ҚМЖ информатика » Қазақша білім сайты
Жарнама



ҚМЖ информатика

Сабақтың аты Word терезесіне шолу
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты а) Word терезесіне шолуға ақпарат беру.
б)Word терезе элементтерін қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтиже Word терезесіне шолу туралы білетін болады.
Word терезе элементтерін қолдануды үйренеді.

Негізгі идеялар Оқушылар мәтіндік редакторымен жұмыс жасаумен танысады. Топтық, жұптық және жекелеген тапсырмаларды орындап, олар информатика пәнінен мәтін теруді қалыптастырады. 
Тапсырмалар Ой қозғау
топтық жұмыс "Құнды спектр" 
жұптық жұмыс "Компьютермен жұмыс " 
жеке жұмыс "Блум таксономиясы"
Кері байланыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі (2минут)
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа бөлу.
ә)Топқа бөлу .Сыныпты 3 топқа бөлінеді.
Мәтіндік сөз тіркестері жазылған сөздер арқылы топтасу.

1-ші топ Пішімдеу құралдар 
2-ші топ Стандартты құралдар 
3-ші топ Мәзір жолағы

.ІІ.Ой қозғау (2 мин)
Талқылау сұрақтар:
1.Word Pad стандарттық бағдарламасы дегеніміз не?
2.Word pad стандарттық бағдарламасындағы терезе элементтерін ата?
3.Word Pad мәтіндік редакторында мәтінді қалай тереміз?
4.Word Pad стандарттық бағдарламасы Word мәтіндік редакторының айырмашылығы қандай? 

Мадақтау жылы шырай таныту арқылы,формативті бағаланады .

Оқушыларға электрондық оқулықтан мәтін жазуға арналған бағдарлама көрсетіледі.

ІІІ.Топтық жұмыс «Құнды спектр» (15 минут)
Топтар 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтап алады. Оқушылар оқулықта берілген мәтінді және қосымша ақпаратты оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды. 
Топтық талқылауда-10минут
Постерде қорғауда-5 минут

1-ші топқа Пішімдеу құралдар үстелі
2-ші топқа Стандартты құралдар 
3-ші топқа Мәзір жолағы

Топ баяндамашысы жұмыстарын қорғайды.
Екі топ бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы формативті бағалайды.
ІҮ.Әуенде билету «Сергіту» (2мин)
Ү. Жұптық жұмыс «Компьютер мен жұмыс» (15мин)
Оқушылар мәтіндік редакторды іске қосып, терезе элементтерімен жұмыс жасауды үйренеді.
Ана туралы құттықтау сөз жазу.
Бірін –бірі бағалау, формативті бағаланады.

ҮІ. Блум таксономиясы (8 мин)

Сұрақтар Жауап
Білу Word мәтіндік редакторы дегеніміз не?
Түсіну Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
Қолдану Word мәтіндік редакторында мәтін тергенде қандай пернелер арқылы жазамыз?
Талдау Word Pad стандарттық бағдарламасынан Word мәтіндік бағдарламасының айырмашылығы қандай ?
Жинақтау Мәтін жазғанда компьютердің қай жерінде мәтін сақталады?
Бағалау Компьютердің адам өміріндегі пайдасы.

«Екі жұлдыз , бір ұсыныс» арқылы формативті бағалау жүзеге асырылады. 

ҮІІ. Кері байланыс "Екі түрлі түсініктеме" (3 минут)
Оқушыларға парақтар таратылып беріледі.
Не ұнады?
Несімен ұнады?

Не қиын болды?

Қиындықты қалай еңсердім?
.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Word терезесіне шолу

Сабақтың аты Word –тағы құжаттарды әзірлеу тәсілдері
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты а) Word –тағы құжаттарды әзірлеу тәсілдеріне мағмұлмат беру.
б)Word та құжатты сақтауды үйрету.

Күтілетін нәтиже 
а)Word-тағы құжаттарды әзірлеу тәсілдерін білетін болады. 

б)Word та құжатты сақтауды үйренеді.

Негізгі идеялар Оқушылар мәтіндік редакторымен жұмыс жасаумен танысады. Топтық, жұптық және жекелеген тапсырмаларды орындап, олар информатика пәнінен мәтін теруді қалыптастырады. 
Тапсырмалар Миға шабуыл
топтық жұмыс "Мәтінмен жұмыс" 
жұптық жұмыс "Компьютермен жұмыс " 
жеке жұмыс "Кеңейтілген тапсырма"
Рефлексия


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі(3 минут)
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа бөлу.
ә)Топқа бөлу .Сыныпты 3 топқа бөлінеді.
Топтасу кезінде құралдардың қиынды суреті арқылы топтасады.
1-ші топ Сақтау
2-ші топ Ашу
3-ші топ Баспаға жіберу
ІІ. Миға шабуыл (2 мин)
Талқылау сұрақтар:
1.Word мәтіндік редакторы дегеніміз не?
2.Word құжатты қалай сақтаймыз? 
3.Word мәтіндік редакторында мәтінді қалай тереміз?
4.Word мәтіндік редакторында жаңа құжатты қалай ашамыз?

Мадақтау жылы шырай таныту арқылы,формативті бағаланады

Оқушыларға электрондық оқулықтан мәтін жазуға арналған бағдарлама көрсетіледі.

ІІІ.Топтық жұмыс «Мәтінмен танысу» (15 минут) 
Топта талқылау- 10 мин 
Постер дайындау – 5 мин

Топтар 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтап алады. Оқушылар оқулықта берілген мәтінді және қосымша ақпаратты оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды.
1-ші топқа Сақтау
2-ші топқа Ашу
3-ші топқа Баспаға жіберу

Топ баяндамашысы жұмыстарын қорғайды.
Екі топ бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы формативті бағалайды.
ІҮ. Жұптық жұмыс
Компьютер мен жұмыс (15мин)
Оқушылар мәтіндік редакторды іске қосып, терезе элементтерімен жұмыс жасауды үйренеді.
Бірін –бірі бағалау, формативті бағаланады.

Ү. Кеңейтілген тапсырма (8 мин)
1.Word мәтіндік редакторының әмірлерін сәйкестендіріңіз.
Ашу Файл Создать
Сақтау Файл Открыть
Жаңа құжат Файл Сохранить

2.Word мәтіндік редакторының әмірлерінің анықтамасын жаз.
Ашу
Сақтау
Жаңа құжат
3.Word мәтіндік редакторындағы терминдерді , анықтамасын жазыңыз?

«Екі жұлдыз , бір ұсыныс» арқылы формативті бағалау жүзеге асырылады. 

ҮІ. Кері байланыс: Рефлексия (2 мин) Оқушыларға таратылып беріледі.
1. Мен үйрендім ......................................
2. Маған қиын болды ...........................
3.Мені таңқалдырды ..................................
4.Маған ұнады ...................................................
5.Мен алдағы уақытта ..................................

ҮІІ. Үйге тапсырма: Word –тағы құжаттарды әзірлеу тәсілдері

Сабақтың аты Word мәтіндік редакторында пішімдеу және редакциялау
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты а) Word мәтіндік редакторына пішімдеуге мағұлмат беру.

б)Word мәтіндік редакторын редакциялауға үйрету

Күтілетін нәтиже 
а) Word мәтіндік редакторына пішімдеу туралы біледі.

б)Word мәтіндік редакторын редакциялауға үйретеді.

Негізгі идеялар Оқушылар мәтіндік редакторымен жұмыс жасаумен танысады. Топтық, жұптық және жекелеген тапсырмаларды орындап, олар информатика пәнінен мәтін теруді қалыптастырады. 
Тапсырмалар Кім жылдам (қайталау сұрақтар)
топтық жұмыс «Ойлан-жұптас- бөліс»
жұптық жұмыс "Компьютермен жұмыс " 
жеке жұмыс "Кеңейтілген тапсырма"
Кері байланыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа бөлу.
ә)Топқа бөлу .Сыныпты 3 топқа бөлінеді.
Топтасу кезінде құралдардың қиынды суреті арқылы топтасады.
1-ші топ Көшіру құралы
2-ші топ Қиып тастау құралы
3-ші топ Қою құралы

2.Кім жылдам (2 мин)
Талқылау сұрақтар:
• Word мәтіндік редакторында құжатты қалай көшіреміз?
• Word құжатында мәтінді қалай қиып аламыз? 
• Word мәтіндік редакторында қалай пішімдейміз?
• Word мәтіндік редакторында жаңа мәтінді терген кезде оң жақ шеті, ортасы ,сол жақ шеті бойынша қалай туралаймыз?

Мадақтау жылы шырай таныту арқылы,формативті бағаланады.

3.Топтық жұмыс «Ойлан- жұптас- бөліс» (15мин)
Әр топқа тапсырмалар берілді. Әр топтағы оқушылар рөлдерге бөлінеді. 
( Бақылаушы, уақыт сақшысы, баяндамашы, көшбасшы,хатшы)
І топқа Алмасу буфері
ІІ топқа Кірістіру құралы
ІІІ топқа Жұмыс аймағы
Топта талқылау- 10 мин 
Постер дайындау – 5 мин
Әр топ («екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бірін –бірі бағаланады)
формативті бағалау.

4. Сергіту сәті ( 2мин)
«Жаңбырдың жаууы»

5.Жұптық жұмыс
Компьютер мен жұмыс (13мин)
Оқушылар мәтіндік редакторды іске қосып, құжатты пішімдеуге, редакциялауға үйренеді.
Бірін –бірі бағалау, формативті бағаланады.

6.Кеңейтілген тапсырма (8 мин)
1.Алмасу буферіндегі терминдерді сәйкестендіріңіз.
Көшіру Правка Вставить
Қырқу Правка Вырезать
Қою Правка Копировать

2.Алмасу буферіндегі терминдердің анықтамасын жаз.
Көшіру
Қырқу
Қою

3.Алмасу буферіндегі терминдерді жазып, анықтамасын жаз.

«Екі жұлдыз , бір ұсыныс» арқылы формативті бағаланады. 

7.Кері байланыс: Рефлексия (2 мин) 
Оқушыларға таратылып беріледі
(Маған ұнады, қиын болды, неліктен қиын болды? , қиындықты қалай еңсердім?)
8.Үйге тапсырма. 

І. Ұйымдастыру кезеңі ( 3 минут)
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа бөлу.
ә)Топқа бөлу .Сыныпты 3 топқа бөлінеді.
Топтасу кезінде құралдардың қиынды суреті арқылы топтасады.
1-ші топ Кесте
2-ші топ Қиып тастау құралы
3-ші топ Қою құралы

ІІ. Талқылау сұрақтары (2 мин)
1.Word мәтіндік редакторында кестені қалай құрамыз?
2.Кестені жасаудың екі жолын айт?
3.Кестені қалай пішімдеуге болады?
4.Кестеге мәтінді қалай енгіземіз?
Мадақтау жылы шырай таныту арқылы,формативті бағаланады

Оқушыларға электрондық оқулықтан мәтінге кесте жазуға арналған бағдарлама көрсетіледі.

ІІІ.Топтық жұмыс «Мәтінмен танысу» (15 минут) 
Топта талқылау- 10 мин 
Постер дайындау – 5 мин
Топтар 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтап алады. Оқушылар оқулықта берілген мәтінді және қосымша ақпаратты оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды.
1-ші топқа Кесте құру
2-ші топқа Суретті кірістіру
3-ші топқа Фигураларды кірістіру

Топ баяндамашысы жұмыстарын қорғайды.
Екі топ бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы формативті бағаланады.
ІҮ.Сергіту сәті «Мен жаңылыспаймын» (2 минут)
Ү.Жеке жұмыс тест (15 минут)
1. WORD мәтіндік редакторы қалай іске қосылады? 
а) пуск – программы – Microsoft Word 
б) пуск – программы - стандартные – Microsoft Word 
в) пуск – документы – Microsoft Word 
2. WORD мәтіндік редакторы қандай мәселелерді шешуге арналған? 
а) мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға 
б) құжаттарды көбейтуге арналған 
в) экономикалық есептеулерді шешуге арналған 
3. Құжатты басқа атпен сақтау үшін қандай команда орындау керек? 
а) сақтау 
б) ...деп сақтау 
в) Enter 
4. Сол жақтан бір символды өшіру үшін 
а) Delete 
б) Backspace 
в) Shift 
5. Оң жақтан бір символды өшіру үшін 
а) Delete 
б) Backspace 
в) Shift 41 
6. Фрагментті қалай ерекшелеп белгілейміз? (қате жауапты көрсет) 
а) тышқан батырмасын екі рет шерту арқылы 
б) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып қозғалту арқылы 
в) Shift+ → 
7. Белгіленген фрагментті өшіру үшін қандай перне қолданылады? 
а) Shift 
б) Delete 42 
в) Ctrl 
8. Орындалған әрекетті болдырмау командасы: 
а) правка-вырезать 
б) правка-отменить 
в) правка-копировать 
9. Қаріпті қандай командалар арқылы өзгертуге болады? 
а) сервис-қаріп 
б) формат-қаріп 
в) түзету-қаріп 
10. Кесте ұяшықтарында курсорды қалай жылжытуға болады? 
а) Shift 
б) Delete 
в) бағыттауыш пернелер арқылы 
11. WORD программасында бар суреттерді қою үшін: 
а) формат-картинкалар 
б) қою-сурет-картинкалар 
в) тізім-сурет-картинкалар 
12. Файлды дискетке көшіру үшін файлды белгілеп алып... 
а) файл-жіберу-диск 3,5А 
б) Delete пернесін басу 
в) тышқанды екі рет шерту 
13. WORD мәтіндік редакторын жабу үшін: 
а) файл-закрыть 
б) файл-печать 
в) файл-выход 
14.WORD редакторында саймандар панелiнiң Стандартты тобы көрiнбей тұрса, оны қай команда арқылы бейнелеймiз? 
а) Вид→Панели инструментов→Стандартная командаларын таңдау арқылы 
б) Правка→Стандартная группа командаларын таңдау арқылы 
в)Сервис→Параметры командасын орындап, оның Вид астарлы бетіндегі Окно тобының Стандартная атты жалаушасын көтеріп қою арқылы 
15.WORD редакторында Жұмыс аумағы (рабочая область) дегенiмiз… 
а) Экранның саймандар панелi орналасқан облысы 
б) Экранның меню командалары орналасқан облысы 
в) Экранның терiлген жiне терiлiп жатқан текст орналасатын облысы 43 
16.WORD редакторында жаңадан текст терiлетiн терезе ашу үшiн: 
а) Файл→Создать командасын таңдау қажет 
б) Правка→Новый текст командасын таңдау қажет 
в) Вставка→Создать командасын таңдау қажет 
17.Егер текст бөлiгi ерекшеленiп тұрған мезетте теру жұмысы орындалса, қандай өзгерiс болады? 
а) Ерекшеленiп тұрған аймақ автоматты түрде форматталады 
б) Ерекшеленiп тұрған аймақ оңға қарай жылжиды 
в) Ерекшеленген аймақ өшiрiлiп, оның орнына жаңа терiлген текст жазылады.
18.Текстті қалай туралауға (выравнивание ) болады? 
а) сол жақ, оң жақ, орта және екi жақ шетi бойынша 
б) текстке енгiзiлген суретке немесе объектiге қатысты 
в) горизонталь, вертикаль, диагональ бойынша 
19. Мәтіндік құжатты баспаға шығару қалай орындалады?
а) формат- баспаға шығару 
б) файл-баспаға шығару 
в) стандартты саймандар тақтасындағы принтер суретін басу 
20.Текст iшiнде Shift пернесi басулы тұрғанда тышқан көрсеткiшiн жылжыту кезiнде қандай өзгерiс болады? 
а) көрсеткiш жүрiп өткен аймақ ерекшеленедi 
б) көрсеткiш жүрiп өткен аймақ өшiрiледi 
в)көрсеткiш жүрiп өткен аймақ автоматты түрде форматталады 

ҮІ. Кері байланыс: Рефлексия (2 мин)
ҮІІ. Үйге тапсырма:


Автор: rozita | 28-04-2015, 16:59
Қарау саны: 3158
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :