Геометриялық пішіндер әлемінде » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Геометриялық пішіндер әлемінде


Геометриялық пішіндер әлемінде

«№2 Қашар орта мектебі»КММ
Шағын орталық тәрбиешісі
Шабарова Зафура Мунировнаның ашық сабағы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Балапан» тобы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер әлемінде
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тексеру. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету. Заттардың кеңістіктегі орналасу орнын айта білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Қолданылатын материалдар: Сиқырлы қалта, геометриялық пішіндерге ұқсас заттар, тапсырма орындау үшін қағаз, қарындаш, геометриялық пішіндер әр балаға, үлгілер.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
І кезең
Дәлелдеу - ояту
II кезең
Ұйымдастыру- іздену Балалар бізге келген бүгінгі қонақтармен амандасып алайық!
Балалар қонақтармен амандасады.
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы.
Ортан терек - кезекші,
Шылдыр шүмек - көмекші.
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Бір дыбыс естіледі.
Тәрбиеші балалардың назарын
үстел үстіндегі сиқырлы қалтаға аударып:
- «Балалар дыбыс осы қалтадан шығып жатқан сияқты, сиқырлы қалтада не бар екенін білгілерің келе ме?» - деп сұрайды.
Ендеше қазір біз сиқырлы қалтаны ашып көреміз.
Жасұлан келе ғой, енді сен көзіңді жұмып сиқырлы қалтадан қолыңа түскен заттың не екенін қолыңмен сипап біліп бізге айтасың. Сиқырлы қалтадағы қалған геометриялық пішіндерді басқа балалар да алады да, бір қатарға орналастырады. Ал енді балалар, біз геометриялық пішіндерді санап шығайық.
- Балалар біз геометриялық пішіндерді қалай санадық?
- Енді қалай санауға болады?
1-ден 4-ке дейін тура және кері санау.
Д/ойын: Шеңберге ұқсас заттарды білесіңдерме?
- Біздің тобымыздың ішінде шеңберге ұқсас заттарды атаңдар.
- Шеңбердің бұрышы барма?
Ендеше балалар орнымызға отырып, достарымызға шеңберді қалай сызу керектігін көрсетейік.Бізге шеңберді сызу үшін көмекке қалам келіпті:
- Қаламды қайсы қолға ұстау керек?
Ал енді балалар алдарыңдағы қағазды сол қолдарыңмен басып, қағаздың сол жақ бөлігіндегі салынған затты санап, оң жақ бөлігіне сонша шеңбер саламыз. Балалардың жұмысы.Тәрбиеші қиналған балаға жеке көмек көрсетеді.Енді жанымызда отырған достарымыздың жұмысын тексеріп шығамыз.

Ал енді балалар орнымыздан тұрып, шеңбер құрайық:
- Айтыңдаршы үшбұрышқа ұқсас заттарды білесіңдерме?
- Неге оны үшбұрыш деп атаймыз?
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
- Бұл ойында барлығымыз неге айналамыз?
Ендеше құстарым мұқият тыңдаңдар, Мен қазір, «Күн шықты!» - деген кезімде сендер не істеулерің керек?
-Жаңбыр жауды деген кезде не істейсіңдер?
-Жарайсыңдар
-Үйдің шатыры неге ұқсайды екен?
Көк аспанға қараймын(қолды көлегейлеп аспанға қарау)
Кеткен құсты санаймын (саусақпен санау)
Үшбұрыш боп тырналар(үшбұрыш етіп төбесіне қолын ұстау)
Жылы жаққа оралар! (қанаттарын қағып, айналып ұшу)
Д/ойын: «Жоғары, төмен»
Ал,балалар орнымызға отырайық!Алдымыздағы қағаздағы сызыққа мән берейік, қағаздың ортасынан бөлінген
Сондықтан қағаз екі бөлімнен тұрады.
- Қане кім, осы бөліктерді атайды?
Балалардың жұмысы. Жеке көмек.
Д/ойын: «Есте сақтау қабілетіне арналған » Үлгіге қарап геометриялық пішіндердің орналасуын мұқият көріп алып, есінде сақтағанын қағаз бетіне қойып шығу. Үлгіге қарап өз жұмыстарын тексеру. Геометриялық пішіндерді қай жерге орналастырғанын өз бетінше айта білуге ынталандыру.
- Сәлеметсіздерме!
- Санамақты саусақтарын дұрыс көрсетіп,барлығы бірге сөзіне сай жатқа айта білді.
-Иә,білгіміз келеді.
Сиқырлы қалтаны көріп, ішінді не бар екенін білуге қызығушылықпен келісті.
-Біз пішіндерді тура санадық.
-Кері санауға болады.
Алма, доп, апельсин, мандарин,Бағдаршамның көздері,Шәйнектің қақпағы,Машинаның доңғалағы,Шкафтың тұтқасы, шарлар,
Шеңбердің бұрышы жоқ, ол дөңгелек, домалапта кетеді.
-Қаламды оң қолмен ұстау керек.
Берілген тапсырманы тыңғылықты орындауға тырысты.
-Ия,үйдің шатыры,шырша,қайтқан құстар т.б.
-Үш бұрышы болғандықтан
-Құстарға
-Сыртқа ойнауға, серуенге шығу керек.
-Жаурамас үшін үйге кіреміз.
-Үйдің шатыры үш бұрышқа ұқсайды.
-Жоғары, төмен
Балалар
дыбысты дұрыс атады.
Ойын кезінде балалар өздерін еркін сезінді.Тапсырманы орындағанда бір- біріне көмектесті.
- Жоғарғы, төменгі бөліктер
ІІІ кезең
Рефлексивті-түзету Бүгін біз не үйрендік, достарына айтып беру.
Сабақта не үйренгенін өз бетінше айту. Ерекше көзге түскен балаларды марапаттау.
Өз ойын жеткізіп айта алды.
Күтілетін нәтиже:
Білді: Геометриялық пішіндерді дұрыс атауды
Игерді: Геометриялық пішіндердің орналасуын өз бетінше ажыратуды
Меңгерді: Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды дұрыс атауды
Автор: dauke | 19-03-2015, 22:40
Қарау саны: 1467
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :