» » » Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?


Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?

Қазалы қаласындағы М. Горький атындағы
№16 орта мектептің информатика пәні
мұғалімі Рахманбергенова Үміт

Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?
Мақсаты:
• Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіру;
• Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп,қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
• Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру,оқушылардың тапқырлық,ізенімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс (пікір-талас)
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап(ситуация туғызу,шешу жолын айту,нақты дәлелдер
келтіру)
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты материалдар
Сабақтың барысы
І.Ұйымдасытру кезеңі
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға. -*дей отырып 9 сыныптар арасында өтіп жатқан «Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма?» атты пікір-таласымызға қош келдіңіздер!
-Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды .
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды. – деп компьютердің пайдасы мен зияны жайында айтатын оқушыларымызбен тынс болйық және де пікір таласымыздың әділдігін айтатын әділ-қазыларымызды таныстырйын.
Ал, енді пікір таласымыздың ойын шарттарынмен таныс болайық.
1тур: «Жақтаушы», «Даттаушы» топтардың өз пікірлері.Әр топ өз пікірлерін ортаға салып,компьютердің пайдалы екенін немесе зиянды екенін қорғап шығуы керек.Регламент 5-7 минутты сақтау керек

2-тур: «Сұрақ-жауап» Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды.Әділ-қазылар да сұрақ қоюға болады.

3-тур: «Үй тапсырмасын қорғау» Екі топ үйден шығарып келген газеттерін не тақырыпқа байланысты видео, слайдтарын қорғайды.

4-тур: «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Екі топқа компьютердің құрылғыларына байланысты сұрақтар жасырылады.
1. Адамды өзіне бағындырған әлжуас (сыныптағы компьютер)
2. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп, қасқаятын ми? (жүйелік блок)
3. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін, құртатын жалмауыз (монитор)
4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын,қорқақ компьютердің кенже баласы. (тышқан)
5. Саусақтарды бейлететі, экранға мәтінді сый ететін,жоқ деп мүлде айта алмайтын,иә-ні қолдап қайталайтын береген. (пернетақта)
6. Тышқанның ең жақын туысы (джойстик)
7. Қалтаңдағы ақшаның тең жартысын бақилыққа жіберетін апан(принтер)
8. Принтерден асып түсетін мешкей(сканер)

5-тур: «Кім жылдам?» Бұл турда әр түрлі қызмет салалары бойынша компьютерді қолдану тәсілдерін жазу керек.

ІІІ.Қорытынды.
. -Дүниедегі құбылыстың мәнінде,
Интернеттің, жаңалықтың бәрінде,
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде – демекші заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр – сырын білгенге не жетсін!
1.Пікір сайысымызға қатысып отырған психолог –дәрігерлерімізге сөз беру.
2.Әділ қазылар пікір сайысты қорытындылап, топтарды марапаттау.
Автор: dauke | 8-04-2015, 16:57
Қарау саны: 1566
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :