» » » Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру


Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

Сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2 Денелердің өзара әрекеттесуі

Мектеп: Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаты

 

Күні: 22.12.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Туякова Д. Ж.

Сынып: 7 a

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.6 – тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;

7.2.2.7 – үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру

Сабақ мақсаттары

1. Үйкеліс күшін ажырату, түрлерін білу.

2. Сырғанау үйкелісі дене салмағына, жанасатын беттер тегіне тәуелділікті зерттеу, үйкеліс күшін өлшеу білу.

3. Техникада, өмірде үйкеліс әрекетін ескеру.

Жетістік критерийлері

1. Үйкеліс күшін ажыратады,түрлерін сипаттайды.

2. Үйкеліс күші неге тәуелді екенін эксперимент жүзінде байқап көреді.

3. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру жайлы мағлұмат алады.

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика және терминология: үйкеліс, тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістері, үйкеліс коэффициенті, реакция күші.

Диалог үшін пайдалы сөйлемдер:

Бір дене басқа дене бетімен қозғалғанда…..Сырғанау үйкеліс күші –….пайда болады

Үйкеліс-жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,…

тәуелді болады.

Менің ойымша, .....

Үйкеліс күші...................... тәуелді, бірақ ....

Құндылықтарды дарыту

- Академиялық әділдікке тәрбиелеу;

- Жауапкершілікті дамыту;

ЖА білу және түсіну:

- Жаһандылық және тәуелсіздік

ЖА құндылықтары:

-Қоршаған ортаға қамқорлық және орнықты дамуға ынта

ЖА дағдылары:

Өз-өзіне сенімділік және рефлексия дағдылары

Пәнаралық байланыстар

Математика, география

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=lZp6OSH8JIw

Бастапқы білім

Күш, күштің түрлері,нормаль қысым күші

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

10 мин

I. Ұйымдастыру: Сәлемдесу.

Ынтымақтастықты қалыптастыру

«Шаттық шеңбері» арқылы бір-бірінің жаксы қасиеттерін айтады.

 

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Сұрақ-жауап.«Миға шабуыл»әдісі арқылы білімдерін еске түсіру

Деформация түрлері

Пласти

лин, қағаз, шар, пружина

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу үшін ахуал туғызу мақсатында мультфильм көрсетіледі.

 

Мультфильм көрген соң сұрақтарға жауап алынады.

- Не байқадыңдар?

- Неге шаңғының табанын майлайды?

Сұрақтардың жауаптарынан кейін сабақ тақырыбы мен мақсаттары айтылады.

Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

1. Үйкеліс күшін ажырату,түрлерін білу.

2. Сырғанау үйкелісі дене салмағына, жанасатын беттер тегіне тәуелділікті зерттеу, үйкеліс күшін өлшеу білу.

3. Техникада, өмірде үйкеліс әрекетін ескеру.

Топқа карточкалар бойынша бөлінеді.

Үйкеліс күші.  Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

Сурет- үйкелістің түрлері

 

https://www.youtube.com/watch?v=lZp6OSH8JIw

Презентация.ppt

 

Сабақтың ортасы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

ІҮ. Топпен жұмыс. Оқулықты қолданып, кестені толтырады.

Проект қорғайды

1. Анықтамасы

2. Пайда болу себептері

3. Түрлері

4. Белгіленуі

5. Өлшем бірлігі

6. Бағыты

7. Есептеу формуласы

8. Қандай шамаларға тәуелді

 

Анықтамасы

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады

Пайда болу себептері

Себептері

-жанасатын беттердің кедір-бұдырлығы;

- жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы;

Түрлері

-сырғанау (шаңғышы қар бетімен сырғанағанда)

-тыныштық (денелер бір-біріне қатысты тыныштық қалпын сақтаса)

-домалау(доңғалақтардың айналуы жағдайында)

Белгіленуі

Fүйк

Өлшем бірлігі

Бағыты

Қозғалысқа қарама-қарсы

Есептеу формуласы

Fүйк=µN.

Қандай шамаларға тәуелді

- жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғанына

- жанасатын беттердің өңделі сапасына

- бір беттің екінші бетке түсіретін қысым күшіне

Қ.Б: Бағдаршам әдісі: Жасыл-түсіндім

Қызыл- мүлдем түсінбедім

Сары-сенімсізбін

 

Ү. Сергіту сәті.

ҮІ. Зертханалық жұмыс.

Жұпта жұмыс. Оқушылардың алдарында қажетті құралдар және зертханалық жұмысының парақтары жатыр. Мұғалім жұмыс ережелерін түсіндіріп кетеді.

І-топ тапсырмасы: «Сырғанау үйкеліс күшінің дене салмағына тәуелділігін қалай дәлелдеуге болады»

Жұмыстың мақсаты: Сырғанау үйкеліс күшінің дене салмағына тәуелділігін зерттеу

Құрал-жабдықтар: білеуше, ағаш табан, динамометр, жүктер жиынтығы.

Жұмыс барысы:

1. Динамометрдi пайдаланып бiлеушенің, бiр және екi жүгi бар бiлеушенiң Р салмағын анықтаңдар.

2. Горизонталь орналастырылған тақтайшаға бiлеуше қойыңдар.

3. Бiлеушеге динамометрдi бекiтiңдер де мүмкiндiгiнше оны тақтайша бойымен бiр қалыпты тартыңдар. Бiрқалыпты қозғалыс кезiнде бiлеушеге әрекет ететiн динамометрдiң серпiмдiлiк күшi керi әрекет ететiн сырғанау үйкелiс күшiне теңдеседi. Осы (Fүйк) күштi өлшеңдер.

4. Бiлеушеге бір содан кейiн екі жүктi тиеп тәжiрибенi қайталаңдар.

5. Алынған нәтижелердi кестеге жазыңдар:

 

Салмақ, Р, Н

Сырғанау үйкеліс күші, Fүйк, Н

1

Білеуше

 

 

2

1 жүгі бар білеуше

 

 

3

2 жүгі бар білеуше

 

 

ІІ-топ тапсырмасы: «Сырғанау үйкеліс күшінің бет материалына тәуелділігін қалай дәлелдеуге болады»

Жұмыстың мақсаты: Сырғанау үйкеліс күшінің бет материалына тәуелділігін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: білеуше, ағаш, мата және кедір қағаз табан, динамометр

Жұмыс барысы:

1. Білеушені ағаш жағымен ағаш тақтайға орналастырындар.

2. Білеушені бірқалыпты тақтай бойымен жылжытындар. Динамометр көрсеткішін дәптерге жазындар.

3. Білеушені резеңке жағымен орналастырып, тәжірибені қайталандар.

Бет материалдары

Сырғанау үйкеліс күші,

Fүйк, Н

1

ағаш

 

2

мата

 

3

кедір қағаз

 

Мақсат қандай болды?

Үйкелістің қай түрін зерттедіндер?

Қандай нәтижелер шықты?

Қ.Б: Бағдаршам әдісі

 

ҮІІ. Үйкеліс күшінің өмірмен байланысы «Үйкеліс күші жоғалып кетсе не болады?» атты бейне

 

ҮІІІ. Ауызша тапсырма

І-топ тапсырмасы:

Пайдасы

Зияны

 

 

ІІ-топ тапсырмасы

Үйкелісті азайту жолдары

Үйкелісті арттыру жолдары

 

 

 

Қ.Б: Бағдаршам әдісі Жасыл-түсіндім

Қызыл- мүлдем түсінбедім

Сары-сенімсізбін

 

 

Презентация.ppt

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөліну карточка

лар.doc

 

 

 

 

Топтарға тапсырма.doc

 

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Белгі қою арқылы қаншалықты сабақты түсінгеніңді белгіле:

 

Бәрі түсінікті

 

Барлығы түсінікті, бірақ сұрақтар қалды

 

Түсініксіз

 

 

Автор: admin | 8-01-2018, 09:12
Қарау саны: 48
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :