Қазіргі замандағы Интернет - технологиялар » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Қазіргі замандағы Интернет - технологиялар


Қазіргі замандағы Интернет - технологиялар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылы

Тақырыбы: Қазіргі замандағы Интернет - технологиялар

Бағыты: Информатика

Мектебі: № 41 М.Шоқай атындағы орта мектеп

Сыныбы: 9

Орындаған: Ильясова Арайлым

Жетекшісі:

№ 41 М.Шоқай атындағы орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі Төлегенова Бегайна Карібекқызы

Ғылыми жетекшісі:

Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің доценті,

экономика ғылымының кандидаты: Әбдімомынова А.Ш.

2014 - 2015 оқу жылы

№41 М.Шоқай атындағы орта мектептің 9- сынып

оқушысы Ильясова Арайлымның Республикалық

ғылыми жобалар конкурсына ұсынылған

«Қазіргі замандағы Интернет - технологиялар»

зерттеу жұмысына

Пікір

 

Республикалық ғылыми жобалар конкурсына ұсынылған «Қазіргі замандағы Интернет - технологиялар» тақырыбындағы еңбегі ғылыми тұрғыдан қызығушылық туғызады. Арайлым интернет және БАҚ – тар арқылы әлемді танудың, әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам даму көзі болғандығы, ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу жайлы зерттеуінде көптеген жақсы материалдар мен әдебиеттерді пайдаланған.

Сондықтан «Қазіргі замандағы Интернет - технологиялар» тақырыбындағы жазылған ғылыми жұмысын жоғары бағалап, Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ кезеңіне қорғауға ұсынамын. Мен Арайлымның болашақта көптеген шығармашылық жетістіктер мен табысқа жететініне сенімдімін.

 

 

 

Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік университетнің доценті

экономика ғылымының кандидаты: Әбдімомынова А.Ш.

 

 

 

 

 

 

Аңдатпа

Бұл жұмыста ақпараттық қоғамның негізгі талабына сай оқушылардың ақпараттық білім негіздерін алып, оны қажеттілікте қолданудың тиімді құрал екендігі жайлы айтылған. Ақпараттық бірліктердің оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту көзі болатындығын туралы жазылған.

Мұнда білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылудың, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды пайдаланудың артықшылығы жөнінде берілген.

Заманауи ақпараттық технологиялардың маңыздылығын тану, оның қолжетімділігін жүзеге асыру – интеллектуалды дамудың бір жолы болатындығы баяндалған.

Мазмұны

 

І. Кіріспе.........................................................................3 - 4 - бет

ІІ. Негізгі бөлім

2 Қазіргі замандағы Интернет – технологиялар.........5 - 8 - бет

2.1 Web-дизайн ...............................................................9 - бет

2.2 Web-дизайн деген ұғым анықтамасы......................10 - бет

2.3 Web-сайт құрылымы............................................ ....11 – 13 бет

2.4 Web-дизайнның негізгі ережелері...........................14 – 15 - бет

2.5 Web-бет элементтері...................................................16 - бет

2.6 Web-дизайн технологиялары

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.

1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №3645 жарлығымен орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама негізінде елімізде кешенді және нақты жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып, енді ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында жұмыстар жүргізілуде.

Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандар даярлау - мұғалімнің басты міндеті. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. [1]

Білім беру реформасы–Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.

Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Кәсіби мамандарды дайындауда жүргізілетін барлық пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. [2]

Ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. [3]

Қазіргі кездетіркелген бұқаралық ақпарат құралдары өте көп. Олардың ұстанымдары да әрқилы өрбіп келеді. Адамды қасақана теріс жағымсыз жолға көзқарасқа ұстанымға жетелейтін ақпарат құралдары да аз емес. Жоба жұмысы осы бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезде үлкен беледге ие болған интернет құралына арналған. Зерттеу жұмысының тақырыбы «Веб-дизайн» болғандықтан, бұл жұмыста веб сайттардың дизайндық құрылымдары мен технологиялары, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері қарастырылған.

Жұмыс мақсаты. Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау, Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру мұмкіндіктерін анықтау, қазіргі интернет беттеріндегі веб сайттар, порталдар және тағы басқа интернетресурстардың дизайндық ерекшеліктерін қарастыру

Web-сайт құрылымы бөлімінде Web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенменде сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге <IMG> тегі src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискасының My img папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады:

Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.

Заманауи ақпараттық инфрақұрылымды құру принциптеріне сәйкес, Қызылорда облысының мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылдары, халықпен және бизнеспен қарым-қатынасы Қызылорда облысы ақпараттық web-сайты www.е-kyzylorda.gov.kzарқылы ұйымдастырылып, қолданыстағы қол жетімділік құқығын үлестіру және құқықтық жиегі аясында «электронды үкімет» ақпараттық қорларына «бір жерден мүмкіндігі» ұсынылған.

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Жоғарыда аталғандар зерттеу жұмысының міндеттері болып табылады.

Ақпараттық технологиялар маңызының мысалы ретінде ІТ-дің Франция индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын елдер­дің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар болсақ, Францияның ақпараттық "индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен автомобиль жасау сала­ларын қоса алғандағының алдын орайды. [5]

Егер Интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. Интернеттің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде "Google” және "Yahoo” іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Бүгінде ақпаратты Интернет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол. Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қара­ғанда анағұрлым мақсатты және бағдарлы сипатқа ие.Осындай әсерлі мысалдарды назарға ала отырып, еліміз ақпараттық технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі күні әлемдік рынокта шын мәнінде бәсекеге қабілетті интернет-технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда республикалық ауқымдағы бірнеше провайдер – "Қазақтелеком”, "Nursat”, "ASTEL”, "KazTransCom”, "Транстелеком”, "Арна” ("Ducat”) және "Golden Telecom” қызмет көрсетсе, өңірлерде жергілікті провайдерлер белсенді жұмыс істеуде. Домендер мен сайттардың саны да көңіл қуантарлықтай: қолымызда қазіргі бар деректің өзіне қарағанда, 2005 жылдың қазаны мен 2006 жылдың мамыры аралығында ғана олар 9 мыңнан 12 мыңға дейін көбейген. Елімізде Интернет желісін тұрақты пайдаланушылар қатары қарқынды өсіп келе жатқандығын төмендегі дерек айғақтай түседі: 1997 жыл – 41,1 мың, 1998 жыл – 71,4 мың, 1999 жыл – 93 мың, 2000 жыл – 117,5 мың, 2000 жыл – 200 мың, 2001 жыл – 500 мың және… 2005 жылы 1 миллионнан астам адам. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Интернетті пайдаланушылардың осындай ауқымды аудиториясының ішінде Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы қызықтыратын азаматтар саны айтарлықтай екені күмән туғызбайды. [9]

2. Қазіргі заманғы Интернет - технологиялар

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Интернеттің білім беру, ғылым т.б. жүйелеріндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Егер бұрындары мемлекеттік биліктен жауап алу үдерісіне біршама уақыт кететін болса (шенеунікпен жеке әңгімелесу, жазбаша сұрау салу, немесе БАҚ-тарда ашық хат жариялату үшін), бүгінде интернетті пайдаланудың нақты мүмкіндігі туып отыр. Оның үстіне, тіпті дәстүрлі электронды (радио, телевизия) және мерзімді БАҚ-тардың өзі кейбір керекті дүниелерін интернеттің жаһандық желісінен іздеуге мәжбүр. Осымен байланысты қазіргі қазақстандық үшін интернеттің бірте-бірте ақпарат алудың негізгі көзіне айнала бастағаны туралы айтқан орынды. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қатысуымен өтетін алғашқы интернет-конференция мемлекеттің интернеттің тұтастай алғанда елімізде дамуына ерекше назарының ғана емес, сондай-ақ әр қазақстандықтың жеке сұранысын қанағаттандыруға деген ұмтылысының да нақты көрінісі болып табылады. Президенттің қатысуымен болатын интернет-конференция сұрақтарының статистикасы қазірдің өзінде қазақстандықтарды түрлі бағыттағы сауалдар қызық­тыратынын көрсетіп беріп отыр. Олардың көпшілігінің нақты бір адамға ғана емес, ел тұрғындарының басым бөлігіне қатысы бар. Қойылған сұрақтар саны жағынан көшбасшы білім және ғылым саласы болып табылады. Екінші орында тұрғын үй саясаты саласы тұр. Үшінші орын бәсекеге қабілетті экономика мен өнеркәсіптің үлесінде. [2]

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін интернет-конференцияның бір саласы интернет болып табылатын ақпараттық технологиялар жетістігіне қазақстан­дықтардың бұрынғыдан да көп бөлігін үндестіретіні еш күмән туғызбайды. Бұл өз кезегінде біздің қоғамымыздың қазіргі заманғы ырғақты дамып келе жатқан ақпарат әлеміне интеграциялануына қосымша серпін беретіні тағы анық. Өйткені, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан – ол жаһандағы жаңа ақпараттық мүмкіндіктерді табысты қолданатын ел. Және ол әлемдік кеңістікке өзінің ақпараттық жүгімен ену үстіндегі ел.

Қазақстан халқы әзірше соншалықты көп емес, 17 миллион шамасында ғана. Ал бұл интернетті барынша дамыған елдерде пайдаланатындай деңгейге ұмтылуға итермелейтін тағы бір ұтымды себеп болып табылмақ. Мысал үшін айтсақ, Скандинавия елдерінде тұрғындардың 90%-ға жуығы Интернетті пайдаланады. Мұндай мақсатқа жетуге алғышарттар Қазақ елінде де жоқ емес. Елбасының ақпарат алмасу үшін интернет секілді заманауи тәсілді кеңінен пайдаланатын уақыттың келгеніне өзі бас болып үлгі көрсетуі өзгелерді де осынау прогрессивті жолды таңдауға қадам бастыратыны анық.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – интернетте жариялау.

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.

Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде web-сайты бір адам - web-шебер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Оларweb-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. [1]


Организационная диаграмма

 

Бұның негізгі белгісі интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, коммерциялық мүмкіндіктері.

Радиальная диаграмма


 

Пирамидальная диаграмма

 

Циклическая диаграмма

Организационная диаграмма

Бағдарламау. Бұл кезеңнің мәні сайтты форматтауда.

 

Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

1) сілтеменің жұмысы;

2) мәтіндегі қателер;

3) навигацияның тиімділігі.

4) пошта және басқа формалардың дұрыстығы;

5) графикалық файлдардың ашылуы;

6) әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

 

Жариялау. Тест аяқталғандан кейін web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.

 

Жарнамалау. web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

1) web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;

2) web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;

3) web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;

4) баннерлерді жарнама ретінде қолдану.

 

Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған соң, оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек. [2]

2.1 Web-дизайн

Күніне мыңдаған пайдаланушалары бар жаһандық ақпараттық порталдан бастап, айына бірнеше ғана тұтынушылары бар қарапайым үй беті (домашняя страница), дүниежүзілік торда жарияланған кез-келген ресурс – бұл негізінен инженерлік-дизайнерлік құрылым болып табылатын шығармашылық туынды. Осындай туындыны қалыптасыру үрдісі web-дизайн деген атқа ие. Web-дизайн — бұл асқан шеберлікпен орындалған шығарма. Web-дизайн шығармашылық туындысы арқылы әр адам өзінің барлық шығармашылық қабілеттерін баршаға көрсете алады, өйткені мұнда сіздің еңбегіңіздің нәтижесі сіз және сіздің интернет бетіңіздің күнделікті пайдаланушылары болып табылады.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Интернеттегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб – сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL - мекен-жайымен біріктірілген, өзара ерен сілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен-жайы – URL (ағылшынша Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекен-жай бойынша тауып алуға болады.

Веб-бет – кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Веб-бет ретінде қарастырылады. Веб-те бір тақырыпқа арналған Веб-беттерді ретімен не оларды байланыстырып көрсетуі де мүмкін. Соңғысын веб-түйін деп атайды.

Веб-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Веб-бетте жазылған сөз немесе сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеу де мүмкін. Экранда көрінген Веб-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Веб-бетті экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту жеткілікті.

Веб – сайтқа арналған URL – дің көрінісі мынадай болады: http://www.атауы.үйшік. Веб – сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін қолданылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сайтының мекен – жайы – Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки. ҚР Үкіметі сайтының мекен – жайы – http://www.government.kz). Үйшік Интернет желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua – Украина, .uk – Ұлыбритания .edu – білім беру қор көздеріне арналған т.с.с.) білдіреді. /7.100/

Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өйткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.

Интернеттегі сайттарды дайындау барысында мазмұндық, көлемдік, көркемдеу жағынан шектелмейді. Дүниежүзілік торда web-ресурсты дайындаудың және жариялаудың себептері сан алуан болуы мүмкін. Егер бұл қарапайым ақпараттық парақша болса, web-шебер үшін бұл жердегі негізгі фактор әлемдік торда басқа адамдарға қажетті ақпаратты жариялау болып табылады. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер ; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттіктер.


2.2 Web-дизайн ұғымының анықтамасы

Интернет-жобалар өздерінің қызметтері мен қасиеттеріне байланысты сайттар, визиткалар, промакциялар, электрондық дүкендер, ақпараттық сайттар, корпоротивті өкілдер, портал, өндірісті басқару жүйесі болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Визитка – компания және оның көрсететін қызметі жайлы ақпарат беретін қысқа, тиімді, локальды сайт. Промоушн-сайт – жеке алынған тауарға жасалатын жарнамалық сайт. Электронды дүкен – интернет арқылы тауар сатуға, қызмет көрсетуге арналған сайт. Ақпараттық сайт – кейбір пәндер аумағын қамтиды. Сәйкесінше, мұнда түрлі авторлардың көптеген мақалалары бар, бұдан басқа сауалнама жүргізу, дауыс беру сияқты қызметтер көрсетіледі. Корпоротивті өкілеттік – компания қызметін автоматизациялау. Оның құрамында электронды дүкен, тапсырыс жүйесі, корпоративті сервис, құжаттар мен электронды алмасу, онлайн режимінде сөйлесі, т.б кіреді. Портал – интернет бірлестіктердің құрылуына арналған ірі веб-ресурс. Портал көптеген түрлі сервистерді біріктіруі мүмкін, клиенттерге тауар, сатып алу мүмкіндігін беретін, ал іскерлестеріне – ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды басқару жүйесі – кәсіпорынды корпоративтік ақпараттық басқару жүйе сайты. Жоғарыда көрсетілнен визиткадан басқару жүйесіне дейінгілер веб-басылымдарға барлық жағдайларға қатысты екендігі түсінікті. Ал перезнтациялық, маркетингтік, басқарушылықтан басқа веб-басылым ақпаратты – коммуникативтік функцияны орындауы тиіс. Сондықтан да басылымның түпнұсқасы визитка немесе промоушн-сайт секілді қаралуы түсінікті, бірақ БАҚ сияқты емес. Себебі тек презентация немесе басылым жарнамасы қызметін атқарады, ал өзі басылым болып саналмайды. Интернет БАҚ-тарда тек қана веб-журналистер жұмыс істемейтіні белгілі, интернет қызметкерлері ретінде веб-дизайнерлерді де алған жөн. Қандай да жарнама құралы болмасын, олардың ішіндегі көп пайдаланушылар мен тапсырыс берушілердің көп санын өзіне тартатыны web-сайт болып табылады. Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер ; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттік . Коммерциялық жобаны жасау, әрине, уақыт пен ерең еңбекті талап етеді. Web-шеберге жаңа жоба асау барысында жұмыс орыны мен жеке компьютерімен қатар оған белгілі бір бағдарламалық қамсыздандыру қажет. Интернет-жоба жасау үшін қажетті бағдарламалыр тізбегі төменде көрсетілген. Яғни толыққанда Web-дизайнер жұмысына Windows 9X басқармасымен орындалатын келесідегілер қажет:

1) құжат өңдеу құралы, HTML —WYSIWYG редактор деп аталады, 98, 2000 жылғы Microsoft FrontPage бағдарламасы, немесе FrontPage Express;

2) векторлы графика редакторы CorelDraw бағдарламасы;

3) суретті графика редакторы - Adobe Photoshop;

4) Microsoft Internet Explorer браузеры;

5) Netscape Navigator браузеры, 4.01 версиялы;

6) кириллицаны қайта кодтау бағдарламалары - ConvHTML және SNKDECode;

7) HTML оптимизаторы - 1.5 немесе одан жоғары версиялы UtilMind HTML Compressor бағдарламасы;

8) GIF суреттері - Gif-Clean 32 бағдарламасы;

9) JPEG суреттері оптимизаторы - JPEGCleaner 2.1 немесе одан жоғары версиялы бағдарламасы;

10) GIF анимациялар редакторы - Ulead GifAnimator бағдарламасы;

11) графика фрагментаторы – PictureDiser бағдарламасы;

12) FTP-клиент - CuteFTP бағдарламасы.

Осы бағдарламалардың көбін еркін түрде интернет беттерінен freeware және shareware версиыларымен тауып алуға болады.

2.3 Web-сайт құрылымы

Бұл бөлімде web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенмен де сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге <IMG> тегі src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose.jpg суретi С дискісінің My img папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады: <IMG src=c:/my img/rose.jpg> width және heigth атрибуттармен суреттің көлемін өзгертуге болады, биіктігі және ені. alt атрибутымен суретке қосымша мәтін түрде қосымша мәлімет шығаруға болады. <IMG src=c:/my img/rose.jpg width=50% height=30% alt=менің суретім>

 

Web графика туралы айтқанда төмендегі атрибуттарды ұмытпау керек: background – бұл атрибут сайтқа суретті фон ретінде орналыстырады, bgcolor – фонға түс береді.

Сілтеме. HTML-дің негізгі қасиеті ретінде оның басқа құжаттарға сілтеме жасау мімкіндігі айтуға болады. HTML құжатынан алысқа орналасқан компьютерге, құжаттың ішіндегі белгілі бір орынға, HTML құжатына, басқа бір сайтқа сілтеме орнатуға болады. Сілтемені ұйымдастыру үшін <A href> тегі қолданылады.

 

Мысалы, <A href=penjim.narod.ru> Пенжим сайтына сілтеме </a>. Бұл мысалда біз www.penjim.narod.ru сайтына сілтеме жасадық. Сілтеме мәтін түрде және сурет (кнопка) түрде болуы мүмкін. Сурет түрде орнату үшін <A> </a> тегтерінің ортасына суретті <IMG> тегімен орнату керек.

 

HTML-де кесте жасау. Web-құжатының негiзгi бөлiктерiнiң бiрi - кесте. Ол тiктөртбұрыш бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрiнде қарастырылады. Жол мен бағанның қиылысы ұяшық деп аталады. Бiр ұяшықта мәтiн, сурет немесе басқа бiр шағын кесте орналаса алады.

 

Кесте келесi бөлiктерден тұрады:

1) кесте тақырыбы;

2) бағаналар тақырыптары;

3) ұяшықтар.

Кесте жолдар тiзбегi бойынша бiртiндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол соңына дейiн, сонан соң келесi жолға көшу). Әрбiр ұяшыққа мәлiметтер енгiзiледi. Бұл ұяшықты жасау үшiн бос орын таңбалары енгiзiлуi тиiс.

Программалық жабдықтау. HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кез-келген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.

Практикады әдетте web-сайт жасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі.

 

Бірінші үлкен топтың web-сайт жасау программалары HTML-тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілділетін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа осындай программалар кіреді: HTML генератор 1.3, Magic HTML Studio 2.0, Macromedia Dreamweaver.

 

Екінші үлкен топқа WYSIWYG (ағылшын тілінен "what you see is what you get” - не көрсең соны аласың) редакторлері кіреді. Бұл программаларды тағыда визуалды редакторлар деп айтады.

Осындай программалар графикалық интерфеске ие. Бұл прораммалардың бастапқы мақсаты дизайнерді HTML тегтерінен босату болған. Казірге замандағы визуалді HTML-редакторлар дизайнерді көптеген әрекеттерде басатады. Осындай артықшылықтарына қарамастан кемшілігі бар – олар таза HTML кодын жасамайды, оған артық және «фирменный» тегтерді қосады. Көріп отырсыздар, WYSIWYG редакторларды қолданы HTML тегтерін қолмен жазуды құтқармайды, демек, web-сайттарын жасау үшін HTML тілінің кем дегенде негізін білу керек. Мысалға Оңтүстік Қазақстан облысы web-сайтының www.ontustik.gov.kzқұрылымы мен дизайндық технологиялық сипаттамасын келтірейік.

 

Қызылорда облысының web-сайты www.е-kyzylorda.gov.kzкелесі құрылымдардан және толықтырулардан тұрады.

 

Сайттың негізгі сегменттері:

1) бас бет;

2) жаңалықтар мұрағаты;

3) галерея;

4) мемлекеттік символдар;

5) ауа-райы.

 

Сайттың негізгі бөлімдері:

1) аймақ туралы ақпарат;

2) билік;

3) экономика;

4) құқық;

5) инфрақұрылым;

6) табиғат;

7) қоғам;

8) бизнес.

 

Қызылорда облысы web-сайтының www.е-kyzylorda.gov.kz дизайнына талаптар мен техникалық-сипаттамалар.

Қызылорда облысының ресми web-сайтының www.е-kyzylorda.gov.kzпорталды шешімдерді техникалық жүзеге асыруды таңдау кезінде, құрастырылған көзқарастарды пайдаланып, яғни дайын шешімдер және платформалар негізінде спецификалық модульдер өңделді.

Сайттың платформасын құру үшін XaEngine CMS жүйесі пайдаланылды.

 

XaEngine CMS жүйесі 2004 жылдан бері РНР бағдарламалық тілін пайдаланып, ООП қолданып құрылған код пайдаланылып келеді.

XaEngine көптеген жоғары жүктемелі интернет жобаларда табысты қолданылып келеді, көбінесе жобаға қарай ядроны аз ғана түзеуді талап етеді.

Кодтың икемділік ерекшелігінің қайнар көзі, тоқтаусыз жұмыс істеудің тұрақтылығы, қауіпсіздік және сервердің жүйелік ресурстарына өте төмен талаптары. Деректер қорының тоқтап қалу жағдайында, сайттың шамамен 80% жұмыс жасауын жалғастырады.

Сонымен қатар, пайдаланушылардың сайттың беттеріне көбіне өтінімі серверлік скрипттерді немесе деректер базасына емес HTML кэштеу арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың ресми сайттарының дизайндары күші бар санитарлық және эргономикалық стандарттар талабына сәйкес болуы және пайдаланушылардың оң эмоциялық реакциясының тиімділігін арттыру қажет.

Қызылорда облысының web-сайтыныңwww.е-kyzylorda.gov.kz дизайны бірыңғай стильді, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының порталдары (корпоративті стиль), негізгі сайттардағы ақпаратты ұсыну шешіміне сәйкес және пайдалануға қосатын талаптары:

 

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарының элементтері;

2) мемлекеттік мекемелердің және ведомстволардың логотиптері, белгілері және рәміздері;

3) негізгі бояулар;

4) шрифтік және құрылымдық ресімдеу.

 

Қызылорда облысының Web-сайтыныңwww.е-kyzylorda.gov.kz дизайны Қызылорда облысының мемлекеттік органдарының ақпаратын графикалық ұсыну үшін арналған. [4]

Дизайнды әзірлеу кезінде келесі негізгі эргономикалық талаптар ескерілді. Қауіпсіз бояу палитрасы: дизайн мөлдір, жеңіл, бояу гаммасында әзірленді; басым бояулар: көк, сары түстер, негізгі фон - ақ. Мәтін - arial, tahoma, verdana – қараңғы - сұр, тақырып атауларында қараңғы – көк, сайттағы шрифттердің көлемі 9-12 пиксель. Шрифт, тақырыптың көлемі, ұялардың бояуы стильдік файлдарда дайындалды.

Беттердің элементтері жоғары және белсенді графика пайдаланылды:

 

1) көлденең түсетін мәзір – нақты қосымшаның функционалдық талаптарына сәйкес құрылған. Барлық суреттердің форматы gif немесе jpg (jpeg);

2) сайттың беттерін көруге мониторлардың негізгі рұқсат диапазоны 600х800-ден 1024х768 пикселге дейін таңдап алынды;

3) сайттың беттерін көруге монитордың ең төменгі рұқсаты 600х800 пиксель.

Көрсетілген монитордың рұқсатымен сайттың беттерін браузерді көлденең айналдыру мүмкіндігі болмайды.

 

 

2.4 Web-дизайнның негізгі ережелері

 

Кез-келген технология, шығармашылық үрдіс белгілі ережелер мен заңдылықтарға бағынатыны белгілі. Web-сайт та инженерлі-көркем шешімдер кешені ретінде белгілі бір заңдылықтар шеберінде дамиды. Төменде келтірілген ережелер олардың объективті приоритетіне байланысты, маңызлылығана орай келтірілген. Кез-келген Web-ресурсты қалыптастыру және жоспарлау үрдісі кезінде басты критерийді ескерген жөн. Ол веб-беттерді жасау кезінде болашақ пайдаланушыларға неғұрлым ыңғайлы жағдайлар жасау. Яғни сіздің ресурсыңыздың мазмұнымен танысу үшін пайдаланушылардың талғамы бойынша жұмыс істейсіз. Бұдан web-дизайн бойынша жағдайларды стандартизациялау алгоритмдерінің белгілі бір қажеттіліктері туындайды, демек бұл қажеттіліктер сіздің потенциалды аудиторияңызды қанағаттандыру арқылы оларға сіз қалыптастырған сайт мазмұнымен максималды ыңғайлы мүмкіндіктер тудыру. [5]

Алайда, тәжірибе жүзінде осы тектес әмбебап шешімдерді жүзеге асыру ақпараттық ағынның жылдам дамуы салдарынан қиынға соғуы да мүмкін. Осы ситуациядан шығудың бір тәсілі қолданушылық жүйенің минималды параметрлеріне сай бейімдеу болып табылады. Осындай тәсіл барлық қолданушылардың көзқарасы бойынша демократиялық сипатта: әлсіздеу мониторлары мен видеокартасы бар ескірген компьютерлердің қожайындарында сіздің ресурсыңызбен танысу үрдісі барысында қиындықтар туындамайды, ал дамыған компьютерлердің қожайындары белгілі бір проблемаларға ұшырамайды. Осыдан бірінші ереже бастау алады, бұл ереже әр веб-дизайнердің көкейінде болуы қажет. Қазіргі интернетте кәсіби сайт 640x480 экран рұқсатымен 256 түстік палитрасымен сәйкес келу деген заңдылық бар. Бұдан қарапайым ереже пайда болады. Ескерту: компьютерде html-документ 800x600 нүстелі рұқсатымен 640x480 нүктеге бапталған компьютерде болса, пайда

Автор: dauke | 13-05-2015, 10:13
Қарау саны: 4340
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :