Химия оқытуда пәндік білікті қалыптастыру » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Химия оқытуда пәндік білікті қалыптастыру


Химия оқытуда пәндік білікті қалыптастыру

Качир ауданы Федоровка орта жалпы білім беру мектебі

Тақырыбы:

Химия оқытуда пәндік білікті қалыптастыру.

 Құрастырған: Химия және биология пәні

Мұғалімі: Хавдкей Хурметхан

Федоровка ауылы 2012

Аңдатпа

 Жалпы орта білім беру мектептерінде негізгі пәндер соның ішінде

 Химия пәнінің білім сапасын қалыптастыру көкейтесті проблеманың

 бірі.Бұл мәселені шешуге жаңа технологияларды оңтайлы керектену

 оқушының «мен» концепциясын жетілдіру және жалпыға міндетті стандартқа сай білім біліктілік дағдысын игерту жеке тұлға ерекшелігін ескеріп Ұ.Б.Т-ге таңдаған оқушылармен тереңдетілген тапсырмамен жұмыстап қызығушылығын арттыру белсендігін жоғарлату әртүрлі технологиялар керектенумен қатар жұмыс нәтижесін көрсететін біліктілігін қалыптастыратын бақылау сынақ нақты нәтиже көрсеткіші болуы шарт.

Бақылау сынақ жүйелі жан-жақты қарастырылған қарапайымнан күрделендірілген, өзін-өзі бағалайтын, білімін толытырып белгілі нәтижеге жеткенін итермелейтін қызығушылығын арттыратын күш болу керек.

12 жылдық білім беруге көшуде жаратылыстану математика бағытындағы

Химия пәні бойынша білім сапасын қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы„ заңында«Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық,коммуникациялық желілерге шығу»деп білім беру жүйесін одан ары дамыту міндеттері көзделген.«Білім сапасы»XXI ғасырдағы басты міндет.Сондықтан білім көлемін жинақтап,оқу материалын жеңілдету,құзырлыққа жетуге бағытталаған мазмұн қажет етіп отыр

12-жылдық білім беруге көшу-білім берудің мақсатын,құрылымын,мазмұнын,әдістер мен құралдарын оқу үдерісінің ұйымдастыру формасын жаңарту.Әрбір мұғалім,мектеп басшысы,ата-ана,оқушы да болашақ мектеп пен ондағы өзінің орны жөнінде саналы пікірін қалыптастыруы тиіс.Баланың жеке білім алу таңдау құқығына кепілдік бере алатын,өмірге қасиетті тәсілдер мен іс-әрекет технологияларын игеруге,жеке және жас ерекшелігіне,шығармашылық қабілетіне,әлеуметтік талаптарына сәйкес қажеттілігін қанағаттандыра алатын жаңа құрылымды мектеп құра аламыз.12-жылдық мектептің басты ерекшелігі –ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына,өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне,әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін,өзін-өзі айқындауға саналы түрде даиын болуға,қоғамның экономикалық,мәдени,саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институының қалыптасуында болып отыр.

12жылдық оқытатын мектепте әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған

Базистік оқу жоспарының құрылымында мыналар бөлініп көрсетілген:

Инвариантты бөлігі- жалпы мәдени және ұлттық маңызға ие құндылықтарға жақындасуды, қоғамдық мұраттарға сәйкес келетін тұлғалық сапаларды қалыптастыруды қамтамаса етеді.

Екі компонентен тұрады:

1.Базалық компонент- тұтас білім кеңістігін қамтамасыз етеді және базалық (жалпы білім беру) деңгейде оқытатудың барлық бағыттары үшін міндетті пәндерді оқытуды көздейді.

2.Бейіндік (профильді) компонент- оқушылардың қызығушылары мен қабілеттерін неғурлым толық ескеруге мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құрылымы. Вариативті бөлік- оқушылардың таңдауы бойынша элективті курстар мен "Зерттеу және шығармашылық іс-әрекет негіздері” қолданбалы арнайы курсын қамтиды. Тұлғаға бағдарланған бөлік- бейіндікмектептің оқу жоспарына сәйкес оқушының жеке білім алу траекториясы қалыптасады.

Оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.

Оқыту процесі мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы негізінде білім нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін базалық және вариативті білім беру мазмұныныңүйлестірілуін, оқытудың репродуктивті, өнімді және зерттеу технологияларын оңтайлы пайдалануды ескере отырып құрылады.

Оқыту процесін ұйымдастыру негізінде мынадай тәсілдер жатыр:

-тұлғаға бағдарланған

-іс-әрекеттік

-құзыреттілік

-денсаулық сақтау

Тұлғаға бағдарланған тәсіл- оқушы тұлғасының әлеуметтілік мүмкіндіктерінің дамуы мен есебіне бағытталған. Вариативтік және сараланған бағдарламаларды, оқу және оқудан тыс іс-әрекетті ұйымдастырудың, оқушылардың жеке білім траекторияларын құру мәселелерін шешудің түрлі нысандарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі.

Іс-әрекет тәсіл- оқушының дербес өнімді іс-әрекетін ұйымдастыру жағдайында тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттері неғұрлым толық көрсету мен дамытуға бағытталған.

Құзыреттілік тәсіл- оқушылардың тұлғалық сапаларының кешенін дамытуға, білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Денсаулық сақтау тәсілі- жеке және ұлттық құндылықтар ретінде оқушы денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді.

Химия сабақтарында тұлғалық-бағдарлық оқыту

Әр оқушының өзінің интелектулдық қабылеті,оқу бағдарламысын негізгі мектепте қиындаттылады,сыныптан сыныпқа өткен сайын білім-білік дағдыларына қойылатын талаптарда жоғарлайды осы қиындықтарды жеңуге тұлғалық –бағдарлық технология көмектеседі.

ТБТ: Оқушыға жан-жақты жағдай туғыза отырып оның жағдайына кедергісіз жағдайлар туғызумен қатар табиғи потенциал пайдалануы оқыту жүйесіннің орталығына оқушы тұлғасы қояды.

«Мен» концепциясының қалыптасуына ТБТ ерекшелігі:

-Оқушының өздігінен көрінуіне ойлар мен болжамдар туғызуына мүмкіндік беру

-бағалар ,ойлар, пікіплер алмасуын ұйымдастыру, жолдастарының жауабын сараптауға жинақтау.

-Оқушының әр қайсысын жетістікке жетуіне итермелеу

-Сабаққа дайындалуына ақпараттар іздену.

-Оқушыны жалықтырумау жұмыс түрлерін есеп типтерін

«Неге» «қалай» сұрақтарын шешуге жол ашу.

 

-Іскерлік негізінде оқытудың нұсқалық диференциялауына қол жету.ТБТ сабақта білім беріліп ғана қоймай оқушы тұлғасының ерекшелігін ашады және қалыптастырады. Мұғалім жағымды атмосфера қалыптастырумен қатар әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін көре біледі.

ТБТ әр сатылы оқыту, ұжымдық оқыту,Модулді оқыту,жобалау әдісінің технологиясы ойын және ақпаратты коммуникатипті технология белсенді қолдана алады.

Мұнда:-деңгейлі диференциалды технологиясы және ойынды технологиясы

-жоба жұмысының технологиясы және ақпараттық коммунатиптік технологиясы.

Деңгейлі диференциалдарды технология мектеп бағдарламаларымен оқулық көп түрлерімен және білім берудің міндетті минимум мазмұннын бекітлуі оқушыларға сыныптармен мектептерді мамандандыруға жол ашумен қатар жалпы мектептердің сыныптарында таралған жаппай нұсқалық кейбір оқушыларға ең аз көлемде тақырыпты меңгереді,басқаларына тереңдетіп меңгеру міндетті.

Деңгейлі диференция технологияның мақсаты: барлық оқушыларға пәнге дайындықты базалық деңгейден көтеруге жеткізу,пәнге қызығушылығы бар және қабылетті оқушыларға материалды жоғары деңгейде меңгеруге жағдай жасау.

Теориялық ықпал:

-Оқушылардың танымдық қызығушылығын ескеру

-оқушылармен бағдарламалар қиындығын азайту

-әр оқушыны өз күшімен қабылетіне сай дамыту

-оқытуда психологиялық жағдай жасау.

Методикалық негіз:

-Оқытудың индивидуалдығы

-талапты диференциалды деңгейі

-оқушыға берілетін материал жоғары деңгейде беріледі ал білім білік дағдылары әр түрлі үш деңгейде жүргізіледі.

-оқушының меңгере алатынығана талапқа алынады.

Оқыту әркетті:

-түсіндіру,жаттығу,көмек және өзара көмек,міндетті нәтижесін тексеру тақырыпты меңгеруін тексеру.(тақырыптық сынақ)

Концептуалды жағы:

-базалық деңгей мүмкіндікке сай берілу

-мативация ой-қозғау

-білмеген үшін жазаламау,ескерту

-оқушы оқыту дәрежесін таңдауға құқылығын мойындау

-оқушының оқудың жеңісін сезіну

Нәтижелер:

-Оқушылардың өзінің мүмкіндігін нақты бағалуға

-пәнге қызығушылы артыру

-мұғалімен оқушы арасында серіктестік қатынас орнау

-сабақта оқушылардың психологиялық қысым азаю

-білім сапасы көтеріліп нащар оқитын оқушылар белсенділігі артады.

-Оқушылар білім тексерудің алдындағы қорқу сезімі жойылады.

Химиялық түсініктерді және орта мектепте химияны оқытуда пәндік білікті қалыптастыру білім сапасына үлкен маңызы бар.

Білім сапасының маңызды міндеттемесі-оның жүйелігі,оқу элементтерінің арасындағы нақты байланыс:

Деңгейлі дифферциал элементтерін 8- сынып курысы бойынша негізгі тақырыптар бойынша алынады.

Сынақ сұрақтар алдын ала хабарланады,тапсырмалар тексеріледі,8 сыныпта төрт сынақ:

1.бастапқы химиялық ұғымдар

2.оттек. Оксидтер.жану

3.бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

4. Д.И.Мендеевтің периодтық заңы. Атом құрлысы

Мұндай сынақтардың көрсетуі бойынша оқушы тақырыпты жүйелі дайындаған болса сынақты оңай тапсырады.

Жақсы тапсырған оқушылар мұғалімге көмекші болады.

10 сыныпта жалпы білім беретін мектептің оқушылары оқуға мүмкіндіктерімен ғана ерекшеленбейді,сонымен қатар білім деңгей ескеріледі, және олардың кейбіреуі ҰБТге немесе оқуға түсу үшін ғана химияны таңдайды ал қалғандары пәннің бағасы ғана қызықтырады.

Мұндай жағдайда бірдей талап қойылса оқу процессі қиын әрі қызығушылығы төмендейді.

Деңгейлі диференция технологиясы барлық оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ескере отырып,әр қайсысын қабылетіне қарай дамуына, мұғалімнің оқыту әдіс-тәсілдерінің түрлерін қолдануға шектеу қойылмайды.

Әр сабақта тақырыпты қортындылайды және тақырыптық сынақ алады.

Сынақ тест түрінде,дәстүрлі әдістер(сұрақтар, айналулар тізбегі,сандық есеп.

Міндетті және қосымша бөліктерден тұрады.

Сынаққа дайындық білім біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес беріледі.

Тапсырмалар арнайы қабырғада орналастыруға болады.

Бұл оқушылардың өзін-өзі бақылау мүмкіндіктерін береді.

Материалды алғашқы бекіту қарапайым мысалдармен өткізеді.

Біртіндеп күрделендіреді.Сондықтан тақырыпты бекітуде деңгейлі дидактикалық материал дайындайды.Тапсырма екі үш сабақтан кейін тақырыптық сынақ дайындық ретінде өткізіліп,тапсырмалардың баламалары жасалынады.Бұл оқушының өзінің дайындық деңгейін бағалап,олқылығын түзетуге мүмкіндік туғызады және белгілі мақсатқа жетуіне,бағасын өзгерткісі келсе қайта дайындық тапсырма алуына мүкіндік береді.

Деңгейлі диференцияны ескере отырып әр үлкен бөлімді қамту керек.Мысалы:

 Көмірсутектер бөлімінде тақырыптық сынақ нұсқасы

 Міндетті бөлім:

 1.Гексенді анықтауға болатын реактивтер тобы

 А.Сілті,лакмус

 Б.Сілті ерітіндісі,калий перманганаты

 В.Бром суы

 2.Қаныққан көмірсутектер гибридтену түрі

 А.sр

 Б.sр2

 В.sр3

 3.СН2=СН-СН3көмірсутегі жатады

 А.Қос және қанықпаған

 Б.Үш және қанықпаған

 В.Дара және қанықпаған

 4.Хлорт этанды Марковников В.В реакциясы арқылы алу

сызбанұсқасы

 А.СН4+СI2→СН3-СН2СI

 Б.Н2С=СН2+НСI→СН3-СН2СI

 В.С2Н22О→СН3СОН

 5.Этан этеннен ерекшеленеді

 А.Құрамы

 Б.Молекулалық құрылысы

 В.Қасиеті

 6.Айналуларды жүзеге асыр

 С2Н4→С2Н6→СО22О

 7.Бензолға тән изомерлердің түрлері қандай

 8.Бензол молекуласы бромды су және калий перманганатымен

 Әрекеттеспейтін себебін түсіндір

 9.Стирол оңай полимерленеді себебін түсіндір, теңдеуін жаз.

 10.11,2 л көмірсутек(қ.ж) жаққанда 33,6 л көмірқышқыл газ,18 л су

 түзеді.Көмірсутектің молекулалық формуласын тап,құрлыс

 формуласын жаз.

 Қосымша бөлім:

 1.Бензол молекуласындағы барлық көміртек атомдары арасындағы байланыстар« таза» дара байланыста қос байланыстардан да өзгеше себебін түсіндір

 2.Молекула аралық сутекті байланыс түзуі формулалар төменде келтірілген қай заттарға тән.

 С6Н66Н5ОН:С6Н14:НО-СН2-СН2-ОН:НСООН

 Міндетті бөлімнің әрбір тапсырмасы- 1 ұпай,қосымшасы 2 ұпай,

 8 ұпай жинаған оқушы сынақ алады.

Егер ол міндетті бөлімнен 9 тапсырма орындаса және қосымшадан бір тапсырма орындаса «4»,«5»,баға алу үшін барлық тапсырманы орындау керек.

 Қолданған әдебиеттер

 1.Пән бойынша мемлекеттік білім беру бағдарламасы

2.ҚР БҒМ 2002 ж.24.09.2 №693 бұйрығымен бекітілгенҚР орта жалпы білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт

3.Құлдыбаева С.Б. Технологическая карта развивающего обучения

12-летнее образование ,2008 №9

4.Сайт материалдары

5.Ұжымдық оқыту әдісі 2003 №7

Автор: dauke | 13-12-2016, 21:38
Қарау саны: 269
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :