыларды түгелдеу;
-оқушылардың оқу-құралдарын тексеру;
-оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау. «Мутацияларды экспериментальды жолмен алу».
Оқушылардан үй тапсырмасы «Бринг-ринг» арқылы сұралды.
І-ШИРЕК сұрақтары:
1.Мутация дегеніміз не?
2. Мутацияның түрлерін (шығу тегіне қарай) ата?
ІІ-ШИРЕК сұрақтары:
1. Мутацияларды экспериментальды жолмен ауға бола ма?
2. Мутациялық факторларды ата?
ІІІ-ШИРЕК сұрақтары:
1. Экспериментальды мутациялардың қаншалықты маңызы бар?
2. Табиғи мутация түрлерін ата?
ІV-ШИРЕК сұрақтары:
1. Мутагендерді пайдалана отырып, өсімдіктердің жаңа сорттарын ала аламыз ба?
2. Мутацияның жалпы қаншалықты маңызы бар?
Жаңа сабақты түсіндіру. «Генетика және медицина. Туыстық некенің жағымсыздығы»
Генетиканың маңызы өте жоғары. Оның зерттеу нәтижелері білімнің көптеген салаларында қолданылады.
Генетика және медицина
Тұқым қуалаудың заңдылықтары барлық тірі организмдерге, оның ішінде адамға да ортақ. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сәйкес жүреді. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының саны 4 мыңға жуық. Бұл аурулар адам жасушасындағы хромосомалар санының, құрамының, құрылысының өзгеруіне немесе гендердің өзгеруіне байланысты. Тұқым қуалайтын және туа пайда болатын аурулардың шығу себептерін анықтау, олардың алдын алу және болдырмау, емдеудің жолын қарастыру мәселелерімен медициналық генетика айналысады.
Медициналық генетика – осы заманға генетиканың адамзат үшін өте маңызды бөлімі.
Туыстық некенің тиімсіздігі. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың (немере, шөбере және т.б.) некелесуі дұрыс емес. Себебі, ондай адамдардың генотиптерінде ұқсастық болады. Ал тұқым қуалайтын аурулар мен түрлі кемістіктерді көбінесе рецессивті гендер анықтайтындығы белгілі. Олар тек рецессивті гомозигота жағдайында ғана білінеді. Туыстық некеде ондай мүмкіншілік мол болады. Сондықтан олардан туатын ұрпақта кемістік көп кездеседі. Керісінше, туыс емес ерлі-зайыптыларда ондай жағдай өте сирек кездеседі және ұрпақтың тіршілік қабілеті жоғары болады. Себебі, олар көбінесе гетерозиготалы жағдайда болатындықтан, Мендель заңына сәйкес ауру мен кемістікті анықтайтын рецессивті генді доминантты ген жеңіп кетеді. Біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан қалыптасқан дәстүр бойынша жеті атадан кейін ғана некелесуге рұқсат беріледі. Бұл біздің гендік қорымыздың мол әрі мықты болуына әсер етеді. Сондықтан мұндай дәстүрді сақтап отыруымыз қажет.
Кейбір географиялық, әлеуметтік, экономикалық және т.б. себептерге байланысты тұрғын халықтың саны кеміп, оқшауланып қалады. Адамдардың ондай шағын популяциясында амалсыздан туыстық неке көбейеді. Соның салдарынан тұқым қуалайтын кемістіктер мен сәбилердің өлімі артады. Тіпті ондай халық жер бетінен жойылып кетуі де мүмкін.

Медициналық-генетикалық кеңес
Болашақ ұрпақты тұқым қуалайтын түрлі ауыр зардаптардан сақтандыру үшін адам генетикасы мен медициналық генетикада жүргізілген зерттеулер қолданылады. Дүниеге ауру ұрпақты келтірмеу үшін ата-ананың екеуінің де дендері сау болу керек. Кейде ерлі-зайыптылардың екеуінің де дендері сау болғанымен, олардың тегінде тұқым қуалайтын ауру болса ол келесі ұрпаққа беріледі. Мысалы, жігіттің шешесі эпилепсия (қояншық) ауруымен ауырса, ал әкесі сау болса, ол жігіт эпилепсик болмайды. Себебі оның әкесінен алған доминантты гені эпилепсияны анықтайтын шешесінен алған рецессивті генді жеңіп шығады. Егер дәл осындай жағдайдағы қыз жоғарыда келтірілген жігітке тұрмысқа шықса, өздері ауру болмағанымен, олардан ауру балалар дүниеге келуі мүмкін. Себебі оларда эпилепсияның гені бар.
Жалпы ауру немесе кеміс ұрпақтың дүниеге келуі отбасы мен ата-ана үшін үлкен қайғы-қасірет. Сондықтан отбасын құратын, әсіресе, тегінде тұқым қуалайтын кемістіктер бар адамдар медициналық-генетикалық кеңес алғаны жөн. Мұндай кеңес беретін орталықтар қазір Қазақстанның көптеген қалаларында бар.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, әсіресе, судың, ауаның және азық-түліктің мутагендік және канцерогендік әсерлері бар заттармен ластанбауына соңғы кездері көп көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химиялық препараттардың және түрлі косметикалық заттардың “генетикалық залалсыздығы” мұқият тексеріледі. Сайып келгенде, мұның барлығы адамда тұқым қуалайтын кемістіктердің мөлшерін азайту мақсатында жасалады.
«Генетика және медицина. Туыстық некенің жағымсыздығы»
Жаңа сабақты бекіту. «БИОЛОГИЯЛЫҚ ЛОТО» ОЙЫНЫ.
Әр ойыншығы сандар жазылған жетондар таратылып беріледі. Сол сандар лототроннан шыққан кезде, сол шардың ішіндегі сұраққа жауап береді.
11. Генетика ғылымның қандай салаларымен байланысты?
5. Генетикалық дамудың қандай бағыттары ең маңызды?
22. Генетика және медицина ғылымдарының байланысы қандай?
6. Мутациялар адамда табиғи себептердің күшімен де тууы мүмкін бе?
13. Жақын туыстық некеге не үшін жол бермеу керек?
8. Медициналық генетика дегеніміз не?
23. Медициналық генетиканың мүмкін болатын даму жолдарын атаңдар?
1. Денсаулықтың генетикалық көрінісі дегеніміз не?
17. Қазақ халқының салты бойынша қанша атаға дейн туыстар неке құрмайды?
9. Мутацияға әкелетін факторларды атаңдар?
10. Хиросима мен Нагасаки, Чернобыль апаттарының зардабын қаншалықты болды?
2. Күшті мутагендер болып саналмайды, бірақ зиянды заттар?
20. Бейімделушілік тұқым қуалай ма?
3. Немере туыстар арасындағы некеге тікелей тиым салды?
25. ҰТЫС
Оқушыларды бағалау. Бүгінгі сабақта берілген тапсырмаларға толық жауап беріп, сабақ барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.Оқушыларға үйге тапсырмаға Генетика және медицина. Туыстық некенің жағымсыздығы тақырыбын оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазып келу.


Автор: dauke | 19-03-2015, 22:37
Қарау саны: 3978
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :