Жарықтың шағылу құбылысы. Жарықтың сыну құбылысы » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Жарықтың шағылу құбылысы. Жарықтың сыну құбылысы


Жарықтың шағылу құбылысы. Жарықтың сыну құбылысы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын ауылы № 207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Мұстафаев Роллан
Тақырыбы: Жарықтың шағылу құбылысы. Жарықтың сыну құбылысы
Мақсаты:Білімділік) оқушыларға жарықтың сыну, шағылу құбылыстарын, шағылу шығу заңдарын, толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру
Дамытушылық) білімдерін көтеру, дүниетанымдарын кеңейту, пәнге
қызығушылықтарын арттыру. Физикалық есептер шығаруға
үйрету;
Тәрбиелік) Отансүйгіштікке, адамгершілікке, тәрбиелілікке, кішіпейілділікке баулу;
Түрі: жаңа материалды меңгерту
Пәнаралық байланыс: геометрия
Көрнекілігі: интеракт. тақта, слайдтар, айна, лазер, суы бар мөлдір ыдыс.
Барысы:
1. ұйымдастыру кезеңі
2. үй тапсырмасын сұрау
3. үй тапсырмасын қорытындылау
4. жаңа материалды түсіндіру
5. жаңа материалды бекіту
6. сабақты қорытындылау
7. үйге тапсырма беру
8. оқушыларды бағалау



Жарықтың шағылуы деп екі ортаның шекарасына бағытталған жарық сәулесінің жүру бағытының өзгеру құбылысын айтады. Бұл жағдайда жарық сәулесі шыққан ортасына қайта оралады. Бұл құбылысты толығырақ қарастырайық. 4.32, а-суретте жартылай мөлдір екі пластинаға α бұрышымен түскен параллель екі жарық сәулесі (1) және (2) кескінделген. Олар белгілі бір φ бұрышымен шағылсын. Осы бұрыштың шамасын анықтайық. Жарықтың бірінші ортада таралу жылдамдығы υ1-ге тең. Енді 4.32,ә-суретті қарастырайық. 1-сәуле екі ортаның шекарасындағы А нүктесіне түсіп, шағылады және 1* бағытында өзінің қозғалысын жалғастырады, ал сол уақытта 2-сәуле Д нүктесінде болады (4.32, б-сурет). 1-сәуле С нүктесіне жеткен уақыт аралығында 2-сәуле Д нүктесінен В нүктесіне жетеді. В нүктесі де А нүктесі секілді екі ортаның шекарасында орналасқан. Бұл жағдайда 1-сәуле жүрген қашықтық АС= υ1t болады, ал 2-сәуле жүрген қашықтық ДВ= υ1t. Демек, Ас мен ДВ кесінділері тең. Олай болса, АСВ мен АВД үшбұрыштары өзара тең, өйткені АС=ДВ, ал Ав қабырғасы ортақ, Св және Ас қабырғалары, ДВ және АД қабырғалары өзара перпендикуляр, сондықтан Δ АСВ= Δ АДВ.
Тең үшбұрыштардың тең қабырғаларына қарсы тең бұрыштары жатады, демек, φ= φ1. Кез келген үщбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең болғандықтан, АДВ үшбұрышында φ+900+(900- α) =1800, яғни φ= α. . Ал АСВ үшбұрышы үшін φ1+900+(900- γ) =1800, яғни φ1= γ. Жоғарыда біз φ= φ1 екенін дәлелдегенбіз, демек α. = γ болады. Шағылудың екінші заңы дәлелденді.
Шағылудың екі түрі бар: айналық шағылу және шашырау (дифузиялық).
Айналық шағылу дегеніміз – ол теп-тегіс беттен шағылу (бұл беттердің бұдырлығы жарық толқынының ұзындығымен салыстырғанда өте аз). Әртүрлі айналық беттерден шағылу қарқыны әртүрлі болады. Мысалы, күмістелген айна түскен сәуленің 96 пайызын шағылдырады. Ал тегіс жылтыраған қара түсті бет жарық энергиясының тек 1 пайызын ғана шағылдырады.
Шашырау немесе диффузиялық шағылу – бұдыр беттен шағылу болып табылады. Диффузиялық шағылуда параллель жарық шоқтары әртүрлі бұрыштармен шағылып, барлық бағыт бойынша шашырайды. Жарықты барлық бағытта біркелкі шашырататын бет тегіс бет деп аталады. Мұндай беттер жоқ, бірақ оған жақын беттер бар, мысалы, бор.
Кез келген жарықпен жарықталған дененің бұдырлау бетіне қарасақ, біз ол бетті көре аламыз. Егер біз таза айнаның бетіне қарасақ, онда оны көре алмаймыз да, оның орнына өзіміздің түрімізді, басқа заттардың кескіндерін көреміз. Сондықтан да микрофильмдер проекцияларын түсіретін экрандардың беттері айнадай тегіс емес, бұдырлы болып жасалады. Жарық тегіс емес беттерден жақсы шашырайды, мысалы, шаңның бөлшектері де жақсы шашыратады. Шашыраған жарық шағылған жарыққа қарағанда адамның көзін шаршатпайды.
Жарықтың сыну құбылысы деп бірінші ортадан екінші ортаға өткенде жарық сәулелерінің таралу бағытының өзгеруін айтады. Әртүрлі ортада жарықтың таралу жылдамдығы түрлі болғандықтан, жарықтың сыну құбылысы байқалады. Эксперимент жолымен алынған сыну заңдары мынадай:
1) түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаның шекарасында сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;
2) түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама және ол бірінші ортаның екінші ортаға қатысты салыстырмалы сыну көрсеткіші деп аталады:

sin α /sin β = n

Бірінші ортада таралатын жарық жылдамдығының екінші ортада таралатын жарық жылдамдығынан неше есе үлкен екенін көрсететін физикалық шаманы салыстырмалы сыну көрсеткіші деп атайды.

Sin α /sin β = n1,2
Бұл жарықтың сыну заңы. Осы формуланы талдай отырып, жарықтың түсу бұрышының өсуіне қарай сыну бұрышының да өсетінін байқаймыз.
Жарықтың вакуумде таралу жылдамдығының жарықтың берілген ортада таралу жылдамдығынан неше есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы берілген ортаның абсолют сыну көрсеткіші деп атайды:

с/υ=n
Ортаның абсолют сыну көрсеткішінің жарық сәулесінің түсу бұрышының синусына көбейтіндісі тұрақты шама n*sin α = const

n1 *sin α = n2 * sin β
Ол оптикалық инвариан деп аталады.
Жарық сәулесі бір ортадан екінші ортаға өткенде оның бастапқы бағыттан ауытқуы байқалады. Жарық сәулесінің түсу бұрышы неғұрлым үлкен болса, онда ауытқу соғұрлым үлкен.
№20.1
Алмаз бен шынының абсолют сыну көрсеткіштері сәйкесінше 2,42 және 0,5. Егер осы заттардағы сәуленің таралу уақыты бірдей болса, онда осы заттар қалыңдықтарының қатынастары қандай?
№20.2
Күн сәулесінің ауадан шыныға өткен кездегі түсу бұрышы 600, ал сыну бұрышы 300. жарықтың шыныдағы таралу жылдамдығын және толық шағылу бұрышын табыңдар

Бекіту сұрақтары:
1. Қандай құбылыс жарықтың шағылуы деп аталады? Ол қандай заңдарға бағынады?
2. Жарықтың шағылу заңын қорытып шығарыңдар
3. шағылудың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Жарықтың сыну құбылысын түсіндіріңдер
5. Жарықтың абсолют және салыстырмалы сыну көрсеткіштерінің физикалық мағынасын түсіндіріңдер.
6. Жарықтың толық шағылуы деп қандай құбылысты айтамыз?
Үйге тапсырма: § 4.9 § 4.10 – оқып келу
Автор: Ләзиза | 28-04-2015, 22:41
Қарау саны: 3378
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :