» » » Болашақ информатик» сайысы


Болашақ информатик» сайысы

«Болашақ информатик» сайысы
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан жаратылыстану математика кафедрасының апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 8-9 сынып оқушылары арасында «Болашақ информатик» атты сайыста білімдерін сынамақ.
Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы жастар деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға салғалы отыр. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі "Болашақ информатик» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген қатысушы ғана "Болашақ информатик” атына ие болады. Ойын 4 айналымнан тұрады.
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып қөріңдер – дей отырып ортаға сайысқа қатысушыларды шақырайық!
1. Ержігіт Ернар
2. Сарыбай Молдабек
3. Ермекбаев Бақдәулет
4. Каримова Дана
5. Шүкірбай Диана
Сайысты бастамас бұрын , алдымен сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Сариева Қанымкүл апай-Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі
2. Бекмырзаева Мадина апай-Жаратылыстану пәндерінің бірлестік жетекшісі
3. ...............................................................
Мақсаты:
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау.
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылын арттыра отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушыларды шапшандыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке , ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сайыс 4-турдан тұрады. Кезеңдері:
1-тур: Бәйге
2-тур: Құрал жабдықтар
3-тур: Жеті жұмбақ
4-тур: Сөз тапқанға қолқа жоқ
1-тур: Бәйге
Жүргізуші: Бәйге деген жүйрік аттар жарысы
Жүйріксіңдер сендер осы жарыста
Жүйрік озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста
Сайысымыздың шарты бойынша сайыскерлерге 20 сұрақ қойылады. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Қайсы бұрын қол көтереді сол жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса сұрақ келесі сайыскерімізге беріледі. Ол дұрыс жауап бермесе ешқайсына ұпай берілмейді.

2 – тур: Құрал жабдықтар.

Жас достарым, мұны айтайын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Сәйкес ұпай, шәкірт, саған несібе – деп, турымызды жалғастырамыз. .
Тапсырма: Тақтада слайд бетіне Информатикаға қатысты суреттер көрсетілген осы
суреттерде әріптер жасырынған. Суретті таңдап, қандай әріп шықса сол әріптен басталатын информатика сабағымыздағы кездесетін сөздерді жазамыз. 1 сөзге 1 ұпай. Құрал жабдықтар турының ойын шарты; сайыскер экранда суреттердегі жасырылған әріптерді таңдайды.
3 – тур: Жеті жұмбақ.
Бұл айналымның шарты. 7 жұмбақ беріледі. Осыны кім бірінші шешеді сол қол көтереді. Дұрыс шешсе сайыскерге 10 ұпай беріледі.
Жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21- ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Енді сайысымыздың соңғы айналымы
4-тур: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Бұл айналымның шарты экранда Венгр сөзжұмбағы беріледі, осы сөзжұмбақтан Компьютердің құрылғыларына және ішкі құрылғыларына қатысты кем дегенде 10 сөз құрау керек . 1 сөз 10 ұпай.
6-кезең: «Венгр сөзжұмбағы»
Шарты: Сөзжұмбақтағы әр тапқан сөзге 10 ұпай беріледі.

М Т П Л О Т Т Н О М
И Ы П Р Р Т Е И Д Е
К Ш Н И Е Е Р О М М
Р Қ А Н Т Р Н Н И Т
О Н Т С Ө З Е Т Р О
П А И Б А Й Т Т Е З
Р М В П И К М Е Р Е
О Ә И А Р С О Ұ А Ф
Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л
Е І У В Ж Л И Я И Ц
С Н С Д А Ь Ф И К А
С О Р А Б О Н Е Н Т
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықты көрсеткен
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –деп әділқазыларға сөз береміз.
Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Әділ-қазылар алқасына сөз береміз. Ұпай саны көп оқушыға «Болашақ информатик» атағын береді.

"Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық демекпін! Зейін қойып тамашалағандарыңызға рахмет!
Автор: Tanatar | 27-04-2015, 11:56
Қарау саны: 882
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :