«Жұлдызды жетілік»

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №53 ОМ
Пәні: Информатика пәнінен сыныптан тыс жұмыс
Пән мұғалімі: Саттарқұлов Мағұз Серікбайұлы
Сыныбы: 10 «б».
Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды жетілік»
Мақсаты:
 Фотошоп бағдарламасына байланысты оқушылардың білім – білік дағдыларын тексеру;
Міндеттері:
 Фотошоп бағдарламасы туралы теориялық білімдерін тексеру;
 Практикалық жұмыс жасату арқылы оқушылардың практика жүзінде қолдану шеберлігін анықтау;
 Шығармашылық деңгейін бақылау және бағалау.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Фотошоп бағдарламасы, интерактивті тақта
Сабақтың кезеңдері:
1. «Фотошопты жарнамалау» бөлімі
2. «Жарықсыз Фотошоп құралдары» бөлімі
3. «Қызметші сөздер» бөлімі
4. «Саммит» және «Азиада» тақырыбында коллаж жасау бөлімі.
5. «Жаттанды командалар» бөлімі
6. «Галлерея» бөлімі
7. Бағалау, қорытындылау

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың шарттарымен танысу;
Жарыс сабағының шарты:
Сабақ негізгі 7 кезеңнен тұрады. Шарт бойынша әр кезеңде оқушы өзінің білімін көрсете білуі тиіс. Ең көп балл жинақтаған оқушы жеңімпаз атанады.
І КЕЗЕҢ
«Фотошопты жарнамалау» бөлімі – бұл жерде оқушылар фотшоп бағдарламасын мадақтап, оны жарнамалайды. Әр жарнамаға 1 бал беріледі
Жарнамалау үлгісі:
1. Фотошоп өте қызықты бағдарлама.
2. Фотошопта адамды әдемілеу, оған қосымша әсерлер қолдануға болады.
3. Фотошоп өте ыңғайлы, өте қарапайым, өте мықты құрал болып табылады.
4. Фотошопта кисть құралы арқылы өте әдемі суреттер салуға болады.
5. Қабаттар терезесінде қабаттармен жұмыс жасауға өте қолайлы.
6. Навигатордың өзі не тұрады десеңші.
7. Құралдар панеліндегі құралдарды пайдаланып, көптеген қызықты графикалық бейнелер құруға болады.
8. Түстер палитрасын қолдануға өте ыңғайлы.
9. Меню жолындағы командаларды оп-оңай қолдануға болады. Мысалы, егер құралдар жоғалып кетсе, оларды ОКНО менюы арқылы тез тауып алуға болады.
10. Жұмыс терезесіне екі рет шертсе жетіп жатыр, файлды ашуға мүмкіндік береді.

ІІ КЕЗЕҢ
«Жарықсыз Фотошоп құралдары» бөлімі – бұл жерде әр топтан бір сезімтал оқушы шығады. Көздерін байлап, құрал аспаптар панелінде орналасқан құралдарды тауып оларды көрсетеді. Құралдарды ең көп дұрыс тапқан топ жеңіске жетеді. Әр құралға бір ұпай беріледі. Барлығы 5 минут уақыт беріледі.
«Жұлдызды жетілік»
«Жұлдызды жетілік»

ІІІ КЕЗЕҢ
«Қызметші сөздер» бөлімі - программада қолданылатын қызметші сөздер жарысын ұйымдастыру. Фотошоп бағдарламасында жиі қолданылатын сөздерді тауып айту. Топтық ойын болып есептеледі. Топтағы әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Барлығы 5 минут уақыт беріледі.

Қызметші сөздердің үлгісі

1. Навигатор
2. Слой
3. Меню
4. Панель инструментов
5. Цвета
6. Кисть
7. Остветление
8. Затемнение
9. Фильтр
10. Окно
11. Редактирование
12. Файл
13. История
14. Возврат
15. Искривление
16. Ластик
17. Клонирование
18. Прозрчность
19. Т.б.

ІҮ кезең
«Саммит» және «Азиада» тақырыбында коллаж жасау бөлімі.
Бұл тақырыптар Қазақстанда өткен жылы және биылғы жылдың ең елеулі оқиғалары болғанғандықтан осы тақырыптар таңдалды. Әр оқушының компьютерінде жеке қапшықта жинақталған тақырыптық суреттер жинағы беріледі. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Қай топтағы оқушының суреттері үйлесімді құрастырылған болса және олар әсем безендірілсе, олардың сапасына қарай әр жұмысқа 1 ұпай беріледі, яғни әр топтағы оқушы өз тобына 1 ұпай әпере алады. Жалпы ұпай саны есептеліп, қосылады. Барлығы 10 минут уақыт беріледі.
«Жұлдызды жетілік»
«Жұлдызды жетілік»
«Жұлдызды жетілік»
«Жұлдызды жетілік»
«Жұлдызды жетілік»
«Жұлдызды жетілік»
«Жұлдызды жетілік»

Суреттердің үлгілері арнайы қапшықта сақталады. Оқушыларға олардан таңдап, коллаж жасауына мүмкіндік жасалған.

Ү КЕЗЕҢ
«Жаттанды командалар» бөлімі. Әр топтан 1 оқушы тұрып жүргізуші қойған сұрақтарға сәйкес келетін командаларды атайды немесе командалық тізбекті орындай отырып көрсетеді. Жауабы таусылған команда ойынды аяқтайды. Барлығы 5 минут уақыт беріледі.
Жаттанды командалар бөлімі
Мұғалім жылдам ағарту құралы дегенде, оқушылар осветление құралы деп айтады.
• Өшіргіш – ластик құралы
• 1-ші қабатқа орналастыру – Слои терезесі
• Көлеңке түсіру– Тень командасы
• Әртүрлі фигуралар – Форма пользователя
• Жолақпен бояу – Градиентная заливка
• Автоматты түрде ерекшелеу – Автоматический выбор слоя
• Жақтаушмен шектеу – Ограничиваюший прямоугольник
• Жылдам көшірмесін түсіру – Дублирование
• Жұмыс алаңында жылжып отыру – Навигатор
• Пернетақтамен үлкейту – CRT +
• Түссіздендіру – Изображение – Режим + черно – белый
• Т.б.

ҮІ кезең
«Галлерея» бөлімі. Әр топқа 1 флэшка беріледі. Өздерінің тобындағы коллаждарды жинақтап негізгі компьютерге салады. Үлкен экраннан жұмыстар көрсетіледі. Жұмыстарды тез жинақтаған топқа тағы да 1 ұпай беріледі. Барлығы 5 минут уақыт беріледі.

ҮІ кезең
Бағалау, қорытындылау, марапаттау
Автор: dauke | 8-04-2015, 21:53
Қарау саны: 909
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :