ҚМЖ информатика » Қазақша білім сайты
Жарнама



ҚМЖ информатика

Қысқа мерзімді жоспарлау. 
Пән аты: Информатика Сыныбы: 5

Нурекеева Роза Ерденқызы
№ 207 «Жаңатұрмыс» орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Байсын ауылы

Сабақтың аты Мәтін теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты 1.WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру.
2.Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету.
3.Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралыКүтілетін нәтиже білетін болады.
Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін өзара ажырата білуді үйренеді.
Өзгенің пікірімен санасады.
Негізгі идеялар Мәтінмен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр құжаттардан алып, оның жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, тырнақшалары, жақшаларды мәтіннен кенет бөліп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.
Тапсырмалар Топтық жұмыс « Ақпарат алу» 
Жеке жұмыс: «Деңгейлік тапсырманы орындау»
Жеке жұмыс: «Құзырлылық тапсырма»
Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
1.1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.«Шаттық шеңбері»
1.2.Топқа бөлу. ( «W-O-R-D-Pa-d” , «М-Ә-ТІ-Н-Д-І-К» әрітердің қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлінеді)
(3 минут)
І топ «WordPad» , ІІ топ: «Мәтіндік» болып оқушылар топтарға бөлінеді. 

ІІ. Үй тапсырмасы: «Тауға шығу» сұрақ –жауап арқылы (7 минут)
1. WordPad қандай редактор?
2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай?
4. WordPad-ты қалай іске қосамыз?
5. Жаңа құжатты қалай сақтаймыз?
6. Мәтінді не арқылы тереміз?
7. WordPad мәтіндік редакторының парақ өлшемі?
8. WordPad редакторында үнсіз келісім бойынша жұмыс бетінде жыпылықтап тұратын І тәріздес қандай белгі?
9. Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?
10. WordPad-та жызылған мәтін баспаға шыға ма?

IІІ.Топпен жұмыс: «Ақпарат алу». (Постер әдісі) (8 минут)
Топтар оқулықтағы мәтінмен және компьютер арқылы электронды оқулықтан 
І топ: «Мәтінді теру және түзету ережелерін»
ІІ топ: «Мәтін бойынша жылжыту» туралы танысып шығады. 
Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. 
Топ баяндамашысы ортаға шығап, плакатқа салған жұмысын қорғап шығады. Келесі топта өз жұмысын қорғап шығады. 



Топтардың өзара бағалауы (критерийлер арқылы) (2 минут)

Бағалау критерийлері І-топтың жұмысы

ІІ-топтың бағалау жүргізуі
1.Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы 
2.Ақпараттардың нақтылығы 
3.Тапсырманың орындалу ерекшелігі 

Сергіту сәті (1 минут)



ІV. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут)

А-деңгейі
Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер. (Полкан деген ит мәтіні бойынша)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) . Жазылу формасы – кәдімгі.(обычный)

В-деңгейі:
Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер. (Ғалым кісі мәтіні бойынша)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) . Мәтін терілуі- қисайтылған (Курсив)

С-деңгейі
Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер. (Оқушылар қате жазылған мәтіндердің қатесіп тауып жазады)
Өзін-өзі бағалау (бағдаршам арқылы) (1 минут)

V.Жеке жұмыс:Құзырлылық тапсырма. (4 минут)
Менің арманым...
ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуальды ойнын мен үнемі Ел арна телеарнасынан тамашалаймын.
Менің де арманым, сабақты жақсы оқып, осы аталған телеойынға қатысу
Тұжырымдамалар Иә және Жоқ
А) Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Иә және Жоқ
Б) Келесі сөзді жазу үшін Enter пернесін басамыз. Иә және Жоқ
С) Сөйлемнің келесі абзацына түсу үшін бос орын пернесін басамыз. Иә және Жоқ
ЕСКЕРТУ: жоғарыда берілген жауаптарыңызға түсіндірме жазыңыз.
1.
2.
3.


VІ.Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы» (5 минут)
«Блум таксономиясы»
Білу WordPad қандай редактор?
Түсіну WordPad –тың негізгі мүмкіндіктерін атап түсіндіріңіз?

Қолдану WordPad мәтіндік редакторының терезе элементін реттілігімен сәйкестендіріңіз?
1. Жолақ
2. Сызғыш
3. Жай-күй жолы
4. WordPad батырмасы
5. Жылдам қолжеткізу тақтасы

Талдау WordPad пен PAINT-тың айырмашылығын салыстырыңыз?


Жинақтау Бүгінгі сабақтан алған әсерім (эссе жазу)

Бағалау WordPad не үшін керек?

VIІ. Кері байланыс. Рефлексия. (2минут)

Маған ұнады Қиын болды Тілегім


Кейінгі тапсырмалар §20. Мәтін теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. (158-161 бет)
Кейінгі оқу WordPad мәтіндік редакторында «Бүгінгі сабақтан алған әерім» тақырыбында эссе жазып, А4 қағазына шығырып алып келу.
Автор: rozita | 28-04-2015, 16:57
Қарау саны: 1861
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :