Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан негіздердің химиялық қасиеті. » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан негіздердің химиялық қасиеті.


Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан негіздердің химиялық қасиеті.

Сабақ 4 Сыныбы 9 Пәні Химия Демеуова Бақыткүл № 75 мектеп

Сабақ тақырыбы:.Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан негіздердің химиялық қасиеті.

Сабақтың мақсаты: қышқылдарға, негіздерге және тұздарға электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан түсінік беру. Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоциация теңдеуін құруды үйрету. Оқушылар қышқылдар, негіздер және тұздар диссоциациясының себебін және ерекшелігін түсіндіре білу керек.
Электролит ерітіндісінің электробейтараптығы және қышқылдардың, негіздердің, тұздардың сатылы диссоциациясы туралы түсінік беру.
Индикаторлардың қышқылдар мен сілтілерге әсері. Қышқылдар, негіздер және тұздар ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексеру.
Реактивтер және құрал-жабдықтар: әк суы, натрий гидроксидінің ерітіндісі, қышқыл ерітіндісі, тамшуыр, лакмус, фенолфталеин, стақандар,
«Қатты заттардың еру механизмі» кинофрагменті, «Қышқылдар, негіздер және тұздардың ерігіштігі» кестесі.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сабақтың барысында әңгімелесу және топтық өзіндік жұмыстар орындату арқылы оксидтерді, негіздерді, қышқылдарды және тұздарды анықтауды қайталап, әр кластың заттарын формула бойынша анықтау дағдысын дамытамыз.
▲ 1-тапсырма. Формулалары келтірілген заттарды кластарға жіктеңдер және аттарын атаңдар: AlCl3, CuO, HMnO4, NaOH, KBr, Ba(OH)2, HNO3, ZnSO4, SO3, Al(OH)3, P2O5,CO2, H2SO3, LiOH.
Содан соң келесі топтық тапсырма орындалады, оның мақсаты -негіздік және қышқылдық оксидтердің, негіздердің және қышқылдардың өздеріне тән жалпы қасиеттерін қайталау.
■ 2-тапсырма. Сызбанұсқа бойынша мысалдар келтіре отырып, айтып беріңдер (оны мұғалім алдын ала даярлайды).

Бұл қосылыстардың өздеріне тән жалпы қасиеттері мынадай реакцияларда көрінеді:
А+В=С ВхОу + а = С + Н2О
А + в = С + Н2 ↑ а + в = С + Н2О
Берілген әріптердің орынан нақты заттардан мысалдар келтіріңдер және оларға тән реакция теңдеуін құрыңдар (топтағы әр оқушы жеке мысалдар келтіреді). Жұмыс нәтижесі кодоскоп арқылы тексеріледі немесе оқушылар бірін бірі тексереді.
II. Жаңа сабақты оқып үйрену. Бұл тапсырма тірек білімді жүйелеуге және бекітуге мүмкіндік береді. Мұғалім электролиттердің сулы ерітіндідегі диссоциациялану механизмін білген соң қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоцациясын шартты түрде бейнелейтін реакция теңдеуін құру қиын емес екенін айтады. Электролиттердің ерітінділері электрбейтарап екенін есте сақтаған жөн. Иондардың түзілуіне байланысты кинофрамент көрсетіледі. (бар болса).
Бұдан кейін оқушылар кодоскоп арқылы көрсетілген жаттығуды ауызша орындайды: мына заттар қандай иондарға диссоциацияланады және түзілетін иондардың зарядтары қандай: HCl, KCl, CaCl2, HNO3, Al(NO3)2,
Na3PO4, KOH, Ca(OH)2?
Әрі қарай қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоциация теңдеуін құруды көрсетеді. Мұғалім қышқылдардың, негіздердің және тұздардың сатылап диссоциациялануын мынадай мысалдармен келтіреді.
Ca(OH)2↔CaOH+ + OH- ↔ Ca2+ + 2OH-
H2SO4 ↔ H+ + HSO4- ↔2H+ + SO42-
NaHSO4 ↔ Na+ + HSO4- ↔Na+ + H+ +SO42-
CaOHCl ↔ CaOH+ + Cl- ↔Ca2+ + OH- + Cl-
Оқушыларда қышқылдар, негіздер және тұздардың диссоциациялануы туралы ұғым қалыптасқан соң, олардың иондық құрамында ненің жалпы екенін түсіндіреміз.
Бұл кластардың қосылыстарына электролиттік диссоцация теориясы тұрғысынан қандай анықтама беруге болады? Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоциациялану теңдеуін жазып, олардың анықтамасын оқушылардың өздеріне айтқыздырған дұрыс. Мысалы, HI,Ba(OH)2, MgCl2.
III. Алған білімді бекіту. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс беріледі.
1. Формулалары берілген заттардың: Pb (OH)2, Na3Po4,HF, Ca(OH)2, Al(NO3)3 электролиттік диссосация теңдеуін жазыңдар.
2. Суда ерігенде мынадай иондар түзетін заттардың формулаларын жазыңдар:
а) Al3+ және SO42-; ә) К + және ОН-; б) Н+ және Вr- .
Үйге тапсырма: §3. 1-10-жаттығулар. Жұмыс дәптерінен және есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар.













Автор: Бодықова Гүлшат | 26-04-2015, 13:53
Қарау саны: 3707
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :