Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюі.Тозаңдану мен ұрықтану » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюі.Тозаңдану мен ұрықтану


Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюі.Тозаңдану мен ұрықтану

6-сынып
Күні:
Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктердің жыныссыз және жынысты көбеюі.Тозаңдану мен ұрықтану
Сабақтың мақсаттары:1.Білімділігі:Оқушыларға көбеюдің түрлерін,тозаңдану мен ұрықтанудың ерекшеліктерін түсіндіру.
2.Тәрбиелілігі:Оқушылардың сөйлеу,ойлау,пәнге деген қызығушылығына тәрбиелеу
3.Дамытушылығы:Оқушылардың білімдерін
жетілдіріп,ойларын дамыту
Сабақтың әдістері:түсіндіру,сұрақ-жауап,баяндау,тест ,сөзжұмбақ
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Сызбанұсқа Көбеюдің түрлері,Тозаңданудың түрлері,суреттер тозаңданудың түрлері,сөзжұмбақ,әр түрлі деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың жүру барысы:І.Ұйымдастыру
А.Оқушылармен амандасу
Ә.Сынып оқушыларының сабаққа қатынасын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақтары:1.Өсімдік қалай қоректенеді? 2.Минералды қоректену дегеніміз не?
3.Тыңайтқыштар,олардың қандай түрлері бар?
4.Тынысалу дегеніміз не?
5.Тынысалуға қандай сыртқы орта факторлары әсер етеді?
ІІІ.Жаңа сабақ.Көбеюдің 2 түрі бар-жыныссыз және жынысты көбею.
Жыныссыз көбеюге бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады.Олардан гаметалар түзілмейді.Жынысты көбею-аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.Тозаңдану-аталық тозаңының аналықтың аузынак түсуі.Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп 2-ге бөлінеді.Өздігінен тозаңдану-бір гүлдің аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі.
Айқас тозаңдану-бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.Айқас тозаңдануды-бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп 2-ге бөледі.Бунақдене-лер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді,хош иісті,тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.Оларға алма ағашы,шие,асқабақ,шәй,т.б жатады.Бунақдене-лер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары жеңіл,майда және көп болады.Оларға бидай,жүгері,қант қызфылшасы,қайың,емен,т.б жатады.
Ұрықтану-аталық пен аналық жыныс жасушаларының қосылуы.Ол тозаңданудан кейін болады.
ІҮ.Жаңа тақырыпты бекіту:Оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беріледі
1-тапсырма.Тозаңдану дегеніміз не екеніне анықтама бер және сызбаны аяқта.
2-тапсырма.Суретке қара және тозаңданудың қандай әдістері көрсетілген.
3-тапсырма.Кестені толтыр,белгілер өсімдіктердің қайсысына тән.(БААТ;ЖААТ)
Белгілері Тозаңдану әдісіне қарай өсімдіктер
Гүлі ашық реңді
Гүлдері кіші,гүлшоғырға жиналған
Тозаңдары жеңіл,құрғақ,ұсақ
Гүлсерік нашар дамыған
Тозаңдану өте ірі,жабысқақ
Гүлдері ұсақ,реңсіз
Гүлдері өткір иісті
Өсімдіктер топтасып өседі
Гүлдерінде шірнеліктер жоқ
Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын,тербеліп тұрады


4-тапсырма.Таңбаларды қолдана отырып,кестені толтыр.
ӨТ-өздігінен тозаңдану,ЖелТ-жел арқылы тозаңданатын
Жән Т-жәндіктер арқылы тозаңданатын
Өсімдіктер Тозаңдану жолдары
Қайың
Қызғалдақ
Мамыргүл
Терек
Алма ағашы
Жүгері
Қара бидай
Бұршақ
Күнбағыс
Шие
Жөке
Картоп

5-тапсырма.Тест жұмысын беру.
Тест жұмысы
1. Тірі организмдердің тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі:
А) органоид
В) ұлпа
С) жасуша
D) мүше
Е) организм
2. Фосфор мен калий қызанақтың қай мүшесіне қажет екенін белгілеңіз:
А) жапырағына
В) жемісіне
С) түйнегіне
D) гүліне
Е) жапырағы мен сабағына
3. Өсімдіктің генеративті мүшесі:
А) гүл
В) тамыр
С) сабақ
D) жапырақ
Е) өсімді мүшелері
4. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған:
А) К.А.Тимирязев
В) Ван Гельмонт
С) Роберт Гук
D) С.Г.Навашин
Е) Е.В.Гвоздев
5. Өркеннің негізгі орталық тірегі:
А) бүршік
В) жапырақ
С) гүл
D) сағақ
Е)Cабақ
6.Органикалық қосылыстардың тотығуы:
А.)Тынысалу.В).Фотосинтез.С).Минералды қоректену.Д)Тозаңдану
7. Аталық пен аналық жыныс жасушаларының қосылуы:
А) Жынысты көбею В )Жыныссыз көбею С) Өсімді Д ) Бүршіктену
8.Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы:
А) Жемістер В) Гүлшоғырлар С) Тұқым Д) Сабақтар
9.Айқас тозаңданудың неше түрі бар:
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5
10. Өсімдік тырбиып бойы аласа, сабағы әлсіз болып өссе топырақта қай элемент жетіспейді?
А) азот В) Калий С) Фосфор Д )Мыс Е) Кальций

6-тапсырма.Сөзжұмбақ шешу.
7-тапсырма.Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы біліміңді тексер тапсырмасын орындау.
Ү.Қорытындылау.
ҮІ.Үйтапсырмасы.
ҮІІ.Бағалау.
Автор: Бөбек | 29-04-2015, 08:59
Қарау саны: 4468
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :