Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер. » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер.


Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер.

Демеуова Бақыткүл № 75 мектеп

6-сабақ. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі.
Күшті және әлсіз электролиттер.

Сабақтың мақсаты: электролиттік диссоциацияның шамасы туралы түсінік қалыптастыру; күшті және әлсіз электролиттердің айырмашылығын дәлелдеу. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі және оның белгіленуі туралы мағлұмат беру.
Реактивтер және құрал – жабдықтар: тұз және сірке қышқылының 1 М ерітіндісі, сірке қышқылы(конц.), дистилденген су, эксперименттік есептерге қажетті реактивтер, бензол, натрий хлоридінің концентрациялы ерітіндісі, заттардың электрөткізгіштігін тексеретін аспап, кейбір күшті және әлсіз электролиттердің диссоциация дәрежесінің сандық мәндері көрсетілген кесте.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға даярлық. Сабақ үй тапсырмасын талдаудан басталады. Содан соң, мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырып, оның міндеттерін түсіндіріп, мынадай проблемалық сұрақтарды талдайды.
1. Электролиттердің молекулалары толық диссоциациялана ма әлде жартылай диссоциациялана ма?
2. Электролиттердің диссоциациялануы неге байланысты?
Бірдей мөлшерде, бірдей концентрацияда алынған тұз және сірке қышқылының электрөткізгіштігіне жүргізілген көрнекті тәжірибенің негізінде, оқушылар бұл ерітінділердің электрөткізгіштігі әртүрлі болатыны туралы қорытынды жасайды.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Тұз қышқылы сірке қышқылына қарағанда иондарға көбірек диссоциацияланады. «Диссоциациялану дәрежесі» ұғымы және α = — .... (мұндағы n – иондарға ыдыраған бөлшектер саны, N – еріген молекуланың жалпы саны) формуласының мәнін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы, 20С0-та тұз қышқылының концентрациясы с (НСl) = 0.9 моль/л болған жағдайда диссоциациялану дәрежесі:
α = 0,91 немесе 91%.
Содан соң оқушыларға деңгейлі тапсырмалар бойынша оқулықпен өзіндік жұмыс орындау ұсынылады.
Тапсырма. Оқулықты пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
1.«Ерітіндіде сірке сірке қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0,013% немесе 1,3%-ке тең» деген сөйлем нені білдіреді?
2.Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуладан:
а) 70;
ә) 5 молекула ионға ыдыраған жағдайда оның диссоциациялану дәрежесі неге тең болады?
3. Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі класына жататын электролиттерге 2 мысалдан келтіріңдер: а) күшті; ә) орташа; б) әлсіз.
4. Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуланың 70-і немесе 10-ы иондарға ыдыраған жағдайда, электролиттің диссоциациялану дәрежесі неге тең?
5. Диссоциациялану дәрежесі 0,31%-ке, 50%-ке, 25%-ке тең дегенді қалай түсінуге болады?
Мұғалімнің мүмкіндігіне қарай диссоциациялану дәрежесінің концентрацияға, температураға және электролиттің табиғатына тәуелділігін экспериментті түрде көрсетуіне болады. Мысалы, электрөткізгіштікті сынайтын аспапты пайдаланып, сірке қышқылының электрөткізгіштігін тексеруді қарастырамыз. Алғаш электр шамы әлсіз ғана жылтыраса, ерітіндіге су құйған сайын шам жарқырап, жануы күшейе түседі.
Диссоциациялану дәрежесінің электролиттің табиғатына тәуелділігін NaOH және KOH, HF және HCl электролиттерінің электрөткізгіштігін салыстыру мысалында қарастырамыз.
Сондай-ақ электролиттік диссоциациялану дәрежесінің температураға тәуелділігін де көрсетуге болады. Бұл үшін құралдың жоғары жағындағы сымғ амперметрді қосамыз, ал электрөткізгіштікті сынайтын аспапты стақандағы қыздырылған (қайнатуға жеткізбей) және қыздырылмаған сірке қышқылының ерітіндісіне саламыз.
Күшті және әлсіз электролиттер туралы ұғым бекіту үшін оларменг бірге мынадай кестені толтыруға болады.
Сулы орта үшін электролиттердің жіктелуі.
Қосылыс кластары Электролиттер
күшті орташа әлсіз
Қышқылдар HI, HBr, H2SO4, HClO4, HNO3, HCl H3PO4, H2SO3 H2CO3, HF, H2S, H2SiO3, HCN, CH3, COOH
Негіздер 1 - NH4OH және ерімейтін негіздер
Тұздар Еритін тұздар -
α – 70 – 90% α – 3 – 30% α – 1 – 3%

III. Алған білімді бекіту. Сабақтың қорытындысында суды электролиттік диссоциация тұрғысынан қарастырып, оқушылар мынадай сұраққа жауап іздейді. Неліктен суды қышқылға да, негізге де жатқызады? Бұл сұраққа жауап беру үшін оқушыларға мынадай тақырыпта қысқаша хабар дайындауды ұсынуға болады. Су-табиғаттағы ерекше заттардың бірі(мұғалім тақырыпқа қажетті қосымша әдебиеттерді көрсетеді).
Білімді бекіту үшін бақылау сұрақтары және эксперименттік есептер шығаруға болады.
1.Электролиттік диссоциациялану дәрежесі деген не және ол қандай жағдайларға тәуелді?
2.Күшті және әлсіз электролиттердің қайсысында иондар берік байланысқан?
3.Концентрациялы сірке қышқылының электрөткізгіштігін сынаңдар. Электр тоғының пайда болмау себебін түсіндіріңдер.
4.Сірке қышқылының шамалы мөлшерін суда және бензинде ерітіп, электрөткізгіштігін тексеріңдер. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
Үйге тапсырма. §4. 1-7 жаттығулар және жұмыс дәптерінен, есептер жинағынан тапсырмалар.



























Автор: Бодықова Гүлшат | 26-04-2015, 13:55
Қарау саны: 3358
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :