» » » «Ғылым көкжиегі - информатика»


«Ғылым көкжиегі - информатика»

Шараның тақырыбы: «Ғылым көкжиегі - информатика»
Шараның мақсаты: Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, проектор, оқушы ноутбуктері, слайдтар.
Шараның барысы:
І. «Таныса біл, тани жүр» (әр топ өздерін таныстырады).
ІІ. «Бұл не?» (сұраққа жауап).
ІІІ. «Сиқырлы есеп» (логикалық есепті шешу).
IV. «Сен білесің бе?» (ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беру).
V. "Венгр сөзжұмбағы” (информатика ғылымына байланысты сөздерді табу).
VI. "Жарнама” (Paint редакторында сурет салу арқылы жарнама жасау).
VII. "Кім тапқыр?” (көрермендермен ойын).
VIII. "Ойлы болсаң озып көр” (капитандар сайысы).
IX. Қорытынды, марапаттау.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ақпараттанған әлем» информатика апталығында 5-6-7 сыныптар арасында өткелі отырған «Ғылым көкжиегі - информатика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған қатысушыларға сәт сапар тілей отырып, командаларды ортаға шақырамыз.
1. Google. kz тобы – 5 сынып оқушылары
2. Модем тобы – 6 сынып оқушылары
3. Билл Гейтс тобы - 7 сынып оқушылары
Сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1. Сайыс төрағасы: Т.Ержігітов - информатика пәнінің мұғалімі,
2. Мүшесі: Қ.Сариева – директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі,
3. Мүшесі: М.Бекмырзаева - физика пәнінің мұғалімі,
4. Мүшесі: С.Бекмырзаев - математика пәнінің мұғалімі,
5. Мүшесі: Г.Оразаева - география пәнінің мұғалімі.
Олай болса сайысымызды бастаймыз.
І - тур. «Таныса біл, тани жүр». Әр топ өздерін таныстырып өтсін.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт болсын,
Қиынырақ сұрақ болсын – деп ІІ - турымыз «Бұл не?» деп аталады.
Бұл турда сұрақтар беріледі, сұрақтарға барлық топтар жауап беруге болады, дұрыс жауап берілген әр сұраққа - 5 ұпай беріледі.
1. Windows терезе түрлерін ата. (қапшық, қолданба, диалог, анықтама)
2. Ақпараттың өлшем бірліктері. (бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт)
3. Айналдыру жолағы не үшін қажет?
(терезенің төменгі, жоғарғы шегіне өту үшін)
4. Суретті баспаға шығару үшін қандай команданы орындаймыз?
(Файл - Баспа)
5. Компьютердің ішкі жадының неше түрі бар, оны ата. (ЖЖҚ, ТЖҚ)
6. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер. (пиксель)
7. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (монитор, пернетақта, жүйелік блок)
8. Суретті ашу үшін қандай команданы орындаймыз? (Файл - Ашу)
9. Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. (сканер)
10. Paint редакторында негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы (палитра)
11. Компьютердің қарқынды дамуы қай ғасырда дамыды? (ХІХ ғасырда)
12. Суретті бірінші рет сақтау үшін қандай команданы орындаймыз?
(Файл - деп Сақтау)
13. Басқару батырмаларын ата. (жималау, жаймалау, жабу)
14. Windows – тың негізгі объектісі не? (терезе)
15. Сыртқы жадыға нелер жатады? (компакт диск, дискета, флешка)
ІІІ - тур. «Сиқырлы есеп». Бұл турда әр топқа логикалық есептер беріледі. Соны шешу керек.
№1 - есеп.
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
№2 - есеп.
Әдетте ай 30 немесе 31 сандарымен аяқталады. Қай айда 28 саны бар?
Жауабы: барлық айда 28 саны бар
№3 - есеп.
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
№4 - есеп.
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
№5 - есеп.
Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
Жауабы: 53
№6 - есеп.
Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6 - ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді. Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?
Жауабы: Бөренелердің біреуін 6 - ға бөлу үшін 5 рет кесу керек.
1 бөренеге - 5минут, сонда 6*5=30 минут.
№7 - есеп.
Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
№8 - есеп.
Цирк әртісі Сұлтанның мойнына оның әйелі Майра, екі ересек қыздары Айман мен Шолпан және үш кішкентай ұлдары – Алдияр, Мадияр және Шадияр отырады. Әртістің мойнында қанша адам отыр?
Жауабы: алты адам
№9 - есеп.
Мұраттың 10 қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша қойы қалды?
Жауабы: 9 қой
IV - тур. «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл турда тақтада бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген, әрбір ұяшықтағы сұрақтың күрделілігіне қарай ол ұяшыққа берілетін ұпайлардың саны көрсетілген. Кезекпен әрбір топтың мүшелеріне ұяшықтарды ашып, сол ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ тиісті ұпайларын алады.
1. Сол жақтағы жоғары 5 – Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
2. Оң жақтағы жоғары 5 – Paint редакторы не үшін қажет? (сурет салу үшін)
3. Сол жақтағы жоғары 10 – Арифмометр қай жылы құрастырылды?(1694ж)
4. Оң жақтағы жоғары 10 – сыйлық
5. Сол жақтағы 15 – ЕТ даму тарихының І буынында пайда болған компьютерлер неге негізделген? (электронды шамдарға негізделген)
6. Оң жақтағы 15 – Ақпаратты жазып алып, тұрақты түрде сақтай алады, диаметрі 3, 5 дюйм, сыйымдылығы 1, 44 Мбайт. Бұл қандай құрылғы? (дискет)
7. Сол жақтағы төмен 5 – Сіз кітап оқығанда қандай ақпараттық процесс жүреді? (алу, беру)
8. Оң жақтағы төмен 5 – Компьютер жанына қойылатын өсімдік. (кактус)
9. Сол жақтағы төмен 10 – оны кейде лазерлік дискі деп те атайды. Сыйымдылығы өте үлкен. Екі жақ беті болады. Біріншісі жұмыс істемейтін бет, екіншісі жұмыс беті. Бұл не? (диск)
10. Оң жақтағы төмен 10 – Бұл құралдың жасы 2000 - 5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл қандай құрал? (есепшот).
Енді V - тур. "Венгр сөзжұмбағы” деп аталады. Жасырылған кестедегі әріптер арасынан информатика ғылымына байланысты сөздерді жылдам табуларыңыз керек.

М Т П Л О Т Т Н О М
И Ы П Р Р Т Е И Д Е
К Ш Н И Е Е Р О М М
Р Қ А Н Т Р Н Н И Т
О Н Т С Ө З Е Т Р О
П А И Б А Й Т Т Е З
Р М В П И К М Е Р Е
О Ә И А Р С О Ұ А Ф
Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л
Е І У В Ж Л И Я И Ц
С Н С Д А Ь Ф И К А
С О Р А Б О Н Е Н Т

Келесі турымыз VІ - тур. "Жарнама” деп аталады. Бұл турда оқушылар Paint графикалық редакторының терезесінде сурет салу арқылы жарнама жасау керек. Әр топқа берілген тапсырма бойынша затқа жарнама жасайды.
1. Google. kz тобы – су сабынды жарнамалайды.
2. Модем тобы – сусынды жарнамалайды.
3. Билл Гейтс тобы – дәріні жарнамалайды.
Келесі VII - тур. "Кім тапқыр?” деп аталады. Бұл турда көрермендермен ойын болады. Тақтадағы суретте фигуралар берілген, әр фигураның астында жұмбақтар жасырылған. Осы жұмбақтардың дұрыс жауабын шешіп, қалаған топқа ұпайларыңызды берулеріңізге болады. Әр дұрыс жауап 10 - ұпаймен бағаланады. Қалаған фигураларыңызды таңдаңыздар!
1. Ақпаратты сақтап таратқан
Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер)
2. Әдетте үнсіз тұрамын,
Белгі берсең ұғамын.
Жазуы бар қағаздың,
Құралы боп шығамын. (принтер)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (кактус)
4. Қанша тетік тізілген,
Саусағыңды сезінген.
Барлық сенің ойыңды,
Компьютерге енгізген. (пернетақта)
5. Ұзынтұра Жалқаубек
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
6. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)
7. Барлық сурет, мәтінді,
Компьютерге енгізген.
Керек емес жерін де,
Компьютерден өшірген. (сканер)
8. Бар нәрсеге жетік,
Миы күшті тетік.
Ол арқылы сөйлесіп,
Кетесің шетелге де өтіп. (интернет)
9. Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. (тышқан)
Шыңда тұрған шынардай арманы бар,
Білімдерін көрсетті ұл мен қыздар.
Ең соңғы айналымға келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар - деп ойынымыздың соңғы туры "Ойлы болсаң озып көр” деп аталады. Бұл турда әр топтың капитандарына сұрақ беріледі. Капитандар 3 минутта қанша сұраққа жауап береді екен.
1 - топқа:
1. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)
2. Дискеттің сыйымдылығы сантиметрмен өлшене ме? (жоқ)
3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. (компьютер)
4. Ақпаратты өңдеу құрылғысы. (процессор)
5. Дыбыс жазу құрылғысы. (микрофон)
6. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы. (монитор)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
8. Мәліметті енгізу пернесі. (Enter)
9. 1 Мбайт қанша байтқа тең. (1024 байт)
10. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы. (файл)
2 - топқа:
1. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарлз Бэббидж)
2. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы. (CD - ROM)
3. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (интернет)
4. Меңзердің оң жағындағы символды өшіретін перне. (Delete)
5. Деректерді сақтауға арналған құрылғы. (жад)
6. Аталған байттар тізбегі. (файл)
7. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас. (интерфейс)
8. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)
9. Бос орын қалдыру пернесі. (пробел)
10. Дыбысты шығаруға арналған құрылғы. (колонка)
3 - топқа:
1. Дискеталарды оқу құрылғысы. (дискжетек)
2. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан. (латын)
3. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см)
4. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы. (модем)
5. 1 Кбайт қанша байтқа тең. (1024 байт)
6. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне. (Backspаce)
7. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы.
(тышқан)
8. Кішкене рычагты манипулятор. (джойстик)
9. Пуск - тің қазақшасы. (Іске қосу)
10. Принтер түрлері. (матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)

IX. Қорытынды, жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.
Осымен сайысымыз да өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы әр топтың жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды. Жеңімпаз топ марапатталады.
Автор: Tanatar | 27-04-2015, 11:53
Қарау саны: 1730
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :