» » » Сутек-химиялық элемент және жай зат.Сутектің изотоптары.


Сутек-химиялық элемент және жай зат.Сутектің изотоптары.

Күні: 09.02.2017 жыл

Сыныбы: 8-сынып

Тақырыбы: Сутек-химиялық

элемент және жай зат.Сутектің изотоптары.

Мұғалімнің есімі: Жексенбаева А.А.

Қатысушылар саны:

28 оқушы

Қатыспағандар:

оқушы

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сутек атомының, сутек молекуласының, жай зат ретінде сутектің құрамын, құрылысын, қасиеттерін сипаттау. Сандық сипаттамаларын анықтйды. Табиғаттағы кездесуін талдай отырып, изотоптарының құрылысын біледі.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіреді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Газдардың салыстырмалы қасиеттерін сипаттай алады.

Кейбір оқушылар:

Тақырып бойынша мысал келтіреді, оны шешеді, өз сөзімен баяндайды, қорытынды жасайды. Барлық деңгей есептерін шығарады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Газдар туралы білгенін өз сөзімен баяндай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Газдар,Авагадро заңы, көлем, тығыздық, молдік масса

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Сутек газы, молекуласы, жайзат екендігі, көлемі және изотоптары.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

1. Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

2.Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар)

• 3.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

• 4.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?

Жазылым бойынша:

№6. (83– бет). №7. (83 – бет). №8 (83-бет)

Алдыңғы тақырып

(меңгерген дағдылар)

Газдардың алатын көлемін, тығыздығын, салыстырмалы тығыздығын, жай зат және күрделі зат бойынша түсінігін айтады, тапсырма орындайды.

Жоспар

Жоспар-

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы:

1 минут

2 минут

1 минут

Ынтымақтастық атмосферасы мен көтерінкі көңіл-күй: Жақсы тілек

Топқа біріктіру: геометриалық фируралар арқылы

Зейінді шоғырландыру:

Мені тап.”Жұмбақ шешу” 1) 1 пайыз ғана жер бетіне тарағам

Ғаламшарда 92 пайызбын

Бармын газ бен көмір, мұнайда

Болашақта өзім отын бола алам.

2)Мен судың арғы тегімін,
Серігімін оттек атты серінің.
Ежелден ең жеңіл газбын,
Оттекке қарағанда азбын

Сабақтың тақырыбы ашылады.

фигура

 


 

Танытырылым 1

Ортасы:

30 минут

«Білу»

«Түсіну»

«қолдану»

«Талдау »

1. Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

2. Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар)

3. Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

4. Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?

 

Қосылу реакциясы

Айырылу реакция

Орынбасу реакциясы

Алмасу реакциясы

Са + О2 = 2СаО

 

 

 

 

 

Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2

 

 

 

 

CaCO3 = CaO + CO2 - Q

 

 

 

 

HCI + NaOH = NaCI + H2O + Q

 

 

 

 

2H 2O = 2H2 + O2 - Q

 

 

 

 

2H2 + O2 = 2H 2O + Q

 

 

 

 

Мағынаны ашу. Өзара оқыту стратегиясы

1 топ. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.

2 топ. сутек- химиялық элементке және сутек жай затына сипаттама беру.

3 топ. Сутек изотоптары.

Қышқылмен металға әсер ету арқылы сутек газын алу
мақсаты: сутекті алу және жануын қарастыру
құралдар мен реактивтер: екі сынауық, газөткізгіш түтіг, тұз қышқылының ерітіндісі, 2-3 түйір мырыш, спиртшам
Тапсырма:
1. сынауыққа 2-3 түйір мырыш салыңдар, үстіне 3-4 мл тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар.
2. сынауықтың үстіне екінші сынауықтың аузын төмен қаратып орналастырып сутек газын жинаңдар.
Неге газ жинайтын сынауықтың аузын төмен қарату керек? ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. сутек жиналған сынауыққа шоқтанған шырпыны апарыңдар
4. кестені толтырыңдар

Іс-әрекет

Реакция теңдеуі

қорытынды

Сутегін алу

 

 

Сутегінің жануы

 

 


Кім жылдам? Есеп шығару. (В-деңгей)

1-топ

Қалыпты жағдайда көлемі 96 л оттек газының зат мөлшерін есептеңдер.

2-топ

Мөлшері 3 моль оттек газы қ.ж-да қанша көлем алады?

3-топ

Массасы 46г оттек газының қалыпты жағдайдағы көлемін есептеңдер.

Авогадро заңын қолданып есеп шығару. (C-деңгей)

1-топ

№6. (83– бет) Массасы 8 г мыс (ІІ) оксидін сутекпен тотықсыздандырғанда (қ.ж) қанша көлем сутек жұмсалады

2-топ

№7. (83 – бет). Массасы 4 г кальций сумен әрекеттескенде (қ.ж) көлемі неше л сутек газы бөлінетінін есептеңдер.

3-топ

№8 (83-бет) 36 г су алу үшін жұмсалатын сутегінің (қ.ж) көлемін есепте.

Таныстырылым 2


 

Таныстырылым 3

 

 

 

Қосымша 1,2,3

Таныстырылым 8-17




 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым 18

 

 

 

Таныстырылым 19

 

 

 

Таныстырылым 20

Аяқталуы

10 минут

«Жинақтау»

«Бағалау»

Кері байланыс:
Ойдан шығарылған ертегі. «Оттегінің хикаясы ».
Сонымен баяғыда сутегі озон қабатынан өтіп ауа қабатына келіпті. Келе сала оттегімен ренжісіп оксидке айналыпты. Оксид бүкіл жер бетін басып жатқан екен. Эволюция деген ағасы келіп оксидті көптеген басқа оксидтермен таныстырыпты. Соның бірі форфор (V) оксиді оксидпен бірігіп жер бетіне жылу мен басқа заттың орнығуына үлес қосыпты.
Тапсырма: : Химиялық реакция теңдеулерін құрастыру.
Логикалық тапсырма. 1. Төрт шар әртүрлі газдармен толтырылған. Қай шарда сутек газы бар?

2.Қай суретте сутек газын алу әдісі дұрыс берілген?

1. Тест(А-деңгей).

1.Сутектің химиялық таңбасы:

а) Н ә) Не б) Cuв) Si

2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды?

а)25% ә)32% б)24% в)92%

3.Сутекті ең алғаш алған ғалым?

а) Ломоносов ә) Менделеев б) Кавендиш в) Лавуазье

4.Сутек латынша қандай мағынаны береді:

а)түтінді газ ә)су тудырушы б)қопарғыш газ в)су тасушы

5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:

а)Электр тоғы арқылы ә)белсенді металдан

б)ауаны ығыстыру арқылы в)айдау арқылы

1а 2 в 3б 4ә 5а

2. Графикалық диктант.

Сөйлем оттекке сәйкес келсе «+» қояды, сутекке сәйкес келсе «-» белгісін қояды.

1.Суда ериді

2. Суда нашар ериді

3. Жеңіл газ

4.Ауыр газ.

5. Жанғыш.

6. Жануды қолдайды.

7. Кәдімгі жағдайда оттегі мен әрекеттескенде қопарылыс береді.

8. Жай жанады.

9. ауаны ығыстырып жинайды.

10. суды ығыстырып жинайды.

Сутек - болашақтың отыны

-Сутекті отын ретінде пайдалануға болады;

-Жанған кезде кәдімгі су түзіледі яғни бұл экологиялық таза өнім;

-Сутек жалынының температурасы 3000 0 С жетеді;

-Экологиялық және экономикалық тиімді энергия көзі;

-Сутек таусылмайтын табиғи қорға жатады;

Критерийалды бағалау:

Критерий

 

Аты-жөні

Білу

2-ұпай

Түсіну

2-ұпай

Қолдану

8-ұпай

 

Талдау 1,2

12-ұпай

Жинақтау

12-ұпай

 

Бағалау

2-ұпай

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым 21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым 22-23

 

Таныстырылым 24

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым 25

 

 

Таныстырылым 26

 


Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек

 

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма:

• § 30,31-оқу.

• №8,9,10-тапсырмаларды орындау .

• «Сутек-болашақ отыны»хабарлама дайындау.

 

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек (қолдау) көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Анағұрлым қабілетті

оқушыларға

жаттығуларды

күрделендіруді қалай жасайсыз?

Бағалау-оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс.

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері.

АКT байланыстары.

Құндылықтардағы

байланыс.

Фармативті бағалау, бір-біріне түсіндіру және дұрыс нәтижеге бағыттау әдістері арқылы қосымша көмек көрсетемін. Деңгейлік тапсырмалар, сарамандық жұмыстар беру арқылы қаблетті оқушыларды дамытамын.

«Бірлескен оқу » әдісі бойынша, « Блум таксономиясы» әдісі бойынша бағалау және критерий бойынша өзін-өзі бағалау немесе бірін-бірі бағалау.

Газдар заңдары, физика(өлшем бірліктер), химиялық реакция теңдеулері.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға

жазыңыз.(Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.)

Оқу мақсаты шынайы, өйткені сабақ барысында негізгі мақсат орындалды.

 

Оқушылар сутегінің жеңіл газ екенін, оның жалпы сипаттамасын, және қышқылдың негізгі құрам бөлшегі екенін білді.

Сынып оқушылары сабақты түсінуге тырысты.

 

Жоспардың соңғы жинақтау бөлігіне уақыт жетпей қалды, ао бағалау бөлігі сабақ барысында жүрді.

Негізгі ойды жеткіздім

 

Өз жоспарыма Блум таксономиясын толық алу қиын болатынына көзім жетті. Себебі оқушылар ойлауы уақыт созатыны көрінді.

Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Түсіну бөлігі табысты болды.

2: Қолдану бөлімі жақсы болды

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Жинақтау бөлімі жақсарта алар еді

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1. Оқушылардың өздігінен білім алуына әліде жұмыс жасауым керек.

2. Бірлескен жұмыста ынтымақтастық жұмысын жандандыруым керек

 

Автор: admin | 9-03-2017, 14:49
Қарау саны: 1626
    
Жарнама

Пікірлер -
1


Саят - 13 наурыз 2017 13:23
Сабағыңыз өте жақсы. Қалай алсам болады?

Сабағыңыз өте жақсы. Қалай алсам болады?

Сабағыңыз өте жақсы. Қалай алсам болады?

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :