» » » К. Линнейдің эволюциялық ілімі


К. Линнейдің эволюциялық ілімі

11сынып. Биология. Бодықова Гүлшат №207 мектеп
Cабақтытың тақырыбы: К. Линнейдің эволюциялық ілімі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды К. Линнейдің эволюциялық ілім негіздерімен таныстыру.
2. Тіршіліктің жалпы заңдылықтары ж\е даму тарихы туралы дүние танымын артыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Лекция.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих. әдебиет.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту
ІV. Үйге тапсырма беру.
V.Үй тапсырмасын сұрау.
І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу.
ІІ § 6. К. Линней өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ең алғашкы жүйеленім ғылымының негізін салды. К. Линнейдін жаратылыстанушы болуына өзі оқып жүрген Лунд қаласындағы Университеттің профессоры Стобеустін үйіндегі мұражай әсер етті. Линнейді мұражайдағы кептірілген өсімдіктер, құстардың тұлыбы, ұлулардың бақалшақтары, минералдардың жинақтамалары қатты қызыктырған. Бос уакытында өзі де қаланы аралап, өсімдіктерді теріп әкеліп, әркайсысын талдап, кептірумен айналыскан. Ерінбей жасаған еңбегі организмдердің ең алғашқы жүйесін құруға кеп септігін тигізді. Өсімдіктерді жіктеу үшін құрылысы жағынан ұқсас дараларды, түрді негізге алды. Өсімдіктердің 8000-нан астам, жануарлардын 4200-ден астам түрлерін анықтады. Ұқсас түрлерді туысқа, ұқсас туыстарды отрядка, отрядтарды класқа біріктірді, К. Линнейдің жүйесіндегі ең ірі жүйелік топ — класс, ең төменгісі — түр деп аталды. Барлық өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына карай 24 класка бөлді. Гүл бөлімдеріне күлте, тозанкап, аталык жіпшесі, шірнелік, аналық жатыны, аналық аузы, гүлтабаны, гүлсағағы, гүлсерігі атауларын енгізді. Өсімдіктің түрін латын тілінде косарлы атау тізімін (бинарлы номенклатура) (туысы мен түрі) ұсынды.
К. Линней жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класка жіктеді: 1) сүтқоректілер; 2) құстар; 3) амфибиялар; 4) балықтар; 5) бунакденелілер; 6) құрттар.
КарлЛинней (1707—1778) - организмдерді алғаш рет топтастырып жүйеге келтірген швед ғалымы, жаратылыстанушы. Өсімдіктер мен жануарллрды класка, отрядка, туысқа, түрге бөлуді де бірінші болыл ұсынған. Биологияға 1000-ға жуың терминдерді енгізген. Жүйелеуде өсімдіктер мен жануарларды латын тілінде түрі мен туысын білдіретін қос атпен атауды ұсынды. «Табиғат жүйесі" атты еңбегі өте құнды болғандықтан 12 рет басылып шыкқан
Сүткоректілерді 17 отрядка бөлді. Сүткоректілер класын сүт бездеріне қарап жүйелегендіктен жұмыртка салушы сүтқоректілер (эхидна, уйректұмсық), ескекаяктылар, киттөрізділер осы класка жаткызылды. К. Линнейдін жүйесі "жасанды жүйе" болды, себебі өсімдіктердің туыстық жағы ескерілмеді. Тек ұқсастығы, аталығы мен аналығының санына ғана көңіл аударғандыктан бір-біріне ұқсамайтын өсімдіктер бір топка жаткызылды. Сәбіз бен зығырдың аталықтарының саны бесеу болғандыктан бір тұкымдаска біріктірді. Шын мөнінде, екеуі екі түрлі туыска жатады (сәбіз — шатыргүлділерге, зығыр — зығыр тұқымдасына).
Кұстарды тұмсыктарының ұқсастығына, пішініне қарай жүйе-легендіктен тауық пен түйекұс бір отрядқа топтастырылды. Ал негізінде тауыктар — қырлы төссүйектілер, түйеқұстар — қырсыз төссүйектілер тобына жатады.
Жіберген кемшіліктеріне қарамастан К. Линней органикалық дүниенің дамуына жаңалықтар қосып, ен алғашқы жүйені құрды. К. Линней өзіне дейінгі ғалымдардың өсімдіктерді қалай жүйелегендеріне талдау жасады. Олардың өсімдік атауларының бас әрпінің ретіне, гүл күлтесінің пішініне, тұқым санына, пайда-зиянына қарай жүйелегенін байқады. Сондықтан ол ғалымдардың бұрынғы жүйесіне ұқсамайтын ерекше жүйе жасады. Туыс пен түрдің қос атауы бүгінгі күнге дейін ғылымда кеңінен қолданылуда. Өзі жүйелеген сүткоректілердің 17 отрядының ішінен жыртқыштар мен приматтар отрядтарының толык сипаттамасын жазды. Адамды адамтектес маймылдармен қатар приматтар отрядына орналастыруы көрегендігін білдіреді. Сондықтан К. Линней өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің алғаш негізін салған ғалым болып саналады.
ІІІ.1К. Линней жүйесінде ең жоғары жүйелік және ең кіші жүйелік топ деп нені алды?
2. Өсімдіктер мен жануарларды кос атпен атау дегенді калай түсінесіңдер? Талдап көрсетіндер.
3.X. К. Линней жануарлар дүниесін кандай белгілеріне карап топтастырды, неше класқа бөлді?
ІV. Үйге §6
К. Линней жүйесінің "жасанды" екендігіне көз жеткізіндер.
Кластар Жануарлардың К. Линней жүйесі
бойынша жіктелуі Жануарлардын казіргі
жүйе бойынша жіктелуі
1. Сүткоректілер
2. Кұстар
3, Амфибиялар
4. Балықтар
5. Жәндіктер
6. Құрттар
V. *? А. 1. Эволюция қандай ұғым? Анықтамасьш беріңдер.
2. Қайта өркендеу дәуірі кай ғасырда дамыды, оған қандай жағдайлар себеп болды?
1. Жаратылыстану зерттеушісі, философ Аристотельді иеліктен жануартану ғылымының негізін қалаушы дейміз?
2. Теофраст өсімдіктерді зерттегенде қандай жақтарына мән берді?
1. Аристотельдің жаратылыстану ғылымына сіңірген еңбектерін мысалмен талдап дәлелдеңдер.
Автор: Бодықова Гүлшат | 26-04-2015, 13:06
Қарау саны: 5593
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :