» » » MS EXCEL-ге берілгендерді енгізу және кесте құру, формула енгізу


MS EXCEL-ге берілгендерді енгізу және кесте құру, формула енгізу

№ 166 қазақ орта мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі

Қошқаров Биболат Мұсылманбекұлы

Сыныбы:8

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: MS EXCEL-ге берілгендерді енгізу

және кесте құру, формула енгізу

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға MS EXCEL-дің күнделікті тұрмыста маңызды қызмет атқаратынын түсіндіру

2.Дамытушылық: MS EXCEL кестелік процессоры арқылы оқушыларға есептер шешімін табу, күрделі формулалар жаза білуін дамыту

3.Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдам жұмыс жасауға, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, эл оқулық МS Power Point ортасында жасалған слайдтар.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Практикалық түсіндірме

 

Сабақтың жүру барысы

І.Ұйымдастыру ; а) сәлемдесу

ә)оқушыларды түгендеу

б) сабақтың мақсатымен таныстыру

 

Овал: 5Овал: 6Овал: 7Овал: 8Овал: 4Овал: 3Овал: 2Овал: 1ІІ. Үй тапсырмасын тексеру; Өткен сабақты еске түсіру үшін (Миға шабуыл)

 

 

1.Жұмыс істеп тұрған ұяшықтың аты;

2. Бағандардың аты;

3. Жұмыс істеп тұрған ұяшық;

4. Жұмыс парағы;

5. Жол аты;

6.Парақ қаттамасы;

7. Басқа параққа ауысу батырмасы;

8. Формула жолы;

 

ІІІ. Жаңа сабақ;

Кесте салу, Берілгендерді енгізу . Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған клавиатура көмегімен берілгендерді енгізу керек. Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі. Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар: қызыл крест, жасыл белгі ( «˅») және «=» ,белгісі немесе

Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер – өшіріледі. Егер белгісінің батырмасын шертсеңіз, экранда Функция шеберлері (Мастера функция) диалогтік терезесі көрінді (оны 8,3 тақырыпта қарастырамыз).

Формула жолы

Енгізуді аяқтау үшін Enter-ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгендерді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.

Кез-келген электронды кестенің ұяшығына:

·Сан;

·Формула;

·Мәтіндік (алфавиттік – сандар) ақпараттарды енгізуге болады.

Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады. Ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда EXCEL ұяшықты ######### символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.

Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда EXCEL оларды формула деп қабылдайды.

Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.

Мысалы, сіз ұяшыққа D5 формуласын енгіздіңіз: = A5+B5*C5.

Бұл ұяшықтың мәні B5 және C5 көбейтіндісін A5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.

Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:

1)Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау.

2)Ұяшыққа апарын, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және Ғ2пернесін басу.

Ұяшықтағы редакциялауды аяқтағасын, Enter пернесін басу керек.

 

IV. Сабақты бекіту.

Бүгінгі сабақ бойынша тапсырма

 

1.MS EXCEL-ді ашыңыз

2.Үлгі ретінде ұсынылған кестені құрыңыз.

 

3. Ұяшыққа көгеністердің аттарын енгіземіз

Кестенің тақырыбын енгізу үшін мына команданы орындаңыз. Пішін (формат) →ұяшық (ячейка) →қосымша (вкладка).

4. Құрған құжатымызды компьютерге сақтау.

V. Ой толғау

1. Кубик лактыру ойыны

Сұрақ қойылады, жауабын білмесеңдер ,"Келесі” деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі оқушы жауап береді.

 

1. MS EXCEL бағдарламасына кіру жолы?

2. MS EXCEL де неше жол бар?

3. MS EXCEL дің сақталу жолдарын айтып бер?

4. MS EXCEL де неше баған бар?

5. ОЖ дегеніміз не?

6. Сақталған құжаттарды қайдан таба аламыз?

 

2. Ғажайып алаңы.

Оқушылар бұл ойында информатика пәніне байланысты сұрақтарға жауап беруі қажет. (Сұрақтар слайдта берілген)

 

 

VI.Қорытындылау, бағалау

Оқушыларды әрбір бөлімге қатысуына байланысты бағалау

 

VII.Үйге тапсырма

Электронды кесте. Формула жазу ережесі. 158-160 бет оқып келу

 

Автор: dauke | 28-02-2017, 21:58
Қарау саны: 718
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :