» » » ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ


ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

Жармағанбетова Қ.Т.
география пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы
Шортанды ауданы
Төңкеріс негізгі мектебі
2013 жыл
Құрастырған: география пәнінің мұғалімі
Жармағанбетова Қалима Танатқанқызы
Рецензия
Географиялық білімнің және тәрбиенің сыныптан тыс тәжірибелік жұмыстары
Әдістемелік нұсқаулық құралда пәннің құрылымдық ерекшелігі, географиялық ұғымдар мен түсініктерді қалыптастырудың тиімді жолдары, сабақ түрлері мен оларды ұйымдастырудың әдіс – тәсілдері, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері қарастырылып, жеке тақырыптарды оқыту жөнінде қысқаша әдістемелік нұсқау берілген. Мұғалімге көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

Рецензенттер: Хапур А., Шортанды аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік меңгерушісі
Ганзиева Т.А., Шортанды аудандық «Гуманитарлық пәндер циклы » жетекшісі
Ұсынылды Шортанды аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік меңгерушісі
Төңкеріс негізгі мектебі 2013 ж. 31 бет
Алғы сөз

Бүгінгі күні оқу үрдісінде қойылып отырған талаптардың бірі – оқушылардың тек білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін терең білім алуда шығармашылықпен пайдалана білулеріне үйрету.
Беріліп отырған әдістемелік нұсқаулық төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде география ғылымының теориялық білім алуы, шығармашылық ой – өрісін дамытып, бір қорытындыға келуге бағыттау жағы мықтап ескертілген. Екінші бөлімде оқушыларды тәрбиелеу және үздіксіз оқу туралы берілген.Үшінші бөлімде география сабақтарында тақырыптық және әдістемелік нұсқаулықтары туралы.Төртінші бөлімде географиялық білімінің және тәрбиенің сыныптан тыс және мектептен тыс тәжіребиелік жұмыстары қарастырылған.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаудың негізі мақсаты – мұғалімдерге жаңа бағдарлама мен оқулыққа байланысты және сабақ жүргізуге көмекші ретінде.

1. Бөлім. ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. «География» ғылымы туралы не білеміз?
География – ең ежелгі ғылымдардың бірі. География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «Географика» деп атаған. Грек тілінде «гео» – жер, «графо» – жазу. Сонымен «география» сөзі «жерді сипаттап жазу» дегенді білдіреді. Эратосфенді « География ғылымының атасы» деп атайды. Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.Ғалым сол кезде гректерге белгілі адамдар қоныстанған жерлерді «ойкумен» деп атап, ойкумендердің картасын құрастырған.Бұл атауды біздің заманымыздан бұрын ежелгі грек ғалымдары қолданған.
Сонау тас дәуірінің адамдары өздерін қоршаған орта элементтерінің екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі екендігін байқап отырған. Көрген-білген жерлерін, көкжиектің өзі басып көрмеген арғы жағын ой өрісімен жалғастыра білген. Өз ортасын зерттеп, танып-біліп, салыстырып, тасқа, ағаштың қабығына, жерге сызып белгі салып отырған. Географиялық алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазуды керек етті. Б.з.б. VI ғ-да географияда екі бағыт — жалпы жер тану (негізін Аристотель қалады) және ел тану (Геродот) айқындала бастады. Содан бері География өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті. Эратосфен өзінің “География” атты еңбегінде табиғатты зерттеулердің барлық бағыттарын біріктірмек болды. Б.з.б. І—ІІ ғ-дағы күрделі географиялық еңбектерге Страбонның “Географиясы” (ел тануы), Птолемейдің “География жөніндегі нұсқауы” (геогр. координаттары көрсетілген елді мекендер тізімі) жатады. Орта ғасырларда география Қытайда, Парсы, Орталық Азияда болып келген.
XVI ғ-дан бастап география аса маңызды ғылымға айналып, жеке салаларға бөліне бастады. Осы кезеңдерге географияның ерекше ғылыми тілі картография қалыптасты. Ұлы геогр. ашылулардың ғылыми қорытындылары голландиялық ғалым Б.Варениустың “Жалпы география” атты еңбегінде (1650 ж.) жинақталды.
XVII — XVIII ғ. түрлі елдердің табиғат жағдайларын зерттеуге және оларда өтіп жатқан табиғи процестерді түсіндіруге көңіл күшейе түсті (Г. Лейбниц, Ж. Бюффон, М. В. Ломоносов).
XIX ғ-да неміс саяхатшысы А. Гумбольдт өзінің “Космос” (1845—1862) атты еңбегінде физикалық географияның міндеті — табиғат құбылыстарының жалпы заңдарын және олардың ішкі өзара байланыстарын зерттеді. География өзінің одан әрі даму сатысында (18 ғ.) геологияға, 19 ғ-дың 1-жартысында экономикаға (алғашында “статистикалық”) және физикалық географияларға жіктелді.
Географияның зерттеу объектілері мен тәсілдері күрделене түсіп, XX ғ-дың басында география ғылымдарының жүйесін қалыптастырды. Географиялық ғылымдар негізінен 2 топқа бөлінеді. Ұзақ уақыт бойы география Жер бетінің табиғатын, халқын және оның шаруашылығын сипаттайтын біртұтас ғылым ретінде дамып келді.
География
Физикалық географиялық ғылымдарға: физикалық география (өз кезегінде жертану, ландшафттану, палеогеография, елтану, т.б. салаларынан тұрады) Экономикалық география ғылымына: әлеуметтік география, өнеркәсіп географиясы, ауыл шаруашылық географиясы, транспорт географиясы, халықтар географиясы, мәдениет географиясы, саяси география, т.б. кіреді.
Бүкіл география ғылымдары картографиямен тығыз байланысты. География табиғатты зерттеуде физика, химия, геология және биология, т.б. ғылымдармен ұласып отырады. Қоғамдық-аймақтық зерттеулерде экономикаға, саясаттануға, демографияға арқа сүйейді. Олармен түйіскен бағыттарда жаңа ғылыми салалар аймақтық экономика, геодемография, т.б. бөлінеді.
Қазақстан аумағында табиғатты құраушы объектілерXX ғ-дың басына дейін жеке-жеке зерттеліп келді. Тек 1920 жылдардан бастап Қазақстанда физикалық еография бойынша деректер жүйелі түрде жинала бастады. Осы жылдары (1930) табиғи құбылыстар мен процестерді зерттеу бойынша жеке салалар: климатология, гидрология, гляциология,геоморфология, топырақ географиясы, биогеография, т.б. қалыптаса бастады. Кейіннен оларға ландшафттану, топонимика қосылды. Қоғамдық география ғылымдары Қазақстанда табиғи қорларды, шикізат ресурстарын, халықтың өсуін, әл-ахуалын, шаруашылық жағдайын, ірі аумақтық-өндірістік кешендерді тиімді орналастыруға, т.б. байланысты дами бастады.
Пәннің теориялық – методологиялық базасы « табиғат – қоғам – адам » үштағандық жүйесін қамтиды.Бұл Қазақстанның түрлі географиялық жағдайындағы адамдардың өмір сүру ортасын, олардың тіршілігі мен шаруашылық қызметін кешенді түрде зерттеуге мүмкіндік береді.Оқушыларды біздің еліміздің белгілі бір заңдармен дамитын әр түрлі дәрежедегі табиғи – қоғамдық аумақтық кешендері туралық толық түсінік қалыптасады
1.2. География бағытын зерттеу
Әлеуметтік география - адамдар өмірі ұйымдастырылуының кеңістіктік процестері мен нысандарын, ең алдымен, олардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның дамуы мен адам өмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы. Әлеуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны бүкіл адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың әр түрлі аумақтық қауымдастықтары, оның ішінде, олардың дамуының тарихи ерекшеліктері, құрылымы, өндіріспен және қоршаған ортамен байланысы, сондай-ақ әр түрлі аумақтық қауымдастықтардың арасындағы байланыстары, таптық, ұлттық, мамандық және басқа белгілері бойынша бөлінетін осы қауымдастықтың ішіндегі халықтың әр түрлі топтарының кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалар.
Қоғамдық аумақтық ұйымдастырудың оңтайлы жолдарын, оның ішінде халықтың қоныстануын, өндірістің орналасуын, табиғат ресурстары мен қоғамдық өндірістің жағдайларын тиімді пайдалануды, осы ресурстар мен жағдайларды қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүддесіне сақтауды және жаңартуды ғылыми негіздеу мақсатында география географиялық қабықтың құрылымы мен динамикасын, оның құрамбөліктерінің өзара әрекеттестігі мен кеңістік бойынша таралуын зерттейді. География өзінің даму жолында бірнеше кезеңнен өтті, олардың орқайсысы осы ғылымның әр түрлі қоғамдық функцияларымен сипатталады. Пайда болуынан бастап, Ұлы географиялық ашылуларга дейін географияның негізгі функциясы танымдық-сипаттау бағытында болды. Нақ сол кезеңде картография пайда болды да, географияның ерекше ғылыми тілі қалыптасты. Алғашқы ғылыми революция заманында және одан кейінгі кезеңде оның талдаулық және түсіндірулік функциясы басым бола бастайды; осы кезенде география жеке ғылыми пәндерге бөліне бастады. XX ғасырдың географиясына қайта құру бағытының дамуы мен орнығуы, жеке географиялық пәндердің арасындағы интеграцияның күшеюі тән болды. Бірақ қазіргі кезде "интеграциялық беталыстың" басымдылығьша қарамастан, географияда жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуы мен тармақталуы жалғасып келеді. Бұл орайда ғылым дамуының әрбір келесі кезеңі географияның мұның алдындағы кезеңдегі өзіне тән функцияларын жоймайды, оларды басқа сапалық деңгейге көтереді. географиядағы жаңа бағыттар бір-бірінен канша алшақтап кетсе де, географиялық әдістің жалпы ерекшеліктері (аумақтық, кешендік, ғаламдық) барлық географиялық ғылымдар картографиямен байланысты. География өзінің даму барысында басқа ғылыми пәндерден - бөлектенген жоқ. Дүниетанымдық ғылым ретінде ол философиямен, географиялық қабықтың табиғи қырларын зерттегенде - физикамен, химиямен, геологиямен, биологиямен, ал қоғамның аумақтық ұйымдастырылуының оңтайлы нысандарын негіздеуде экономикамен, социологиямен, демографиямен және тағы да басқалары тығыз байланысты. Географияда басқа ғылымдардың тарихи, жүйелік, математикалық, кибернетикалық және тағы да басқалары әдістері тиімді пайдаланылады. География өзінің теориясымен және әдіснамасымен іргелес ғылымдарды байытады, осы арқылы аймақтық экономика, геодемография, аудандық жоспарлау секілді және тағы да басқалары ғылыми бағыттар жедел дамуда. Қазіргі кездегі география зерттеудің ғарыштық әдістерін пайдаланбайынша дами алмайды. Географияның ерекше функциясына өзіміздің планета мен оның табиғи-тарихи дамуы; туралы, елдер, қалалар, жерлер және оларды мекендейтін халыктар туралы білімді; жинау, қорыту және тарату жатады. География басқа ғылымдармен бірге отаншылдық пен интернационализмнің негізін қалыптастыратын дүниетанымдық және гуманитарлық ғылым болып табылады. Географиялық білім, "картаны оқи" білу дәстүрі бойынша мәдениет пен ғылыми дүниетанымның қажетті элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан оны оқыту барлық елдер мектептерінің, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының бағдарламасына енгізілген.
2. Бөлім. ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ҮЗДІКСІЗ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОҚУ
2.1. Географиялық білім тәжірибиесі және жаратылыстану
ғылымдарының негізі

Жаратылыстану – табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Жаратылыстану ауқымы түрлі табиғат нысандары (ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін), дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің ғаламшарымыздан тыс жатқан нысандарды , сондай – ақ Жерді қамтиды.
Оқушыларды тәрбиелеу және үздіксіз географиялық оқу мақсаттары:
1. Білім беру мақсаты:
- Жер бетіндегі табиғт құбылыстары мен процестеріне оқушылардың көзқарастарын қалыптастырудың ғылыми негізі ретінде Қазақстан аумағындағы табиғат генезисі мен дамуының себептері туралы оқушыларға география пәнінен өткен курстарға қарағанда тереңірек білім беру.
2. Тәрбие беру мақсаттары:
- Шаруашылық іс – әрекет кезінде табиғатқа және оның байлықтарына ұқыпты қарау жолдарын жаратлыстану ғылымы тұрғысынан негіздеу, табиғт байлықтарын шаруашылықпен, ұқыпты пайдалануға , жерге, орманға, өзендер мен жануарлар дүниесіне қамқорлық жасуға деген сенімге тәрбиелеу;
- Экологиялық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік тұрғызу, оның өте маңызды белгісі – табиғатты комплексті қабылдау , табиғатты тиімді пайдаланудың негізі ретінде ғылыми жаратылыстану заңының тұтастық мәнін түсіну.
3. Дамыту мақсаттары:
- Белгілі бір аймақтың табиғат ерешеліктеріне, жекелеген географиялық ны сандар мен құбылыстарды, табиғатқа саналы көзқарастың нақты мәселелеріне және оның шаруашылық жағынан игеру, жаңғырту және жақсарту кезінде қорғау жолдарын түсіну үшін білімді шығармашылықпен қолдана білу іскерлігін дамыту.
Оқушы білімінің сапасын арттыру оның көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыру, дамыту үшін сабақтарда жергілікті жердің материалдарын, оның ішінде зерттеу жұмыстарының нәтижелерін сабақта пайдалану өте тиімді.Себебі ауылда өсіп, табиғатпен, қоршаған ортамен етене жақын болған жас жеткіншек маңдайындағы заттар, жануар, өсімдік, жер бедері, климатын ондағы құбылыстарды көре өседі, ол туралы өзіндік білім жинақтайды.
2.2 Географиялық біліміндегі пәнаралық байланыс
География – өте қызықты, ерекше жан-жақты пән. Бұл пәннің ерекшелігі сол – мұнда тарих, биология, экология, физика, химия, астрономия, сызу бәрі де қамтылады.
Пәні Міндеті
тарих Дүнежүзілік елдердің даму тарихы мен жер бетіндегі халықтар, нәсілдер, елдердің салт – дәстүрлерімен, тарихи ескерткіштерімен танысу,отан өз үйім, туған табиғатым ұғымын қалыптастыру
биология, экология Қоршаған ортаны қорғау,биологиялық әртүрлілікпен танысу, көкөніс, жеміс – жидектерімен танысу,селекция, сырттан келетін өнім сапасын тәрбиелеу.
физика Өзен – көл суларының қасиеттерін талдау, ақпараттық технологиялық – құралдармен жұмыс жасау, физикалық шамаларды дұрыс пайдалану.

химия Ауаның химиялық улануы, зауыт, фабрика қалдықтарын пайда – зияны, атмосфераға зиянды заттар, автомобильдер, пайдалы заттар, тағамның химиялық құрамын дұрыс пайдала білуі.
психология Әр түрлі елдердің медитациялар арқылы оқушының психологиясына әсер етуі, өзін – өзі басқаруға, тәрбиелеуге, психологиялық ерекшелігін анықтауға тренингтер пайдалану,психологиялық тестер өткізу.
астрономия Жұлдыздар әлемін зерттеу барысында пайдалана білу.
сызу Әр түрлі сызба жұмыстары арқылы өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу.
3. Бөлім. ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
3.1. География пәніне кіріспе География пәні нені оқытады?
Жалпы география пәні оқушыларға география ғылымының негізі туралы білім берумен бірге, оларды тәрбиелеу, дамыту бағытында үлкен рөл атқарады.
Бүкіл планета және біздің еліміздің табиғат жағдайының ерекшелігі, ресурстарды тиімді пайдалану, халық шаруашылығы салаларының даму және орналасу жағдайы туралы оқушылардың географиялық сауаттылығы мен мәдениеттілігі болуы тиіс.
Географиядан білім беру мақсаты – географиялық орта – адамның мекендейтін орны деп білетін көзқарастар мен ұстанымдар жүйесін қалыптатыру. География жер бетінің табиғаты, халқы, оның шаруашылық әрекеті бір – бірімен тығыз байланысты қарастырылатын ғылым саласының бір ғана бөлігі. Ежелгі грек ғалымы Эратосфен заманындағы « жерді сипаттап жазу » деген ұғымды білдіреді. География қазіргі кезде география – жер бетінің алуан түрлі бөліктерін, табиғат жағдайының алуан түрлілігі, ауа райы мен климаттың қалыптасуын, адам – қоғам – табиғат арасындағы байланысты қарастыратын жүйелі ғылым саласы.
Оқушыларға жалпы орта білім беру жөніндегі құжаттарымен тығыз байланысты.Ең алдымен оқушылардың санасында көзқарас – ұстанымдар жүйесін, адамның мекені ретінде географиялық ортаға деген қарым – қатынас өлшемін, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау, аумақтық еңбек бөлінісі заңдылықтары туралы көзқарасты, географиялық білімді күнделікті өмірде тиімді қолдана білу, өз жеріндегі табиғатты, шаруашылық және экологиялық жағдайды бағалау білігін қалыптастыруға септігін тигізеді.Географияны оқытудың жаңа жағдайдағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- география ғылымының және Жер мен қоғам туралы кейбір шектес ғылымдардың негіздерін меңгеру;
- жердің планета екендігі, оның Күн жүйесіндегі орны, Жердің географиялық қабығының негізгі заңдылықтары, географиялық қабықтың кеңістікте бөлшектенуі ( саралануы ), материктер мен мұхиттар, табиғаттың алуан түрлі болатындығы, дүниежүзінің саяси картасы туралы білім беру;
- оқушылардың табиғатқа және табиғаттың өзара әрекеттесуіне көзқарасын қалыптастыру;
- табиғат жағдайларының адам іс – әрекетіне және адамның табиғатқа әсерін, экологиялық мәселелерін түсініп, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға және айнала қоршаған ортаны қорғауға қажетті білім мен біліктерді меңгеру;
- табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарын шаруашылық тұрғыдан бағалауға және халықтың демографиялық аспектілерін, әлеуметтік мәселелерді оқып үйренуді зерделеу;
- географиялық білімнің маңызды көзі – географиялық картаны оқып үйрену,одан арнайы географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту,қалыптастыру;
- оқу шыларға табиғат жағдайының алуан түрлілігі, бай тарихы және күрделі де көп салалы шаруашылығы бар республикалардың бірі ретінде Қазақстанның табиғаты, халқы және экономикасы туралы терең әрі берік білім беру;
- оқушыларды Отанын сүюге, өз халқының жетістіктерін қорғау ісіне даяр болуға, дүниежүзі халықтарымен ынтымақтастық сезімге тәрбиелеу;
- оқушыларды қазіргі дүниежүзілік дамудың негізгі бағыттармен таныстыру;
- географияның мазмұнын ізгілендіру, адамның қоғамда алатын орнына көңіл бөле отырып, географияны адамнан бөліп қарауға болмайтынтығы туралы түсінікті қалыптатыру;
- оқушыларға алған географиялық білімін күнделікті өмірге,тіршілікке қолдана білуді,географиялық, саяси, экономикалық ақпарат көздерін, карталарды, еңбекпен тұрмысқа қатысты міндеттерді шешу үшін есептеуші техниканы пайдалана білуді, тұрған жеріндегі табиғи шаруашылық жағдайды бағалай білуді меңгерту;
- оқушылардың оқу еңбегіне қажетті білімдері мен біліктерін және дағдыларын қалыптатыру, байқағыштығын, қисындық ойлау, ете сақтау, сөйлеу, қиялдау,аумақтың бейнеін жасау,қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылықпен қарау, өзін және білімін жетілдіріп отыру қабілетін дамыту;
- мектептің барлық география курстарын өлкетану мазмұнымен толықтырып, нақтылы жергілікті жер жағдайында табиғат, қоғам және шаруашылық үйлесімдігін жүзеге асыру.
3.2. Жер қабықтары және қоршаған орта
Жер қабықтары – Жер шарын сыртынан қоршаған, бір – бірінен заттық құрамы жөнінен айырма жасайтын қабықтар. Олар литосфера,гидросфера,атмосфера және биосферадан тұрады.
Литосфера туралы ұғым
Оқу – тәрбиелік мақсаты:Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы жайында түсінік беру.
Сабақ жоспары: жердің құрылысы (жер қыртысы, мантия, ядро), жер қыртысы
( материктік, мұхиттық), тау жыныстары (магмалық, шөгінді,метаморфтық)
Содержание и методическое
Литосфера (грекше литос – тас, сфера – шар ) – Жердің сыртқы қатты қабығы, жер қыртысы мен мантияның жоғары қабатын қамтиды.
Литосфера
Ғарышқа қарағанда Жердің ішкі құрылымын зерттеудегі жетістіктеріміз өте мардымсыз.Жерді зерттегеннен гөрі ғаламшарларды, олардың серіктерін зерттеу адамзат үшін оңай болып көрінеді.Жер қойнауын зерттеу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары 15 шақырым тереңдікке дейін барды.Ал жердің осіне дейін 6000 шақырым.Теледидардан жанартаулардың атқылағанын көре отырып, біздің ойымызға түсетіні – өзіміз күнделікті басып жүрген Жер қабатының астында балқып жатқан лаваның бар екендігі.Жердің ішкі құрылымы жер қыртысы, мантия және ядро деген қабықтардан тұрады. Солардың арасында ең жұқасы жердің үстіңгі қабаты – жер қыртысы.Ол арқылы өендер ағып, ормандар өсіп, таулар көтеріліп, елді мекендер салынуда.Пайдалы қазбалар – тас көмір, мұнай, бағалы тастар да осы қабаттан қазып алынады.Олай болса жер қыртысы адамдардың, өсімдіктердің, жануарлардың ортақ үйі. Жер қыртысының қалыңдығы біркелкі емес.Таулы аудандарда олардың қалыңдығы 80 шақырымға жетсе, мұхит табанының астында 6 – 8 шақырымға жетеді. Жер қабығының құрылымын, ондағы болып жатқан процестерді білу жер сілкіністерінің себептерін анықтауға мүмкіншілік береді.Дүние жүзінің көптеген аймақтарында және Қазақстанның оңтүстік шығысы мен шығыс аймақтарында жер сілкіністері болып тұрады. Соңғы кездері дүние жүзінің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда жер сілкінудің алдын алу, оны болжау жұмыстары жүргізіліп, болжам карталары жасалуда.
Су астындағы жер сілкінісінің нәтижесінде өте биік толқындар – цунами пайда болады. Цунами мұхиттардың үстіңгі қабатында пайда болып, жойқын күшпен жағалауға қарай қозғалады. Толқындардың биіктігі 20 – 30 м – ге дейін жетіп жағалауға жүздеген метр ішке қарай еніп, елді мекендерге, ауыл шаруашылық жерлеріне және адамдарға үлкен зиян келтіреді.
Гидросфера туралы ұғым
Оқу – тәрбиелік мақсаты: «гидросфера» жайлы ұғым беру,дүниежүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы білімдерін кеңейту және тереңдету.

Содержание учебного материала и методические рекомендации
Гидросфера (грекше гидро – су , сфера – шар ) – Жердің су қабығы
Планетамыздағы барлық судың мөлшері 1616 млрд км2 . Жер шарындағы әр түрлі сулардың мөлшері

Су – тіршілік көзі деп бекер айтылмаған.Себебі алғашқы тіршілік судан басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі су. Мұхит, теңіз, көл, өендерден басқа су барлық тірі организмнің құрамында кездеседі.Мысалға қан немее негізгі құрамы судан тұрады. Кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады.Кейбір теңіз жәндіктері, мысалға медузаның 97 – 98% -ы судан тұрады.
Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады.Оның құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз.Судың жарық түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрі мекендейді.Мұхиттар мен теңіздердің терең қабаттарында – жарық түспегеннен қараңғы болып келеді.Ол жерлер де тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. Судағы еріген оттегі жануарлардың тыныс алуына өте қажет.
Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынып – шайынуға, әр түрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек.Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауында шомылуға ,кемемен жүк тасымалдауға болады
Бірде – бір тірі организмдер сусыз өмір сүре алмайды.Өсімдіктер су арқылы топырақтан минералды заттарды қабылдап, сабақтары арқылы жапыраққа жеткізеді, жапырақ ө кезегінде фотосинтез процесіне қатынасады.Суда белгілі бір мөлшерде күміс те ериді.Күмістің ерітіндісі суда бактериялардың өлуіне әсер етеді.Сондықтан да күмістен жасалған ыдыс – аяқта су көпке дейін таза күйінде сақталады.

Атмосфера туралы ұғым
Оқу – тәрбиелік мақсаты:Атмосфера қабаты туралы түсінік беру.
Атмосфера (грекше атмос – бу, сфера - шар ) – Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа т
Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот,оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.

1. Күн сәулелерін Жер бетіне шашыратып түсіреді. Сондықтан күндіз Жер беті өте қатты қызып кетпейді, ал түнде қатты суып кетпеуге әсерін тигізеді.
2. Қорғаныс қызметін атқарады.
3. Бұлттардың пайда болуы нәтижесінде жауын – шашын жауады.
4. Тіршілік ортасы
Адам өміріне ең қажетті ауа дедік. Сондай – ақ ауа физикалық дене.Сондықтан ол құбылыста болып отырады.Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз. Ауа райы ғылымы өз атауын гректің «метеоро» деген яғни «аспандағы әлдене» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан. Ал климат –бұл ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа райы континентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді.Сондықтан құбылмалы болып келеді.
Ауа райын алдын ала болжау барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші,көлік түрлері) және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды.
Биосфера туралы ұғым
Оқу – тәрбиелік мақсаты: Биосфера тіршілік ортасы екендігін дәлелдей отырып, табиғаттағы тіршіліктің бір – бірімен байланыстылығын анықтау
Жердің тірі ағзалар мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы биосфера деп аталады (грекше биос - тіршілік, сфера - шар). Жер планетасындағы биосфера географиялық қабықтың тірі «ағзалар мекен ететін, қоныстанған және өзгерткен бөлігі». Жердің сыртқы қабықтары: литосфера, гидросфера, атмосфера бір – бірімен тығыз қарым – қатынаста болса, өсімдік, жануарлар дүниесі де географиялық қабықта белгілі бір ортаға бейімделушілік танытып қана қоймай, өзіндік өзгерістер енгізеді.
Тірі азалардың басты ерекшелігі – көбейгіштігі (тірі табиғаттың өлі табиғаттан айырмасы).Бір ғана бактерияның ұрпағы кедергісіз көбейіп, сақталып отырған жағдайда 108 сағатта Дүниежүзілік мұхитты толтырар еді.Ал бір жасушалы балдыр – диатомея көлемі Жерге парапар шарды толтырып шығуы үшін 8 тәулік жетіп жатыр.Мұндағы байқалатын бір қызық заңдылық мынау:ағза неғұрлым майда болса, ол соғұрлым тез қарқынмен көбейеді.Мәселен, 1 бактериядан 1 тәулікте тарайтын ұрпақтың салмағы 1 пілдің 2000жылдық ұрпағының салмағымен парапар келеді.

Тірі ағзалардың екінші тамаша қасиеті – тіршілік жағдайына икемділігі. Микроағзалар (микроорганизмдер) Жердің мәңгі тоң қабатында да, температурасы +1000С – тан асатын гейзерде де тіршілік ете алады.Олардың кейбір түрлері тұзды суда,қалыпты жағдайдан 3 млн есе көп радиация шығаратын атом реакторларында да кездеседі.
Сонымен ,тіршілік литосфераның бет жағын, атмосфераның төменгі қабатын және гидросфераны түгелдей қамтиды деп қорытуға болады.
3.3. Қазақстанның экологиялық жағдайы
Адам әрекетінің нәтижесінде өзгерген табиғат кешендеріне, оларды қалпына келтіру мен болдырмау үшін қазақстандықтар мен Қазақстан Үкіметінің іс – шараларына қосымша білім көздеріне, баспасөз ақпарат құралдарына сүйеніп талдау жасау.
Көз алдымызға бір сәт елестетіп көрейікші. Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан тұйық көл.Ауданы: 66 мың км². Қазіргі Аралдың жасы 8-10 мың жыл шамасында. Ұзындығы 428 км, ені 235 км. Суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде 2-ші, ал Дүниежүзі бойынша 4-ші орынға ие көл. Геологиялық тарихына қарағанда, Каспий теңізінен едәуір жас.
Арал теңізінің тартылуы

Арал теңізі құрыса не болады? Біріншіден, құрғаған теңіз табанынан ұшқан тұзды – шаң (қазірдің өзінде 150 тоннадан) аспанға ұшып сонау алыс аймақтарға, керек десеңіз Англияға дейін аяқ созады.Бұған дейін оазис көкорай өңірлер құлазып сортаңға айналады. Екіншіден, Қарақұм, Қызылқұм, Үстірт үшеуін ажыратып тұрған Арал ертең жоғалғанда сол үш құм бір – бірімен қойындасып, тұтасып басқа өңірлерге қарай сусып көшпей ме?Басқасын былай қойғанда нашар экологиялық жағдай адам денсаулығына, әсіресе балалар мен қарттар денсаулығына кері әсер етуде.Балалар өмірінің ең жоғарғы деңгейі – Қазақстандағы цифрларға жүгінсек, Арал қаласында туған әрбір 1000 баланың 100 – і шетінейді екен, сүзектен ауыратындар 29 есеге, гепатиттен ауыратындар 7 есеге көбейген.Соңғы 20 жыл ішінде Арал теңізі 640 текше шақырым суынан айырылған.Ондаған мың адамның туған жері Аралды тастап көшуге мәжбүр болғанын, көпшіліктің тілегімен жабылған Семей ядролық жарылыстар полигонның өз алдына қайғы – қасірет әкелгенін, сонау 1949 – 1963 жылдары табаны күректей 14 жыл қатарынан атом қаруы ашық уада жарылғанын, отыз жылға жуық жерасты сынақтары жүргізіліп, өмір мен өлімнің нақ белдескен жеріндегі тұрған жұрт қатерлі ісік, қаназдық (анемия), ақ қан (лейкемия) ауруларымен ауырған.

4.Бөлім. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМІНІҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ
4.1. Мұғалімге көмек
Қазіргі заманда адамдардың айнала қоршаған ортаға әсері тез ұлғайып, бүкіл Жер шарын қамтыды.Адам іс – әрекетінің әсерінен жер бедері, климат жағдайлары, өзгеруде.
География пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдардың аздығына, оқушы үшін дидактикалық материалдардың және жұмыс дәптерлерінің аздығына байланысты практикалық жұмыс тапсырмаларын мұғалімнің өзі құрастыруға тура келеді. Тапсырмаларды құруда оқу-әдістемелік құралдарын, «География және табиғат» басылымдарын, электрондық оқулықтарды, Интернеттегі ақпараттарды, т. б. ақпарат көздерін пайдаланудамыз. Көмекші құралдар көп болған жағдайда, жас ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі оқу – тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені ол оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болып, аса маңызды оқу – тәрбиелік міндет атқарады. Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың қатарына
географиядан факультативтік сабақтар( өлкетану), апталықтар ұйымдастыру;
қабырға газеттерін және әр түрлі көрнекіліктерді ( макеттер мен буклеттер) әзірлеу;
географиялық кештер мен конференциялар, ойындар мен сайыстар, олимпиадалар, ойша саяхаттар ұйымдастыру;
компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, сызбалар жасау;
компьютерлік компакт – дискілерді пайдаланып, қосымша деректер жинау жатады.
Мектеп көлемінде ұйымдастырылатын географиялық апталық жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмыстардан оқушыларды қамту дәрежесі мен қысқа мерзім ішінде орындалатын жұмыстың ауқымы жөнінен ерекшеленеді. Географиялық апталық барысында оқушылар үлкен үзіліс кезінде және сабақтан кейінгі уақытта әр түрлі бағыттағы жұмыстар жүргізеді.Бұл жұмыстар апталықтың таңдап алған тақырыбына сәйкес өткізіледі. Қазіргі таңда ғылымның барлық салаларының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы оқушының терең теориялық ойлануына қабілеттілігін арттырып отыр. Ал ұстаздың міндеті оқушылардың даму мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, жас ерекшелігіне сай ақыл ойды дамытудың жоғары деңгейіне жету. Сондай игі мақсатты көздеген істердің бірі география апталығының « Сен мені білесің бе ?» айдары бөлімінде ұйымдастырылған топографиялық тұрғыда жасырылған сурет жұмбақтарын көпшілік оқырманға ұсынып отырмын

1-сурет Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген? ( Африка)

2-.суретте Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлкет бейнеленген? ( Нидерланды)
3-сурет Орамалды әйел ана бейнесіндегі ел бейнеленген ( Португалия және Испания)
Географиялық апталықтар атақты географ – ғалымдардың мерейтойларына, жергілікті жердегі « қала күні » мен мерекелерге,географиялық ашылуларға немесе таңдалып алынған басқа да тақырыптарға арналуы мүмкін.Мысалы, « Қаламызды білеміз бе? » тақырыбы бойынша ұйымдастырылатын географиялық апталықтың жоспарында мынадай шаралады қамтуға болады:
Не? Қайда? Қашан? Интеллектуалдық – танымдық ойын
5- 8 сынып оқушыларына арналған
Жүргізуші: Қайырлы күн, оқушылар!
Экология апталығына орай бүгінгі тәрбие сағатымызды әйгілі теледидар бағдарламасы Не? Қайда? Қашан? ойынымен бастағымыз келіп отыр
Ойынның мақсаты мен міндеттері:
1.Оқушылардың шығармашылық белсенділік тұрғыда ойлауын, қоршаған адамдарға қоғамға және табиғатқа адамгершілікпен қарау
2.Топпен жұмыс істеуін (оқушылардың бір – біріне деген жан ашуы мәселелердің талқылауы)
3. Ақыл - ой қабілеттерін дамыту туралы білімді меңгеруіне қол жеткізу
Ұйымдастыру кезеңі: Не? Қайда? Қашан? ойынында 2 топ қатысады. Оқушылар өздерінің сыныптас құрдастарымен ойнамай, мұғалімдерге қарсы ойнайды.Оқушылар мұғалімдерге қарама – қарсы ойнайды.(Слайдта мұғалімдер көрсетілген) Мұғалімдер оқушыларға сұрақ қояды, оқушылар мұғалімдердің сұрағына жауап берсе 1 ұпай қанжығасына иеленеді, ал егер оқушылар сұраққа жауап бере алмаса ұпай мұғалімдерге кетеді. Оқушылардан 6 –ойыншы қатысады. Ойыншылардың жас ерекшеліктеріне қарай, әр сыныптан 2 және 1 оқушы алынды.Сұрақтар алдын –ала дайындалған. Ойынды жүргізуші мұғалім: Жармағанбетова Қалима Танатканқызы
Конкурстық уақыт 45-50мин созылады Ойынға қатыспаған оқушылар өз сыныптастарына жанкүйер ретінде көмектесе алуы мүмкин, егер ойыншылар 1 мин болмай жауап берсе сыныптас оқушылары көмектесуге болады.Үстел 15 секторға бөлінген.
Дайындық бөлімі. Бірнеше күн бұрын топ аты және топ басшысы тағайындалды.
Топ аты:Экотоп.
Топ басшысы:Тастемір Ескендір.
Ойынға қатысқан оқушы өздері туралы шағын 5 - тапсырма (сауалнама) берілді Ойыншы:
1.Аты – жөні
2.Жасы:Сыныбы
3. Сүйікті ісі
4.Арманы
5.Не? Қайда? Қашан? ойынына қандай мақсатпен қатысқаны
2. Кіріспе бөлімі..Әділқазылар алқасы тағайындалынады
Пән мұғалімдерінің оқушыларға сұрақтары:
Алмагүл Сабырқызы
Меня найдешь на деревце,
На клумбе и на грядке,
В журнале, и в альбоме,
И в книге, и в тетрадке
(Лист)
Но птицей стать я зохотел –
И мне не надо буквы Л
Мне А в начале напиши
И как зовут меня – реши
(Аист)
Бұл қандай құстың аты ?
____________________________________________________________
Рақым Шынар

Екеуі де сын есімнен құралған қандай? деген сұраққа жауап беретін біріккен сөзден құралған құстың аты? (Аққу)
____________________________________________________________
Cқақ Күмісхан
Жапырағы: ауру тудыратын бактерияларды өлтіреді,ағаш майы: жара мен күйікті жазады,шырыны: ағзаны шынықтырады Бұл қандай ағаш? ( Қайың)
____________________________________________________________
Мардан Рахат
Дүние жүзіндегі ең лас теңіз ? (Жерорта теңізі)
____________________________________________________________
Ермұхамбетова жанат Боранбайқызы
Қостанай облысындағы қорықты атаңыз? (Наурызым қорығы)
____________________________________________________________
Аскерхан Нұржан
Мал жемейтін өсімдік шөп аты? (Шеңгел)
____________________________________________________________
Қасымова Ғалия
Мына суретте не? және кімнің бейнесі бейнеленгенін нақты түсіндір?
(сурет берілген орман ағаштарында әженің суреті бейнеленген және жарылған ағаштар)
____________________________________________________________
Жармағанбетова Қалима Танатканқызы
Экологтердің бағамдауы бойынша бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең көп ластанған қала саналады.Ауа кеңістігінің адам ағзасына зиянды ауыр түсті металдар мен ластануына қаладағы қорғасын – мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептейді.Бұл Қазақстандағы қай ластанған қала? (Өскемен қаласы)
____________________________________________________________
Аманкелд Мереке

Қорық дегеніміз не? Қазақстандағы ежелгі қорықты атаңыз?
( қорық дегеніміз жан – жануарларды қорғауға алынған, қазақстандағы ежелгі қорық – Ақсу - Жабағалы)
____________________________________________________________
Смайлова Айжан Ахметқызы
Ұлы ғалым геолог,қоғам қайраткері, геолог минерология ғылымының докторы Профессор Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушыларының бірі және тұңғыш Президенті
(Қаныш Имантайұлы Сәтбаев)
____________________________________________________________
Омаров Жұматай Тастемірұлы
Где родился 7-миллиардовый житель планеты?
Назовите страну и город (страна Россия- город Калининград)
____________________________________________________________
«Тет – а - тет » секторы
Автор: dauke | 31-03-2015, 22:37
Қарау саны: 5711
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :