Білім берудің дәстүрлі әдісінен сындарлы оқытуға қадам басу » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Білім берудің дәстүрлі әдісінен сындарлы оқытуға қадам басу


Білім берудің дәстүрлі әдісінен сындарлы оқытуға қадам басу

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Пржевальский көшесі 16 "А"
"№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей" КММ
информатика пәні мұғалімі
Жакенова Жансая Абдешовна

Білім берудің дәстүрлі әдісінен сындарлы оқытуға қадам басу

Бүкіләлемдік тәжірибе көрсеткендей, адам құндылықтары қарыштай түсуде. Қай сала болмасын үздіксіз дамуда. Қазақстандық мұғалімдер отандық білім беру үдерісін қайта қарауға бет алды. Сол бет алушылардың бірі – Өскемендегі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру институтында сындарлы оқу тәсілінің теориялық негіздерін оқып, үйреніп, өз тәжірибесінде қолдануға ниет еткен ұстаздар қауымы өз жұмысын бастап та кетті. Дайын білім беруге негізделген дәстүрлі оқыту мен оқуды сындарлы оқытумен алмастыратын кез келіп жеткелі қашан?
Дәстүрлі сабақтарымыздың орнын алмастыратын оқыту негізі сындарлы оқытудың мақсатында жатқанын түсінуге талпындық.
Алдымен мұғалімнің жаңа форматты ұстаз деңгейіне көтерілуі, мектептегі және сыныптағы атмосфераны жағымды жағынан қалыптастыра білуіне жол ашуы сындарлы оқытудың артықшылығымен сәйкес келеді.
Құндылықтарымыз бен ұстанымымыз және тиісті стратегиялық іс-әрекет туралы идеяларымызды талқылай келе, әр ұстаз өзі үшін не маңызды, нені өзгерткісі келетінін, өзгерісті қалай енгізе алатыны туралы ойларын дамытуда өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңестер алғандығын сеніммен айта аламын.
Оқушылардың оқуына әсер ететін факторларды білу маңыздылығы арқылы «Болашақта оқу қандай болмақ?» деген сұрақ төңірегінде жаңа негіздер, ақпараттық білімділік, жеке оқыту, білім ала білу сынды тұжырымдамалар төңірегіне идеяларымыздытоптастырдық.
«Екінші бетпе-бет» кезеңінде 4 апта бірге оқыған әріптестерімізбен және тренерімізбен қуанысып кездестік. Алғашқы күндері мектептегі тәжірибе кезеңінде орындау үшін берілген тапсырмаларды қалай орындағанымыз туралы, қандай қиындықтар кездесті, оларды қалай жеңе білу туралы ойымызды жинақтап, есеп жазуға кірістік. Мектептегі тәжірибеде бізге оңай болған әдістерді, кездескен қиындықтарды, іс-тәжірибеме енгізген өзгерістерімді, жетістіктерім мен кемшіліктерімді талдап, қорытындылап жазуға кірістім.
Әріптестерімнің сабақтарында қолданған әдіс-тәсілдерін тәжірибе барысында өзіме қажетті ақпараттарды жазып алдым. Әріптестерім құнды пікірлерін, тиімді әдістерін ұсынды. Келешекте қажеттісін алдым. Топ алдына шығып тәжірибе алмасу, өзіміз көрмеген кемшіліктерімізді, әріптестер көріп ұсыныстарын айтуы үлкен көмек екенін ұқтым.
Өз тәжірибелерінде топтық жұмысты қалай ұйымдастырғандары туралы көпшілікпен ой бөлісіп, толығырақ ақпарат алу мақсатында «Жәрмеңке» ұйымдастырылды.
Алғашқы «Жәрмеңкеміз» орта мерзімді жоспарлауға арналған таныстырылымдар туралы болды. Бес топқа бөлініп, сабақтарымызда жеті модульді ықпалдастыру жолдарын қандай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырғандығымыз жайлы сөз қозғап, тыңдаушылармен ой бөлістік. Кедергілер, оларды жою жолдарын анықтаған әріптестерімнің ойлары бір жерден шығып жатты. Топтық таныстырылымдарды талдау барысында күтілетін нәтижелерді кедергілер мен оларды жою жолдарымен байланыстыру керектігі жөнінде құнды ұсыныстарымызбен бөлістік. «Жәрмеңке» соңында кімдердің тәжірибесі құнды, өзімізге не алатындығымыз жайлы ой-пікірлерімізді білдірдік.
Маған орта мерзімді жоспарлау кезіндегі есеп бойынша біршама әріптестерімнің жазбалары ұнады. Соның ішінде ерекше көзге түсіп, жүйелі жазылған есеп Ж атты әріптесімдікі болды. Орта мерзімді жоспарлауды «жәрмеңкеге» салған өте тиімді екен. Өйткені, әріптестерімнің жоспарларына қарай отырып, өзімнің жоспарымда кеткен кемшіліктерді түзеттім, әрі әр бағанға не жазылу керек екендігін нақтылап түсінгендеймін. Бес топтағы жәрмеңкені қарап, салыстырып, "Екі жұлдыз бір тілек" әдісі арқылы жәрмеңкеге қатысқан әріптестерімізге ұсыныс-тілектерімізді арнадық. Белсенділік танытып, ерекше қорғау көрсеткен топ мүшелеріне тренер тарапынан да мадақтау мен ынталандыру болды.
Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып, табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және ойммен қабылдауын көздейді [1,49].
"Бетпе-беттің" келесі күндері «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалауға» қатысты топтардың постерлер жасап, қорғауына ұласты.



Постерлерді жасауда диалогтік тәсілдерді тізбектелген сабақтарында қалай жүргізгендерін ортаға салған әріптестермынадай дәлелдемелер келтірді. Бірінші топтан Т шығып өздерінің "Аққала" бейнесіндегі постерінде сыни тұрғыдан ойлаудың 4 өлшемін «аққаланың» төрт түймесінде белгілеген. Ж және Ш өз топтарының атынан шығып, постер қорғап сабақтарында түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттаусияқты сұрақ түрлерін пайдаланудың тиімділігі туралы, сабақта қалай пайдаланғандары туралы тәжірибелерін ортаға салды. Н топ атынан постерін "Жаңбыр жауса - жер ырысы" деген мағынаға сүйеніп, жаңбыр тамшыларының өсімдікке пайдасы арқылы, сыни тұрғыдан ойлауды бағалауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда білім беруде жоғары нәтижеге жететіндікті дәлелдеді. Бұл әріптестерімнің пікірімен мен де толықтай келісемін. Себебі, сабақ барысында түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сұрақтарын мен де сабақтарымда пайдаландым. Топтық жұмысқа барлық топ мүшелері белсене қатысқандарын байқадық. Себебі топтық жұмысты қорғау барысында әріптестерім өздерінің теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, тақырыптың негізгі ойын аша білді.
Екінші "Бетпе-беттің" үшінші аптасының екінші күні орта мерзімді жоспардың таныстырылымын талдадық. Талдау барысында әріптестер таныстырылымдарын интерактивті тақтадан көрсетіп, тыңдаушылардың назарына ұсынды. Әріптестер бір-бірінің жақсы жақтарын айтып, кемшіліктерін түзету үшін ұсыныстар білдірді. Ж таныстырылымында суреттер мен сөздер көп болды, жоспарлауда өткен сабақтарына талдау жасап кетті. Тыңдаушылар кемшіліктеріне ұсыныстар айтып, қателіктерін түзетуді ескертті. Т әріптесім өз жоспарын көрсетті. Жоспарындағы "Кемшіліктер мен нәтижеден шығу жолдары" бөлімін дұрыс жазбаған, біз әріптесімізге өз ойымызды айттық, сол сәтте түзетті. Ж таныстырылымы жүйелі, айтар ойы мол, құнды болып шықты. С, Ж және А өздерінің таныстырылымдарын тексертіп, әріптестерінің ұсыныстары арқылы толықтырулар енгізетінін айтты.
Әріптестерімнің пікір-ұсыныстарын тыңдай отырып, болашақта сабақ өткізу кезеңінде және іс-тәжірибемде шәкірттерімнің сыни тұрғыдан ойлап, ойлана білуі үшін ең бастысы - ұстаз өзі де сыни ойлана білуі шарт деген тұжырымға келдім. Сыни тұрғыдан ойлану үшін осы мақсатқа сәйкес әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды дұрыс таңдап, ұйымдастыру өзімнің құзырымда екендігін ұқтым.
Есебімді қорытындыдай келе, топтық жұмысты ұйымдастыру мұғалімнің көшбасшылық әрекетіне тікелей қатысты екеніне көз жеткіздім. Дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыстардың оқушыларға өз бетінше, достарының қолдауымен, көмегімен білім алуына мүмкіндік тудырады. Білім алу ұжымдық сипатқа ие болады. Алдағы уақытта топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін оқушыларға қолдау көрсетіп, топтық жұмыстарды жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейтіндей етіп ұйымдастыруға көңіл бөлу керек. Топтық жұмыстың маңыздылығын әр оқушы түсіне білуге ықпал ете білуіміз қажет.
Екінші «Бетпе-бет» кезеңінде көкірегімде туындаған көптеген сұрақтарыма жауаптарды оқушылармен, әріптестермен жұмыс барысында таба білдім. Мен бұл курсты аяқтаған соң, үшінші деңгей Бағдарламасының мақсат-міндеттеріне сай жұмысымды жүргізуге кірісемін. Ол үшін бұрынғы әдіс-тәсілдеріме сын көзбен қарай отырып, нәтижеге, табысқа жетелейтін сындарлы оқытуды тәжірибеме толық енгізіп, оқушыларымның пәнді терең түсіну қабілетін дамыта отырып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуіне жол ашуым қажет деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 жыл
Автор: Жансая | 30-04-2015, 23:24
Қарау саны: 715
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :