» » » Солтүстік Американың халқы мен елдері.


Солтүстік Американың халқы мен елдері.

Мерзімі:
Сынып: 7
Тақырыбы: Солтүстік Американың халқы мен елдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік америка елдері мен халқының ерекшеліктері туралы, білім дерін қалыптастыруды одан әрі жалғастыру. Солтүстік Америка материгіндегі АҚШ, Канада, Мексика және т. Б. елдері туралы білім беру.
Дамытушылық: Солтүстік Америка елдері АҚШ, Канада, Мексика және т. б. елдерінің орналасу нүктелерімен таныстырып, ойлауға, дамытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, визуалды түрде саяхат жасау қабілеттерін одан әрі дамыту. Түрлі карталарды салыстыру, өздігімен презентациялар жасау қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету және әлем табиғатын үйрене келе, өз отанының табиғатын аялауға, сүюге, экологиялық біліммен біргелікте тәрбие беру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ, видео сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Құрал жабдықтары: Солтүстік Американың саяси картасы, атлас, кескін карта, слайдтар, интерактивті тақта, видео
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздерме балалар! Міне біз бүгін, Солтүстік Америка материгіндегі саяхатымыздың 5-ші күнін бастаймыз.
2. Сергіту сәті. «Ыммен түсіндіру» ойыны
3. Топқа бөлу.
Санау бойынша сынып топтарға бөлінеді. Топ мүшелері жұмыстарды өзара бөліседі, бүгін тобымыздан елші сайланады, ережемен танысады.
1. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Жаңа тақырып бойынша топтарға тапсырмалар бөлініп беріледі. Топтар тақырыпты алдымен жеке меңгереді. Белгілі уақыт өткен соң әрбір топта жұптық жұмыс басталады. Топтық жұмыстан соң елшілер басқа топтарға барады, топ мүшелері келген елшіге өздерінің меңгерген тақырыптарын толығымен түсіндіріп, сұрақтарына жауап береді. Елшілер барлық топтарды аралап болған соң, өз тобына оралып қай топтан нені үйреніп келгендерінің барлығын ретімен өз тобына түсіндіріп береді, сұрақтарына жауап береді.
Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқа анықтама жасайды.
Солтүстік Америкада д.ж-гі ең дамыған ел - Америка Құрама Штаттары орналасқан. АҚШ-тың материктегі бөліктерінің аралығында Канада, ал оңтүстігінде Мексика орналасқан. Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарын кішігірім елдер алып жатыр.Америка Құрама Штаттары. АҚШ-ры жерінің ауданы (9 млн 363 мың км) жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орын алады. Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады. Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ) деп аталады. Астанасы Вашингтон қаласы.Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. АҚШ-тың шаруашылығы сан салалы, ең жетекші сала – машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Елде жылу-энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген.
Канада – д.ж-де жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін 2-ші орын алады. Канада жерінің ауданы 9 млн 970 мың км. Ел материктің солтүстік бөлігі мен Канаданың Арктикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы – Оттава қаласы. Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Елдің солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал болғандықтан нашар игерілген. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен солтүстік бұғысы – карибу тіршілік етеді. Елдің осы бөлігінде ғасырлар бойы қатал климат жағдайында өмір сүруге бейімделген байырғы халық – эскимостар тұрады.
Канада ормандарға бай. Мұнда америкалық көгілдір шырша, бал қарағай, қарағай өседі. Ормандарда терісі бағалы аңдардан бұлғын, күзен, ақкіс пен жыртқыштардан қара аю – барибал, сілеусін, койот тіршілік етеді.
Елдің оңтүстік-батысындағы прерийді егіс далалары алып жатыр. Канада жылына шамамен 40 млн. тонна бидай өнімін, жинақтайтындықтан, астықты басқа елдерге де сатады.
Канаданың жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Ежелгі платформаға сәйкес келетін жазық бөліктерде уран, никель, алтын, мыс, темірдің бай кен орындары бар. Ұлы жазықта мұнай мен газ өндіріледі. Ағыны қатты тау өзендерінде арзан қуат көзі, ірі су электр стансалары салынған.
Канаданың табиғатты қорғауға көп көңіл бөлінеді. Елде 31 ұлттық парк жұмыс істейді. Ең ірілері – Вуд Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди. Бастапқыда қорық ретінде ұйымдастырылған ұлттық парктерде қазіргі кезде жергілікті халық пен туристердің демалуына қажетті жағдайлар жасалған.
Орталық Америка елдері. Орталық Американың материктік бөлігін Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңіздеріндегі Үлкен және Кіші Антиль аралдарын Куба, Гаити, Доминика, Ямайка және т.б. кіші елдер мен иеліктер алып жатыр. Материктік бөліктегі ең ірі ел – Мексика, ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел Куба болып табылады. Бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халықтың тұрмыс-тіршілігі Канада мен АҚШ-тан үлкен айырмашылық жасайды.
6. Топтар өздігінше меңгерген тақырыбы бойынша Венн диаграммасын құрап елдердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын плакатқа түсіріп, тақтада қорғайды.
7. Жаңа тықырыпты бекіту
Оқушылар «сиқырлы кітап» ойынын ойнап, ондағы сұрақтарға жауап береді, тақтадағы картадан көрсетеді.
8. Топтағы бағалаушылар өз тобындағы оқушыларға жеке-жеке қойылған бағалар туралы мәлімдейді. Бағалау қағазын мұғалімге тапсырады.
9. Рефлексия. Оқушылар өздерінің пікірлерін стикерлерге жазып, смайликтерге қыстырады.
10. Үйге тапсырма. Солтүстік американың елдреі тақырыбын оқу, мазмұндау. Кескін картаға материк елдерін түсіріп келу.
Автор: dauke | 31-03-2015, 23:01
Қарау саны: 2270
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :