» » » «Оңтүстік Американың ішкі сулары»


«Оңтүстік Американың ішкі сулары»

Сабақ тақырыбы:«Оңтүстік Американың ішкі сулары»

Мақсаты: Оңтүстік Американың өзен мен көлдеріне түсінік бере отырып, ішкі суларының орналасу ерекшеліктерін анықтау.
Білімділік:оқушылардың өздігінен ойлауға, қорытынды жасауға теориялық білімдерін қолдануға жағдай жасау.
Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:өзен-көлдерді ластанудан қорғауға тәрбилеу.
Құрал-жабдықтары: физикалық жартышар картасы; Оңтүстік Американың физикалық картасы; интербелсенді тақта,компьютер, проектор; өзендер: «Амазонка», «Ориноко», «Парана», «Анхель сарқырамасы»; бағалау парағы.
Сабақтың әдісі:ізденушілік, көрнекілік, қосымша ақпарат жинақтау.
Сабақтың формасы: жеке, жұппен, топпен.
Сабақтың түрі: жаңа білім берусабағы.
Негізгіұғымдар:Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена, Игуасу, Анхель, Титикака.
Пәнаралық байланыс: биология, жаратылыстану, қазақ тілі, әдебиет.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру.Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу./2 мин/
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.«Сұрақты қағып ал!»ойыны арқылы өткен тақырыпты тексеру.3 ұпай /3 мин/

І топ ІІ топ ІІІ топ
1) Суық ағыстың әсерінен пайда болған шөл қалай аталады?
Жауабы: Атакама
2) Анд тауының батыс жағалауына мұхиттың жақындығына қарамастан жауын-шашын неге аз түседі? Жауабы: Перуан суық ағысының әсері 1)Лама, кондор, шиншиллы қайда мекендейді?
Жауабы:Анд
2) Оңтүстік Америка
материгін қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?
Жауабы: экваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай 1) Оңтүстік Американың климатын қалыптастырушы факторлары?
Жауабы: географилық ендік, жер бедері, ауа массалары, мұхиттық ағыс.
2) ОңтүстікАмериканың климатына жер бедері қалай әсер етеді?
Жауабы: шығыс бөлігі жазықтар мен батыс бөлігі таулардың басым болып келуі

ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау.«не білдік?»әр топтан 1 оқушы қорытынды жасайды. /2 мин/
ІҮЖаңа сабақты меңгеру.Ыбрай Алтынсариннің «Өзен» өлеңінен үзінді:
/3мин/
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жаныбында,
Тастаста, алтын таста сынамаққа.
Тапсырма:осы өлең шумақтарында не туралы айтылған? – өзен.
Сабақтың тақырыбы: «Оңтүстік Американың ішкі сулары» (дәптерге жазу)
Мақсаты: «Адасқан сөздерден сөйлем құрастыр» сабақтың мақсатын анықтау.
1. Оқулықпен жеке жұмыс. «Түртіп алу».3ұпай/5 мин/
2. Топпен жұмыс.Карташада берілген тапсырманы флипчартқа салып постерді қорғау және картадан көрсету. (тақтаға ілу, стикермен бағалау)
3 ұпай 7мин /4+3/

3. «Танып ал да, атын ата». Интербелсенді тақтадағы суреттерді анықтау.
3 ұпай /5 мин/
1 2 3 4 5
Дұрыс жауап:1-Маракайбо; 2-Титикака; 3-Амазонка; 4- ПаранаибажәнеРиу-Гранди, и Парана; 5-Уругвай и Рио-Негро, и Ла-Плата

4. «Жұбыңды тексер».Кестемен жеке жұмыс. Оқушылар дәптерлеріне Оңтүстік Американың көлдерін кестеге салыпорындайды.(әр бір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады)3ұпай/5мин/

Титикака Анд тауындағы ірі тектоникалық көл.
Поопо Титикаканың оңтүстігінде орналасқан, жазда кеуіп қалатын тұзды көл.
Маракайбо Материк жағалауынан мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көл.

5.«Адасқан объектілер»сәйкестендір.3ұпай /3 мин/
Ориноко 1. Сарқырама
Маракайбо 2. Өзен
Игуасу 3. көл
Парана 4. Өзен
Амазонка 5. Сарқырама
Анхель 6. Өзен
Поопо 7. Көл

Ү Бекіту. «Ой толғау» шығармашылық топпен жұмыс. 3ұпай /5 мин/

Проблема:Оңтүстік Американың ішкі сулардың ластануы

1) Қолдану көздерін анықта.
2) Ластану көздерін анықта.
3) Шешу жолдарын көрсет.

ҮІ Бағалау. Геодиктант10 ұпай /5 мин/

1. Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі ... жаңбыр.
2. Оңтүстік Американың ең ірі өзені ... . Амазонка
3. Амазонка өзенінің ұзындығы ... км. 6480 км
4.Амазонканың ең ірі сол жақ саласы ... 2300 км, ең ірі оң жақ және жалпы ең ірі саласы ... 3230 км.Риу-Негру, Мадейра
5. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен екінші өзені ... . Парана
6. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен үшінші өзені .... . Ориноко
7. Ориноконың бастауын бірінші рет ... жылы ғана француз экспедициясы тауып, зерттеген. 1954
8.Материктің ең ірі көлі ... – Анд таулы үстіртінде ... м биіктікте орналасқан. Титикака, 3800
9. Титикака көлінде ... , алПооподаөте ... болып келеді.тұщы, тұзды
10.Суық тұздылығын өлшейтін құрал ... . промилле

ҮІІ Қорытынды. Рефлексия
ҮІІІ Үйге тапсырма:§58 оқу, кескін картаға өзендері мен көлдерін түсіру.
Автор: dauke | 31-03-2015, 22:53
Қарау саны: 2457
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :